Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»



бет21/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Тапсырма-3. Рим цифрымен жазылған санды оқуда, мәні бойынша үлкен цифр кіші цифрдің алдында жазылса, онда оқу кезінде олардың мәндерінің қосылатынын түсіндіріп, мынадай сандарды оқыту: VI, VIII, XI, XXV, МC, MCV, МСІІ және жаттықтыру жұмыстарын түзу.

Тапсырма-4. Рим цифрымен жазылған сандарды оқуда, мәні бойынша артық сан кем саннан кейін жазылса, онда мәні артық саннан кем санның азайтылатынын түсіндіріп, мынадай сандарды оқыту: IV, IX, XL, XC, ІІ, ІІІ, ХХХ және жаттығу жұмыстарын түзу.
Тапсырма-5. Сандарды солдан оңға қарай, ал разрядтарды керісінше
– оңнан солға қарай оқиды. 1,2,...,9 цифрлары әр разрядтағы бірліктердің санын белгілейді.
Сандарды қалай атауға болады? Көп таңбалы сандардың құрамын қалай білуге болады? Көп таңбалы сандарды қалай оқуға болады?
Кесте-1.


ІІ - класс

І - класс

Оқылуы

Разрядтық қосылғыштар қосындысы



мыңдықтар
класы

бірліктер класы

жүздік мыңдар

ондық
мыңдар

бірлік мыңдар

жүздік- тер

ондық- тар

бірлік- тер

6 разряд



5 разряд

4 разряд

3 разряд

2 разряд

1 разряд










7

9

5

7 жүз 95

700+90+5







2

9

7

8

2 мың 978

2000+900+70+8




2

1

5

0

7

21 мың 507

20000+1000+500+7

4

3

0

0

0

8

430 мың 8

400000+30000+8

43008 санында І кластың 8 бірлігі ІІ кластың 43 бірлігі



2978








2 мыңд.9 жүзд. 7 онд. 8 бірлік

2-мыңдық

29 жүзд. 7 онд. 8 бірлік

29-жүздік

297 онд. 8 бірлік

297-ондық




2978 бірлік

2978-бірлік


1-кестені пайдаланып, оқушыларды сандарды кластарға бөліп оқуға, жазуға жаттықтыруға материалдар дайындау.

Мысалы:
1) 2431756118712 31518001615 5781310000005


6000000510 7000000001 2460218000000
43507230003 85000352000 341512000000000;

  1. 6 жүздік мың, 8 жүздік, 4 ондық, 0 бірлік бар;

  2. үш миллион жеті жүз тоқсан бес мың тоғыз жүз;

  3. 3795900, 217648504 сандарын сөзбен жазуға;

  4. 40027, 4000312, 342694 т.б. сандарын разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға, т.б.


3 - дәріс. Жаңа ұғым және әрекет тәсілдерімен таныстыру кезінде
оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру


Дәрістің мақсаты: Жаңа ұғымдармен әр түрлі арифметикалық амалдарды орындауды оқытуда оқушылардың зейінін сабаққа аударып, қызығушылықтарын арттырып, танымдық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытатындай, студенттерді әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға үйрету.
Оқушылардың жаңа ұғымдарға амалдарды орындауы мен есептеулер жүргізуді түсінуі, олардың жаңа материалды қабылдауы тірек болатын бұрынғы алған білім, білік, дағдыларын қайталап естеріне түсірулеріне ғана байланысты емес, жаңа ұғымдарды өтуге дайындық кезіндегі және түсіндіру барысындағы жан-жақты терең ойлап, бар ынта-ықыластарымен тыңдап, талдауларына да байланысты.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, алғырлық қасиеттерін дамыту үшін студенттер мынадай әдіс-тәсілдерді меңгерулері керек:

  1. Оқушыларға математикадан әр түрлі тапсырмалар беріп салыстыру, талдау, жіктеу, қорытындылауды үйрету, жұмысты қалай орындап жатқанын үнемі бақылап отыру.

  2. Оқушыларға жаңа әдіс-тәсілдерді игертетіндей, сабақта проблемалық ахуал туғызу.

  3. Әр түрлі көрнекі құралдарды тиімді пайдаланып, есептеулер жүргізуде пайдалану.

  4. Бүкіл сыныптың және жекелеген оқушының есептеулер жүргізуге бейімділігін әрдайым тексеріп, анықталған кемшілік пен олқылықтардың дер кезінде жойылуына үнемі қамқорлық жасап отыру (әр оқушының өзіне тән жеке ерекшеліктерін де айырықша ескеру).

  5. Есептеулер жүргізуге үйретудің қай кезеңінде болмасын, оқушының өзін-өзі тексеруі мен бақылауына басшылық ету.

Осы айтылған білім, біліктерді жан-жақты меңгерту үшін төмендегідей төрт Практикалық жұмыстарды ұйымдастыру маңызды.
Практикалық сабақ 1.

Тақырыбы: Арифметикалық амалдардың қасиеттерін оқыту.
Тапсырмалар:

а) қосудың (көбейтудің) орын ауыстырымдылық қасиеті; ә) санды қосындыға қосу (қосындыны санға);
б) санды қосындыдан азайту (қосындыны саннан); в) санды қосындыға көбейту;
г) қосындыны санға бөлу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет