Практикалық сабақ 2. Тақырыбы: Шамаларды оқыту.
Төмендегідей өлшем бірліктермен таныстыру:
а) ұзындықтың (см, дм, м, км, мм); ә) массаның (кг, г, т, ц);
б) уақыттың (сағ, тәул., жыл, ғ); в) ауданның (см2, га, а);
г) көлемнің (см3, дм3, мм3).
Практикалық сабақ 3.
Тақырыбы: Алгебра элементтерін оқыту:
а) теңдік, теңсіздік, тура теңдік, тура емес теңдік, тура теңсіздік, тура емес теңсіздік ұғымдарымен таныстыру;
ә) санды және әріпті өрнектерді оқи, жаза, салыстыра білу біліктерін қалыптастыру;
б) теңдеу жайында түсінік беру және оны шешу тәсілдері; в) жақша, амал ретімен таныстыру.
Практикалық сабақ 4
Тақырыбы: Геометрия элементтерін оқыту:
а) геометриялық фигуралар туралы түсінік қалыптастыру (кесінді, тік бұрыш, тік төртбұрыш, шаршы);
ә) оқушыларды сызбалық және өлшеуіш аспаптардың көмегімен және оларсыз (көзбен өлшеу, қолдан сызу т.с.с.) өлшеудің және геометриялық фигураларды салудың машықтық біліктерін қалыптастыру;
б) кеңістік денелер және олардың қарапайым қасиеттері жөнінде түсінік қалыптастыру, есептеулер жүргізуге баулу.
Практикалық сабақтарды ұйымдастыру
Практикалық сабаққа дайындалу кезінде студенттер төмендегідей мәселелерді қайталауы керек:
а) Практикалық жұмыстардың тізіміне тіркелген дәрістарды бастауыш сыныптардың оқулықтарынан қайталап оқуы (арифметикалық амалдардың қасиеттері, алгебралық ұғымдар, геометриялық ұғымдар, шамалар және оларды өлшеу және т.б.);
ә) оқытудың әдіс-тәсілдерін (әңгімелеу, баяндау (баяндау тәсілдерін: дәріс сабақтары, баяндаудың монологтық тәсілі, баяндаудың шолу тәсілі, баяндаудың проблемалық тәсілі), сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, бақылау, талдау, салыстыру, жіктеу, жалпылау, оқулықпен жұмыс, көрнекілікпен жұмыс, түсіндірмелі-көрнекілік әдісін, эвристикалық (тапақырлық) әдісін, зерттеу әдісін, монологтық әдісін (әңгімелесу, сауалнама, семинар), сөзді-көрнекілік әдісті қолданып: демонстрация жасау, эксперимент өткізу, заттарды суреттеу мен сипаттауды (суреттер, сызбалар, кестелер, карталар және т.б.), диа-, бейне-, кинофильмдерді көрсету, аудиожазбаларды тыңдау және т.б.). Ол үшін оқулықтарды, әдістемелерді, журналдарда жарық көрген мақалаларды, т.б. пайдалану.
Практикалық сабақта әрбір студенттерге оқушылардың зейінін сабаққа аударатындай әдіс-тәсілдерді, көрнекіліктерді пайдалану арқылы жаңа сабақты түсіндіруге арналған сабақ жоспарларының үзінділерін жазу тапсырылады.
Жаңа сабақты өтуге арналған сабақ жоспарын жазуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, жаңа сабақты түсіндіруге дайындық кезіндегі жүргізілген жұмыстарға тікелей байланысты, яғни сабақтың кіріспесінде оқушыларды жаңа материалды қабылдауға қалай дайындайтынын, қалай оны пайдаланып жаңа сабақты түсіндіретінін көрсетуі керек.
Орындалған Практикалық жұмыстардың нәтижелерін бағалауда мына шарттарды басшылыққа алуы керек:
а) дайындық кезеңде жүргізілген жұмыстар мен жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың арасындағы байланыстылықты;
ә) жаңа материалды түсіндіру кезіндегі қойылатын сұрақтар мен берілетін тапсырмалардың сабақ мазмұнына сәйкестігін;
б) жаңа материалды өтуде байқау, салыстыру, талдау тәсілдерін, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты дүниежүзілік мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыруын; оқушының ақыл ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсуін;
в) жаңа материалды өтуге байланысты өз беттерінше сұрақтар мен тапсырмаларды дайындауын.
Осы шарттарды басшылыққа алып орындалған жұмыстарды тексеріп талдау, немесе біріне-бірін тексертіп, ол пікірлерді сынақ кездерінде ескеруге болады.
Студенттерге дайындаған сабақ жоспарларының үзінділерін
сабақта өткіздіріп оның жетістіктерін айтып, бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |