Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»



бет19/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

N n

[эн]

B b

[бэ]

O o

[о]

C c

[цэ]

P p

[пэ]

D d

[дэ]

Q q

[ку]

E e

[е]

R r

[эр]

F f

[эф]

S s

[эс]

G g

[гэ (же)]

T t

[тэ]

H h

[аш]

U u

[у]

I i

[и]

V v

[вэ]

J j

[йот (жи)]

W w

[дубль-вэ]

K k

[ка]

X x

[икс]

L l

[эль]

Y y

[игрек]

M m

[эм]

Z z

[зет]

Санды үнді цифрлары арқылы жазу санның разрядтық құрамы жайлы білімге сүйенсе, оны рим цифрлары арқылы жазу рим цифрларымен сан жазудың негізгі қағидасына, яғни, қосу қағидасына немесе, үлкен сан кіші санның алдында тұрса онда олар қосылады, болмаса азайту қағидасына, немесе, үлкен сан кіші саннан кейін түрса, үлкен саннан кіші сан азайтылады деген қағидаларға сүйенеді. Демек, рим цифрлары I, V, X, С, М... болып табылады және барлық сандар осыларды қосу немесе азайту арқылы алынады.
Мысалы, 783 саны рим цифрларымен былай жазылады: ДССХХСІІІ=700+80+3=783
Қазір Рим цифрларымен көбінесе тарауды, тармақты, т.б. белгілейді. Рим цифрларымен жазылған көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындау өте тиімсіз. Сондықтан араб цифрларымен жазылған сандарды қарастырамыз.
Біз қолданатын санау жүйесін санаудың ондық жүйесі деп атайды. Санаудың ондық жүйесімен қатар басқа да: екілік, сегіздік, он екілік, жиырмалық, алпыстық және т.б. жүйелер де қолданылады.
Бүгінгі күні, 1-сыныпта «1-ден 10-ға дейінгі сандар (цифрлар) және бірліктер мен, ондықтармен санау», яғни «дөңгелек ондықтар», 2-сыныпта
«1-ден 100-ге дейінгі сандар және ондықтармен санау», 3-сыныпта «1-ден 1000-ға дейінгі сандар, яғни жүздіктер, ондықтар және бірліктермен санау», 4-сыныпта «1-ден 1000000-ға дейінгі сандардың» нөмірленуі (ауызша және жазбаша) оқытылса, ары қарай, келесі кезеңдерде рет- ретімен сан ауқымы кеңейе түседі.
Айталық, миллиард (биллион) былайша белгіленеді – 109 (онның тоғыз дәрежесі, демек, 1.000.000.000).

  1. Биллион – 109

  2. Триллион – 1012

  3. Квадриллион – 1015

  4. Квинтиллион – 1018

  5. Секстиллион – 1021

  6. Септиллион – 1024

  7. Октиллион – 1027

  8. Нониллион – 1030

  9. Дециллион – 1033

  10. Андециллион – 1036

  11. Дубдециллион – 1039

  12. Тредециллион - 1045

  13. Кваттордециллион – 1045

  14. Квиндециллион – 1048

  15. Сексдециллион – 1051

  16. Септендециллион – 1054

  17. Октодециллион – 1057

  18. Новемдециллион – 1060

  19. Вигинтиллион – 1063.

Цифрды оқушылар көреді және жазады. Сандарды атау және цифрларды жазу қатар жүргізіледі. Он көлеміндегі ауызша және жазбаша нумерация қатарынан қарастырылады.
Бір таңбалы он санның өзіндік ерекше аталуын білу және сәйкес он цифрды жазу осы дәрісты оқытудың қорытынды нәтижесі болып табылады.
Затқа санды және оған цифрды сәйкестендіре білу, сондай-ақ цифрларды оқуды және жазды үйрену жүзеге асырылады. Бастауыш мектепте еске сақтау нәтижесі көрнекі материалға сүйенгенде жоғары болады.
Математика сияқты абстрактілі және формальді ғылымды оқытқанда бейнелерді, көрнекіліктерді пайдалануға ерекше көңіл бөлу маңызды.
Онға дейінгі сандардың цифрларын оқушыларға таныстырып, жазғызу үлгілерін келтіреміз.
Сурет-1. 1 саны және цифры.





















Сурет-2. 1 цифрын жазу.

1 цифры бірі екіншісінен кіші 2 таяқшадан тұрады. 1 цифры үзіліссіз жазылады. Алдымен кіші таяқшаны жазады. Оны тор ортасынан сәл жоғарырақ бастайды да, тордың жоғарғы оң жақ бұрышына дейін жүргізеді. Сонан кейін қаламды қағаздан көтермей, негізгі көлбеу таяқшаны жазады. Тордың жоғарғы оң жақ бұрышынан оның төменгі
қабырғасының ортасына дейін.

Сурет-3. 1 цифрын жазу үлгілері.

























Сурет-4.




Сурет-5. Сөз жұмбақ.












Сурет-6. 2 саны және цифры.



















Сурет-7. 2 цифрын жазу.

2 цифры ілгіштен және толқынды сызықтан тұрады, үзіліссіз жазылады. Ілгішті тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл төменіректеу бастап, сызықты жоғары қарай жүргізеді де, оны оң жақ жоғары бұрышта иеді және тордың төменгі қабырғасының ортасына дейін көлбеу штрих жүргізеді. Қаламды қағаздан ажыратпай, тордың төменгі қабырғасын бойлай, оның төменгі бұрышына қарай толқынды сызық
жүргізеді.

Сурет-8. 2 цифрын жазу үлгілері.





































Сурет-9.




Сурет-10. Сөз жұмбақ.










Сурет-11. 0 саны және цифры.

















Сурет-12. 0 цифрын жазу.



0 цифры сол жақтағы және оң жақтағы екі жарты сопақшалардан тұрады. Цифрды жазуды жоғары қабырғасының ортасынан сәл оңырақтан және тордың төменгі қабырғасының ортасы арқылы өтетін сол жақтағы жарты сопақшаны жазғаннан кейін, сызықты жоғары қарай иеді. Әрі қарай сызық иіліп, оң жақтағы жарты сопақшаны жазып,
бастапқы нүктеге жеткізіледі.


Сурет-13. 0 цифрын жазу үлгілері.







































Сурет-14.














Сурет-15. 3 саны және цифры.





















Сурет-16. 3 цифрын жазу.

3 цифры оң жаққа ығысыңқыраған жоғары және төменгі жарты сопақшалардан тұрады. Жоғары жарты сопақша төмендегіден сәл кіші болуы тиіс. Цифрды жазуды тор қабырғасының ортасынан сәл жоғарыдан бастайды, жоғары жарты сопақшаны тордың ортасына дерлік жеткізеді және қаламды қағаздан ажы-
ратпай төменгі сопақшаны жазады.

Сурет-17. 3 цифрын жазу үлгілері.









































Сурет-18.




Сурет-19. Сөз жұмбақ.










Сурет-20. 4 саны және цифры.


















Сурет-21. 4 цифрын жазу.

4 цифры үш элементтен - таяқшалардан тұрады. Алғашқы екі элементі үзіліссіз жазылады. Бірінші таяқшаны тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл әрірек бастап, тордың ортасынан сәл төменірек жеткізеді. Ортасынан бастап, қаламды қағаздан ажыратпай,

көлденең таяқшаны оңға қарай жүргізеді және тордың оң жақ қабырғасына сәл жеткізбейді. 4 цифрының үшінші элементі ұзын таяқшаны жазады және ол тордың оң жақтағы қабырғасының ортасынан сәл жоғары
басталып, оның төменгі қабырғасына қарай көлбеу жүргізіледі.

Сурет-22. 4 цифрын жазу үлгілері.




















Сурет-23.

Сурет-24. Сөз жұмбақ.




Сурет-25. 5 саны және цифры.



















Сурет-26. 5 цифрын жазу.

5 цифры үш элементтен тұрады. Алдымен кішіректеу түзу таяқша жазылады. Оны тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл оңырақ бастап, тордың ортасына дерлік көлбеу жүргізеді. Әрі қарай (ажыратпай) оң жақ сопақшаны жазады. Ең соңында солдан оңға қарай цифрдың жоғары элементін
жазады.


Сурет-27. 5 цифрын жазу үлгілері.


























Сурет-28. Сурет-29. Сөз жұмбақтар.















Сурет-30. 6 саны және цифры.























Сурет-31. 6 цифрын жазу.

6 цифры сол жақтағы үлкен және оң жақтағы кіші жарты сопақшалардан тұрады. Цифрды жазуды тордың оң жақтағы бұрышынан сәл төменірек бастайды. Көлбей орналасқан және тордың төменгі қабырғасының ортасы арқылы өтетін сол жақтағы жарты сопақшаны жазғаннан кейін сызықты жоғары қарай жүргізеді және тордың ортасынан сәл жоғары оны сол жаққа
қарай иеді.


Сурет-32. 6 цифрын жазу үлгілері.



























Сурет-33.




Сурет-34. Сөз жұмбақ.











Сурет-35. 7 саны және цифры.


















Сурет-36. 7 цифрын жазу.



7 цифры үш элементтен тұрады: толқынды сызықтан, көлбеу және кіші түзу таяқшалардан. Толқынды сызықты тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл төменірек бастап тордың оң жақ жоғары бұрышына дейін жүргіземіз. Қаламды қағаздан ажыратпай, тордың төменгі қабырғасының ортасына дейін
көлбеу таяқша жүргіземіз.


Сурет-37. 7 цифрын жазу үлгілері.



























Сурет-38.




Сурет-39. Сөз жұмбақ.










Сурет-40. 8 саны және цифры.





















Сурет-41. 8 цифрын жазу.

8 цифры жоғары және төменгі сопақшалардан тұрады (жоғары сопақша төменгісінен сәл кішіректеу). Цифрды жазуды тордың жоғары қабырғасының ортасынан сәл төменіректеу және оңырақ бастап, сызықты оңға қарай және жоғары жүргізеді де, тордың жоғары және оң жақ қабырғаларын жанастыра иеді,
сонан кейін

сызықты (оңнан солға қарай) жүргізгенде де иеді және тордың төменгі
қабырғасының ортасына таман солдан оңға қарай жүргізеді. Әрі қарай сызық иіліп, жоғарыдағы бастапқы нүктеге дейін жеткізіледі.

Сурет-42. 8 цифрын жазу үлгілері.







































Сурет-43.




Сурет-44. Сөз жұмбақ.









Сурет-45. 9 саны және цифры.






















Сурет-46. 9 цифрын жазу.

9 цифры сол жақтағы кіші жарты сопақшадан және оң жақтағы үлкен жарты сопақшадан тұрады. Цифрды жазуды тордың оң жақ жоғары бұрышынан сәл төменірек бастайды да сызықты солға қарай жоғары жүргізеді, тордың ортасына таман иеді, сонан кейін оңға қарай жоғары жүргізеді де бастапқы нүктеге қарай
иеді.

Қаламды ажыратпай, сол нүктеден бастап, оң жақтағы үлкен сопақшаны
тордың қабырғасының ортасына жақындайтындай етіп жазады.

Сурет-47. 9 цифрын жазу үлгілері.



























Сурет-48.




Сурет-49. Сөз жұмбақ.










Үлгі 2. Үш таңбалы сандарды оқытуға оқушыларды дайындау


Бұл сұрақты қарастырғанда оқушылардың төмендегідей мәселелерді игерулері көзделеді:

  • екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын (бірліктерін, ондықтарын),

«цифр» ұғымын; разрядтық бірліктердің ара қатынасын (10 бірлік = 1 ондық)
білулері;

  • екі таңбалы санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде

жаза алуы; екі таңбалы сандағы әрбір цифрдің мағынасын түсіндіре білуі;
берілген цифрлардан әр түрлі екі таңбалы сандарды жаза алулары, оларды
оқи, атай алулары;

  • кез-келген бір таңбалы және екі таңбалы сандарды, олардың алдындағы, артындағы сандарды жаза білу дағдыларын қалыптастыру, яғни

+1 алдындағы, –1 артындағы сандардың шығатынын түсіндіру.
Осындай нәтижелерге жету үшін оқушылармен төмендегідей әр түрлі жұмыстар жүргізуе болады.
Ауызша жаттығулар

Ауызша есептеу оқушылардың сабаққа ынталарын арттырып, жылдам есептеуге жаттықтырады. Ауызша есептеу үй тапсырмасын тексеруде, өткенді қорытуда, сабақты қалай түсінгендерін байқауда, математикалық ойындар ұйымдастырғанда қолданылады (Мысалы, 2 сыныпта: 39-52 беттер аралығында 5, 6, 7 тапсырмалар, т.с.с. беріледі).

  1. Тақтада жазылған сандарды оқыңдар: 31, 25, 82, 53, 22, 95.

  2. Оларды өсу (кему) ретіне қарай оқыңдар.

  3. Тақтада бір қатар сандар жазылған: 70, 72,75, 77. Басқа жазылмай қалған 7 ондығы бар екі таңбалы сандарды атаңдар.

  4. Сол сандарды ретімен 1-ге арттыр (кеміт) және оларды ата.

  5. 35-тен үлкен 80-нен кіші сандарды ата.

  6. 25, 34, 81, 93, 97, 99 сандарындағы әрбір цифр нені көрсетеді?

  7. Әр санды 1 ондыққа арттыр (кеміт).
Жазбаша өзіндік жұмыс

  1. Мысалдарды шығарып жауаптарын жазыңдар (2 сынып, 25 бет

№1, 5 бет №5, 11 бет №6, 13 бет №6):

3 + 2

30 + 20

40 + 30

60 + 30

2 + 3

20 + 30

 + 

 + 

5 – 2

50 – 20

70 – 

 – 

5 – 3

50 – 30

 – 

 – 60.

  1. 0, 2, 5 цифрларын пайдаланып әр түрлі екі таңбалы сандарды өсу (кему) ретімен жазыңдар.

  2. Осы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазыңдар.

  3. Сандарды, шамаларды салыстыр:



70 * 50

80 < 

8 см * 5 см

50 * 80

40 > 

8 дм * 6 дм

90 * 90

7 * 70

60 см * 6 дм
Математикалық диктант

Математикалық диктант күнделікті сабақты меңгерту, өтілген дәрісты есінде қалдыру үшін 6-8 минут аралығында жүргізіледі (2 сынып, математика):



  1. Мұғалімнің оқуы бойынша екі таңбалы сандар жазылады: 30, 43, 75, 89,90...

  2. Сандардың оқылуын тыңдап ішіндегі ең үлкенін жаз (алдымен екі

сан, үш сан, төрт сан):
а) 80 және 70;
ә) 72, 80 және 30;
б) 62, 30, 90 және 75.

  1. 7 ондық, 5 ондық, 4 ондық сандардың ең кішісін жазыңдар.

  2. Олардың әрқайсысын 10-ға кемітіп, шыққан сандарды жазыңдар.

  3. Бірлігі мен ондығы бірдей цифрмен белгіленген екі таңбалы сандарды жазыңдар (22, 33, 44, ...).

Математикалық тест
Бастауыш мектеп оқушыларының математикадан білім, білік, дағдыларын тексеру үшін математикалық тест жүргізіледі. Оқушы берілген бірнеше дайын жауаптардың ішінен дұрыс жауапты таңдау үшін, әр жауапты бір-бірімен салыстырады, талдайды, ұқсастығы мен айырмашылығын саралайды. Соның нәтижесінде баланың ойлау қабілеті артып, белсенді жұмыс істеп, жан-жақты дамиды (2 сынып оқушылары үшін):

  1. Ең кіші екі таңбалы санды ата:

а) 20, ә) 92, б) 10.

  1. Ең үлкен екі таңбалы санды ата:

а) 20, ә) 99, б) 10.

  1. 4 ондықта неше бірлік бар? а) 50 бірлік

ә) 4 бірлік
б) 40 бірлік.

  1. 42 санында қанша ондық бар? а) 1 ондық

ә) 4 ондық
б) 2 ондық.

  1. Амалдарды орындап, жауаптарын анықта:

72 + 25 = 95 – 43 = 70 см + 10 см =



а) 60

а) 30

а) 60 см

ә) 87

ә) 32

ә) 80 см

б) 90

б) 52

б) 90 см.

  1. Екі таңбалы сандарды өсу ретімен жаз: а) 80, 60, 42, 50, 60

ә) 85, 90, 30, 40, 50
б) 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90.

  1. Ондықтарды кему ретімен жаз: а) 90, 10, 50, 40, 20

ә) 40, 20, 80, 90
б) 90, 80, 70, 60, 50, 40, 30, 20, 10.
Үй жұмысын тексеру

Үйге берілген тапсырма жаңадан өтілетін дәрісты түсіндіруге көмегі тиетіндей өткен материалдарды қайталап, пысықтау үшін кітаптардан немесе өзбетінше құрастырылуы керек. Үй жұмысының мазмұны:

10 + 80 =

20 + 70 =

30 + 60 =

40 + 50 =

90 – 85 =

90 – 23 =

90 – 64 =

90 – 40 =





ата.
Оны тексеру кезінде мұғалім мынандай сұрақтар қоюы мүмкін:

  • 3 онд., 7 онд., 8 онд. сандары бар қосылғыштардың қосындысын

  • Құрамында 4 (2) цифры бар азайтқыштардың айырмасын оқы.

  • Әр санда ол нені көрсетеді?

  • Бұл жаттығуларда 7 ондық азайғышы бар айырма бар ма? (Жоқ).

  • Қосындысы 90-ға тең қосылғыштарды ата (20,70; 10,80; 40,50).

  • Айырмасы 5-ке тең өрнектің азайғышын ата (90).
Дидактикалық ойын




Дидактикалық ойын оқушылардың сабақта белсенділігін, қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, ізденімпаздығын дамытып, сабақ үстінде сергітеді, ынталандырады.
Бірнеше дидактикалық ойындарды қарастырамыз.

  1. «Санды ата». Бір оқушы кез-келген ондық санды атайды, екіншісі одан үлкен ондық санды тез айтуы керек. Қатені аз жіберген (қатар) ұтады. Мұғалім, әр команданың оқушыларының ретімен шақырылуын қадағалауы керек.

  2. «Кім көп». Тақтаға 5-6 цифр жазылады (3, 4, 0, 5, 1, 7). Оқушылар берілген уақыт ішінде осы цифрлардан өсу (кему) ретіне қарай екі таңбалы ондық сандарды жазулары керек. Ойын екі бөліктен тұрады: алдымен оқушылар кез-келген тәртіппен екі таңбалы толық ондық сандарды жазады да, соңынан өсу ретіне қарай нөмірлейді:

2) 30
3) 40
4) 50
1) 10
5) 70.

  1. «Кім жылдам». Берілген уақыт ішінде оқушылар бос орындарға керекті цифрлар қоюы керек.

70 см +  = 90 см 90 –  = 80
50 см – 10см =  см =  дм 0 + 5 = 90
 + 7 = 2 0 +  = 93.
Әрбір оқушыны жеке сұрауға арналған тапсырмалар



Тапсырманың жоғарғы жағына мынандай сан жазылады: астына оқушыларға ауызша немесе жазбаша жауап беретін жазылады:

  1. Санды оқы.

  2. Осы санның разрядтың бірліктерін оқы.

, ал оның сұрақтар

  1. Берілген санда барлығы қанша бірлік және қанша ондық бар?

  2. 98 санында қанша ондық бар екенін қай цифр білдіреді? 8 цифры нені білдіреді?

  3. Осы санның алдындағы, артындағы сандарды ата.

  4. 85 санында қанша разряд болса сонша разряды бар ең кіші (үлкен) санды ата.
Оқулықтағы ережелерді өзбетінше қайталау

Бұл тәсілді қолданғанда, мұғалім оқулықтағы ережелерді сөзбен тұжырымдатып қана қоймай, ондағы көркемделген кескіндерді, т.б. қолдана отырып тиісті нәтижелерді алуға жаттықтыруы керек.


Мысалы, оқулықтағы (1 сынып, 2001, 124 б) иллюстрацияланған тік төртбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындығын (периметрін) «10 см=1 дм, 10 дм=100 см, 100 см=1 м» ережелерді қолдана отырып табуға; өрнектердің: 3+4<2  , а*а+7 және а*с-7 (сол оқулық, 75 б., 121 б.) жасырын санын, амал таңбаларын, қатынас таңбаларын, т.с.с. анықтауға, яғни оқушылардың танымдық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған қызықты және логикалық жаттығуларды өз беттерінше орындауға жаттықтыру керек.
Практикалық жұмыс

Оны жүргізу үшін әр түрлі дидактикалық материалдарды пайдалануға болады. Мысалы, санның разрядтық құрамын қайталау үшін шыбықтар және буылған бума шыбықтармен практикалық жұмыстар жүргізуге болады. Мысалы, (1 сынып, 120 бет) оқытушы 20 санын айтады, ал оқушылар әрқайсысы 10 шыбықтан буылған 2 бума шыбықты қояды. Керісінше, оқытушы 3 бума шыбықты қояды, ал оқушылар 30 санын жазады. Сол сияқты, 21 санын айтса оқушы 2 бума және бір шыбықты қояды және керісінше. Ондай жұмыстарды әсіресе сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға қиналатын оқушылармен қайталау өте тиімді. Мұндай оқушыларға арнайы көңіл бөліп, олармен бөлек, жекеше жұмыстар жүргізген дұрыс.



Үлгі 3. Кестелік қосу және азайту. Оқушыларды ондықтан аттап ауызша және жазбаша қосуға дайындау
Бұл дәрісті игеру үшін мынадай негізгі мәселелерді білулері керек:

  1. Кез-келген бір таңбалы және 10 санының құрамын, екі таңбалы санның разрядтық құрамын (бірлік және ондық) білулері.

  2. Кез-келген бір таңбалы санды 10-ға дейін толықтыруды; кез келген бір таңбалы санды екі санның қосындысы түрінде жазуды, екі таңбалы санды ондық және бірлік түрінде көрсете білулері.

  3. Жоғарыдағы айтылған білім, біліктерді жылдам орындай алулары.

Осы мақсаттарға жету үшін оқушылармен әр түрлі жұмыстарды ұйымдастыруға болады.

Ауызша жаттығулар

  1. Тақтаға мынандай сандар жазылады: 2, 4, 6, 3, 5. Осы сандарды 10-ға толтыру үшін қосылатын қосылғыш сандарды ата.

  2. Мынандай сандар берілген: 2, 5, 8, 6, 7, 1, 4, 3. 10 санын алу үшін қандай сандарды қосу керек? (8 және 2; 6 және 4, т.с.с).

