Тапсырма-1. Жоғарыдағы Практикалық сабақтарға берілген дәрістар бойынша жаңа материалды оқытуға дайындық кезеңдерін дайындау.
Тапсырма-2. Математика пәні бойынша 1-сыныпқа арналған мультимедиялық оқыту бағдарламасындағы (171): «Заттардың қасиеті»,
«Геометриялық фигуралар», «Басқа ұғымдар», «Теңдік теңсіздік»,
«Сандар», «Сандық түзу», «Арифметикалық амалдар», «Нәтижені тексеру» дәрістарымен жұмыс істетіп, «Сандар» тақырыбындағы он цифры туралы өлеңдерді жинақтау, компьютермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Айталық:
1. Жебені бұлтқа қадасақ, Ұшы қалды бөлініп. Айналар санға бірден ол, Айталық 1-деп, санды сол. Шыршаның әдемісін таңда.
2-цифры мұнда,
Басы ұзын мойнында. Пайда болып құйрығы, Аққудай жүзді суда.
Қатардағы суреттерден 2-ге ұқсасын тап.
Сопақ цифр саламын, Қандай цифр жазамын. Бұл, 0-саны жабығып тұр,
Ештеңе білдіре алмай қамығып тұр.
2.
|
Бір дегенім – бесік, Шықтың содан өсіп,
Екі дегенім – елім, Далам, тауым, көлім.
Үш дегенім – үміт, Үміт арттырар жігіт.
Төрт дегенім – төзім, Төзе білем өзім.
Бес дегенім – бақыт, Бағалайтын уақыт.
|
Алты дегенім – ақыл, Тыңдағаның мақұл.
Жеті дегенім – жалау, Жүректегі алау.
Сегіз дегенім – сөзің, серт беретін кезің.
Тоғыз деген – тоқтау, Елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім – Отан, Қорға соны, ботам.
(Қ.Мырзалиев.)
|
1-суреттен 1-ден 10-ға дейінгі сандарды табу және осылай жаттықтыруға арналған материалдар дайындау.
Сурет-1.
Достарыңызбен бөлісу: |