Екінші деңгей. Шамалы ізденуді керек ететін, танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмаларда әдістемелік көмек көрсетілмейді, сондықтан оқушылар өздеріне белгілі кез-келген әдісті таңдап алуларына болады. Мысалы:
Өрнектерді салыстыр:
7 + 5 ......................... 7 + 4
9 – 5 .......................... 9 – 7.
Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар мысалдарды шығарады немесе пайымдау арқылы айтады.
Теңдік орындалу үшін "жасырын санның" орнына қандай сан қою керек?
7 + = 12.
Теңсіздіктер дұрыс шешілетіндей етіп тор көздерге тиісті сандарды қойыңдар:
6 + > + 5
5 + < 6 + .
15 санын алу үшін 6 санын қаншаға арттыру керек?
Үшінші деңгей. Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың өз бетінше ойланып түсініп, керек байланыстарды жасап, шешілу әдісін табатындай айтылуының жаңалығымен анықталады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өз беттерінше білім алуға қызығушылықтарын ояту керек. Ол үшін, белгілі ережелерді пайдаланып амалдарды ретімен орындауға мысалдар шығарып жаттыққаннан кейін, төмендегідей тапсырмалар беріледі:
"Берілген теңдік тура болатындай етіп керекті амал таңбаларын қойындар":
6 6 6 = 30
3 3 3 3 = 30.
Ойлан тап:
+ 3 *9 – 2 .
Оқушылар қосу мен азайтуға әртүрлі жаттығуларды орындап жаттыққаннан кейін келесі тапсырма беріледі: "8, 9, 16, 5, 13 сандарын қолданып қосу және азайтуға мысалдар жазыңдар".
Шығармашылық тапсырмалар байқау, анализ, салыстыру, жіктеу, жалпылау, тапқырлық және сезу сияқты тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Осылардың нәтижесінде оқушылар өздерінің білетін білім дағдыларына талдау, әртүрлі байланыстар жасау арқылы өз беттерінше жаңа тәсілді табады. Мысалы:
Мына қатарлар қандай ереже бойынша жазылған? 9, 6, 3, 0
1, 3, 5, 7, 9
2, 7, 5 цифраларын қолданып, ең үлкен үш таңбалы санды жаз т.с.с.
1. 23 22 2 = 1
33 32 3 = 1
2. 9 9 9 9 9 = 8.
Достарыңызбен бөлісу: |