Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»


- дәріс. Бастауыш мектептің сынып кабинеті және



бет64/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

13 - дәріс. Бастауыш мектептің сынып кабинеті және оны жабдықтау
Дәрістің мақсаты: Бастауыш мектептің сынып кабинетінің жұмыстарын ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Әлеуметтік– экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жетінші басымдылықта
«Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» – деп қөрсеткеніндей, болашақ педагогтарға сапалы білім беруде әдістемелік кабинеттердің атқаратын ролі зор.

  1. Бастауыш мектептің сынып кабинетін жабдықтау жөніндегі әдебиеттермен мұқият танысыңыздар.

  2. Бір мектептің бастауыш сыныптарының кабинеттерін барып көріңіз. Үлгілі сынып кабинеттерінің «төлқұжаттарымен» танысыңыз. Сынып кабинеттерін жабдықтау жөнінде бастауыш сынып мұғалімдерімен әңгімелесіп, пікір алысыңыз. Жабдықтардың орналасу жүйесін, схемасын сызып алыңыз. Сынып кабинетіндегі оқу бағдарламасына сәйкес жабдықталған материалдарды жазып алыңыз:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран;

  • Денсаулық бұрышы (Денің сау болсын десең, т.с.с.);

  • Сынып кабинетінің оқу жылында атқарылатын жұмыс жоспары;

  • Сынып бұрышы (Ұлдар мен қыздарға кеңес, т.с.с.);

  • Математика пәні бойынша көрнекіліктер және қима қағаздар салынған топтамалар (регистрлер), т.б.

  1. Көрнекіліктердің тізімін жазып алыңыз. Математикалық кестелер:

  • Алдында, артында, арасында;

  • Сыйымдылық;

  • Көлем;

  • Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті;

  • Көбейтудің терімділік қасиеті;

  • Көбейтудің үлестірімділік қасиеті;

  • Мың көлеміндегі сандар;

  • Көп таңбалы сандар;

  • Ондықтан аттап жазбаша қосу, азайту;

  • Көбейту және бөлу;

  • Жүз көлеміндегі сандар;

  • Параллелепипедтер;

  • Қайсысы артық? Бірдей? т.с.с.

  1. Сынып кабинетінде бар техникалық құралдарды көріп, оларды орнату, пайдалану принциптерімен танысыңыз: компьютерге дискеттерді, дискілерді, флеш-карталарды қосуды, интерактивтік тақтаға слайдтар, флепчарттар жасап, оларды сабақта пайдалануды, техникалық қауіпсіздік ережелерді және т.б. білуіңіз.

  2. Сынып кабинетіндегі оқу-әдістемелік құралдарды көріп, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар жөніндегі материалдармен терең, мұқият танысыңыз.

ТарМПИ, педагогика факультеті, ПжБОӘ кафедрасының №311 дәріс, сынып кабинетін ұйымдастырып жабдықтау мәселесін қарастырудан бұрын, бөлмелердің қабырғаларын қалай атайтынымызды келісіп алайық: бөлменің есік жақ қабырғасын оң жақтағы қабырға, оған қарама-қарсы терезе жақ қабырғасын сол жақтағы қабырға деп атап, тақта ілінетін қабырғасын алдыңғы қабырға, ал оған қарсы қабырғасын артқы қабырға дейтін боламыз.
Дәріс кабинетінің алдыңғы қабырғасы

№411 дәріс кабинетінің алдыңғы қабырғасы (сурет-1). Біз алдымен алдыңғы қабырғаның қалай жабдықталғанын айтайық. Бұл қабырғаның бір ерекшелігі – оған ілінетін кестелер алмастырылмай, үнемі ілулі тұрады, демек, өзге қабырғаларға қарағанда, бұл – қалыптасып бірден жабдықталатын қабырға. Жоғарыда: қабырғаның сол жақ бұрышына таман
«Математиканы оқытуды ұйымдастыру», оқыту процесінің компоненттері мен олардың арасындағы өзара байланыстарды көрсетуге арналған кесте; ортасына әдеміленіп жазылған математика туралы нақыл сөз:
«Арифметика – математика патшасы, математика – ғылымдар патшасы. К.Ф.Гаусс»; оң жақ бұрышына таман цифрлардың жазу үлгілері ілінген. Төменде, солдан оңға қарай: керекті оқу-әдістемелік кітаптар, журналдар, дидактикалық материалдар, «Ізденіс» үйірмесіне тиісті қағаздар т.б. салынған сейф; көрнекіліктер қойылып көрсетілетін тақта (абак); үш жақты сынып тақтасы; магнитті тақта; шот және кестелер, модельдер,
студенттердің өздері жасаған құралдар сақталатын шкаф. Сынып тақтасының астыңғы жағына студенттер керек кезінде пайдаланатын құралдар: үлкен линейка, бұрыштықтар, транспортир орналасқан.

Сурет-4. Мультимедиялық оқу кабинетінің алдыңғы жағы


Практикалық сабаққа тапсырма:

Өз беттеріңізбен:

  • математикалық газет;

  • дәрісқа байланысты альбом;

  • бір дәрістың әдістемелік тұрғыдан талдауын, сол сабақтың жоспарын;

  • көрнекі құралдар: геометриялық фигуралар, слайдтар, флепчарттар;

  • бір сыныпта жүргізілетін математикалық үйірменің бір жұмысының кеңейтілген жоспарын және белгілі бір сынып үшін математикалық кеш материалдарын дайындаңыз.

Соңынан осы дайындаған материалдарды оқытудың техникалық құралдарын, интерактивтік тақтаны, т.б. көрнекіліктерді пайдаланып толық өткізіңіздер.
Осындай инновациялық іс-шаралар кәзіргі студент, болашақ
«мектептің жаны» – А. Байтұрсынов айтқандай, бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға өз үлесін қосады.
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы».
14 - дәріс. «Бастауыш мектеп», «Начальная школа»,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет