Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»



бет26/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Бірінші деңгей. Жаттықтырушы тапсырмаларда олардың қалай орындалатындығы туралы нұсқаулар беріледі немесе оқушыларға әр жұмысты орындау үшін бағыт-бағдар беріледі.

  1. Үлгіні пайдалану арқылы орындалатын тапсырмалар. Мысалы:

  1. Үлгіні пайдаланып көбейтуді орында (3 сынып, 9 бет): 2 · 5 = 2 + 2 + 2 + 2 + 2

3 · 4 = 3 + 3 + 3 + 3
5 · 3 =
6 · 2 =

  1. Санды разрядтық қосылғыштар арқылы жаз: 11 = 10+1

23 = 20 + 3
42 =
51 =

  1. Қосуға берілген мысалдан азайтуға берілген екі мысал құрастыр: 2 + 7 = 9 3 + 5 = 8 4 + 5 = 9

9-2 = 7 ............. .............
9-7 = 2 ............. .............
  1. Ақыл кеңесімен берілген тапсырмалар. Мысалы:


  1. 13·2 нәтижесін есептеп табу үшін 13 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысына келтіріп, сонан кейін көбейтудің үлестірімділік заңын қолданатынымызды түсіндіреміз: Көбейткіш 13- ті разрядтық қосылғыштар түрінде, 10 және 3, жазып әр қосылғышты 2-ге көбейтеміз. 10-ды 2-ге көбейтсек 20 болады. 3-ті 2-ге көбейтсек 6 болады. 20-ға 6-ны қоссақ 26:

13· 2 = (10 + 3) 2 = 10 · 2 + 3 · 2 = 20 + 6 = 26.
Осылай талдау арқылы келесі мысалдарды шығар (3 сынып, 137 бет):
42 · 2 =
12 · 4 =
34 · 3 =

  1. Бөлінгішті ыңғайлы қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып мысалды шығар (3 сынып, 138 бет):

63 : 3 =
62 : 2 =
64 : 4 =

  1. Бірінші қосылғышты дөңгелек 10 санына толықтыру арқылы мысалдарды шығар:

7 + 5 =
8 + 4 =
9 + 7 =

  1. Есепті шығару: Үш көйлекке 12 м мата кетті. 16 м осындай матадан қанша көйлек тігуге болады?

Ұсыныс: Алдымен бір көйлекке қанша метр кететінін біл.


  1. Кейбір бөліктерін орындау арқылы шығарылатын тапсырмалар. Мысалы:

а) Мысалдардың шығарылуын аяқта:
87 – 43 = 52 + 14 =
87 – 40 =  52 + 10 = 
 – 3 =  + 4 =

  1. Қосымша нақтылаулар арқылы берілген тапсырма. Мысалы: 10 асықты әрқайсысына 5 асықтан жететіндей етіп қой. Қанша жерге

асық қойылды? Мына суретке қарап есепті шығар:
○○○○○ ○○○○○

  1. Теориялық анықтамалар арқылы берілген тапсырмалар. Мысалы:

Ережені пайдалану арқылы теңдеуді шығар: "Егер қосындыдан бір қосылғышты азайтсақ, онда екінші қосылғыш қалады" т.с.с. (1 сынып, 118- бет):
а + 4 = 10 6 – а = 32 5 + а = 10 2 – а = 1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет