Үлгі 2. Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу тәсілімен таныстыру (дайындық жұмыстарын жүргізуді ескеру арқылы)
Т ү с і н д і р у ж ә н е ә ң г і м е л е с у ә д і с т е р і .
-
Мысалдарды шығар: 6 + 4 + 3 = 8 + 2 + 2 =
9 + 1 + 7 =
Әрбір мысалға сұрақтар қойылады:
-
6-ға барлығы нешені қостық? (7)
- 8-ге? (4) т.с.с.
-
Тақтаға келесі мысалдар жазылған:
6 + 7 =
8 + 4 =
9 + 8 =
Мына мысалдарды жоғарыдағы шығарған мысалдармен салыстыр.
-
Олардың бірдейлігі мен айырмашылығы неде?
-
Кім айтады 6-ға қалай 7-ні қосуға болады? (Алдымен 4-ті қосуға, кейін 3-ті.)
Оқушылар қиналатын болса, оқытушы қайтадан 6+4+3 мысалын талдайды.
-
6-ға алдымен нені қостың? (4)
-
Қанша шықты? (10)
-
Тағы қанша қостың? (3)
-
Қанша шықты? (13).
-
Әрбір мысал көрнекілік арқылы көрсетіледі. Мысалы: 6+7. Жоғарғы қатарға 6 қызыл дөңгелек қойылады, осы қатарда оған 4 көк дөңгелек қосылады, ал қалған 3 көк дөңгелек астындағы 2-ші қатарға қойылады.
Көрнекті көрсетілген мысалдардан кейін (7+5, 8+6, 9+5) мұғалім сұрақ қояды.
-
Біз орындаған амалдардағы ортақ нәрсе не? (Алдымен 10 саны шығатындай етіп дөңгелектерді қостық, одан кейін қалған дөңгелектерді.)
-
Мұны қалай жазуға болатынын қараңдар (көрнекілік әдіс): 9 + 5 = 14
1 4
онда өзі жазып көрсетеді.)
-
Тағы қанша қосу керек? (4)
-
Неге? (5 дегеніміз 1 және 4)
-
5-тің астына 4-ті жаз (былай...)
-
Енді жауапты жазамыз.
Студенттердің өзбеттерінше орындайтын жұмыстары -
Жоғарыдағы Практикалық сабақтардың дәрістеріне оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланып материалдар дайындау.
-
Математика пәні бойынша 2-сыныпқа арналған мультимедиялық бағдарламаның (171):
-
2-модуліндегі «Сандар» тақырыбымен жұмыс істеу.
Сандарды құру және қосылғыштарға жіктеу; сандарды ондықтан аттамай қосу, азайту; сандарды ондықтан аттап қосу, азайту – дәрістарымен компьютерде, интерактивті тақтада жұмыс істеу, берілген тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру;
-
3-модуліндегі «Өрнектер» тақырыбымен жұмыс істеу.
Өрнектердің түрлері: санды өрнек, әріпті өрнек, санды теңдік, теңдеу – ұғымдарымен оқушылардың компьютер арқылы өзбеттерінше терең танысуларына; әріпті өрнектің (37-с) санды өрнектен (983-276), санды теңдіктің (119+77=196) теңдеуден (72-а=9) айырмашылықтарын ажырата білулеріне; өрнектегі әріптің орнына әріпке берілген санды қойып, қосу мен азайту амалын орындаудан шыққан сан әріпті өрнектің мәні болатындығын жете түсінулеріне ықпал жасау, нәтижелерін тексерту әдістерін меңгеру.
4 - дәріс. Білім, білік және дағдыларды бекіту кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру
Достарыңызбен бөлісу: |