Бірінші деңгей.Жаттықтырушы тапсырмаларда олардың қалай орындалатындығы туралы нұсқаулар беріледі немесе оқушыларға әр жұмысты орындау үшін бағыт-бағдар беріледі.
Үлгіні пайдалану арқылы орындалатын тапсырмалар. Мысалы:
13·2 нәтижесін есептеп табу үшін 13 санын разрядтық қосылғыштардың қосындысына келтіріп, сонан кейін көбейтудің үлестірімділік заңын қолданатынымызды түсіндіреміз: Көбейткіш 13- ті разрядтық қосылғыштар түрінде, 10 және 3, жазып әр қосылғышты 2-ге көбейтеміз. 10-ды 2-ге көбейтсек 20 болады. 3-ті 2-ге көбейтсек 6 болады. 20-ға 6-ны қоссақ 26:
Қосымша нақтылаулар арқылы берілген тапсырма. Мысалы: 10 асықты әрқайсысына 5 асықтан жететіндей етіп қой. Қанша жерге
асық қойылды? Мына суретке қарап есепті шығар:
○○○○○ ○○○○○
Теориялық анықтамалар арқылы берілген тапсырмалар. Мысалы:
Ережені пайдалану арқылы теңдеуді шығар: "Егер қосындыдан бір қосылғышты азайтсақ, онда екінші қосылғыш қалады" т.с.с. (1 сынып, 118- бет):
а + 4 = 10 6 – а = 32 5 + а = 10 2 – а = 1.