«Начальная школа в Казахстане», «Ашық сабақ» т.б.журналдарындағыәдістемелікбасылымдарғашолу Дәрістіңмақсаты: Студенттерді Республикалық ғылыми- әдістемелік және педагогикалық журналдарда жарияланған әдістемелік мақалаларды оқып, талдауға, өздерінің зерттеу жұмыстарында пайдалануға баулу.
Жабдығы: "Бастауыш мектеп", "Начальная школа", "Математика в школе" және "Ашық сабақ", т.б. журналдарының 2007-2010 жылдардағы номерлері.
Нұсқау: Көрсетілген журналдардың әрқайсысын 2007 жылдың 1- нөмірінен бастап қарап, ондағы әдістемелік мақалаларды төмендегі кесте бойынша талдау.
Кесте-1. "Бастауыш мектеп" журналы:
Жылы
№
Мақаланың аты
Авторының аты, жөні
Беттері
Қысқаша мазмұны
2007
№1
1.
2.
3.
4.
Ескерту:Негізінен журналдың «Оқытудың жаңа технологиясы» және "Мұғалімнің іс-тәжірибесінен" деген бөлімдерін қарастырған жөн.
"Ашық сабақ" ай сайынғы педагогикалық журнал да осы үлгі бойынша талданады, т.с.с.
Аудиториядағы жұмыс студенттердің өздік жұмыстарымен жалғастыры-лады.
Студенттердің өз беттерімен істейтін жұмыстары:
Сағымбекова П., Тлеубаева Э., Тортаева А. авторларының "Ашық сабақ" журналының 2007 жылғы: №1, 3-4 б.; №2, 3-6 б.; №3, 10-15 б.;
№4, 3-5 б.; №8, 3-8 б.; №10, 3-6 б.; №11, 3-7 беттерінде жарық көрген мақалаларын;
«Деңгейлеп-саралап, модульдік, ұжымдық, биоинформациялық, сын тұрғысынан ойлау технологиялар жүйесі» бойынша математикадан өткізілетін сабақтардың жоспарларын;
«Модульдік ұжымдық ойлау және ойын технологиялар жүйесі» бойынша математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың жоспарларын, этносубъектіні қалыптастыру жолындағы оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық тәжірибелердің жетістіктерін талдап, хабарлама жасау, өздерінің зерттеу жұмыстарында пайдалану.
15 - дәріс. Педагогикалық практикаға дайындау, талдау жәнеқорыту