  3. Бір ондығы бар санды ата.

  4. Тақтада мынадай өрнектер жазылған:

5 + 3 + 1= 6 + 3 + 1 = 7 + 2 + 1 =
5 + 3 + 2 = 6 + 2 + 2 =

Әрқайсысына мынадай сұрақтар қойылады:


- 5-ке барлығы қанша бірлік қосылды? (7?, 6?)
- Неге? (3 + 1 = 4 , 2 + 1 = 3 т.с.с.)
Жазбаша өзіндік жұмыс

  1. Мысалдарды шығар:

9 + 1 =

7 + 2 =

8 + 2 =

6 + 3 =

5 + 1 =

8 + 1 =

5 + 2 =

7 + 1 =



  1. «Тор көздерге» тура теңдік шығатындай сандарды қойыңдар: 7 +  + 1 =10 3 +  + 4 = 10

6 + 2 +  = 10 4 +  +  = 10
5 +  +  =10 4 + 3 + =10.

  1. Сандарды разрядтық қосылғыштар түрінде жазыңдар: 12 = 10 + 3 18 =

14 = 19 =

  1. Мысалдарды шығар:

10 + 4= 10 + 7 =
10 + 5= 10 + 2 =

  1. 7 санын (әр түрлі тәсілмен) екі санның қосындысы түрінде жазыңдар.
Математикалық диктант

  1. Оқытушы санды атайды, мысалы: 4 (немесе 5 не 6), ал оқушылар қосындысында 7 (не 8, не 9) саны шығатындай санды жазады.

  2. Оқытушы сандарды айтады, оқушылар оларды жазады (11, 15, 17, 14, 13).

  3. Оқытушы жоғарыдағы сандарды өсу ретіне қарай жазуды ұсынады.

  4. 18 (немесе 14, 12, 15) санын алу үшін 10 санына қосатын сандарды жазыңдар.

  5. Тек жауабын ғана жазыңдар: "Егер 5-ке 3-ті қоссақ, онда ... болады", "Егер 7-ге 2-ні қоссақ, онда ... болады", т.с.с.


Үй жұмысын тексеру

Үй жұмысының мазмұны:
7 + 3 + 5 13 – 3 – 1
6 + 4 + 2 13 – 3 – 3
16 – 10 6 + 4 + 7.

Тексеру кезінде оқытушының мынындай сұрақтар беруіне болады:



  • Бірінші өрнектегі алдыңғы екі санның қосындысын бір санмен ауыстыр. Қандай өрнек аламыз? (10 + 5).

  • Осы сандардың қосындысы неге тең? (15).

  • Екінші және үшінші санның қосындысын бір санмен ауыстыр.

  • Қандай өрнек алдық? (7 + 8).

  • Осы сандардың қосындысы 15 бола ма? (Иә).

  • Неге? (8 дегеніміз - 3 және 5, алдымен 3-ті қосамыз 10 болады,

оған 5 қоссақ - 15).
Осы сияқты екінші өрнек қарастырылады.

  • Алдымен 6-ға қай санды қостың? (4).

  • Содан кейін? (2).

  • Барлығы 6-ға қанша бірлік қосылды? (6).

  • Осы сандардың қосындысы неге тең? Өз жауабыңды түсіндір.

  • Мына мысалдардың жауабын кім есептей алады? 13 – (3 + 1)

13 – (3 + 3).
Бұл мысалдарды шығаруға үйге берілген мысалдардың қайсысы көмектеседі?
Дидактикалық ойын

  1. "10-ды ал". Екі жұп оқушы ойнайды. Біреуі бір таңбалы сан

жазылған кеспе қағазды қояды, екіншісі оның қасына қосындысы 10 болатындай санды қояды. Бес пар санды алдымен қойған жұп оқушы жеңеді.


  1. "Кім көп". Тақтада мынадай цифрлар жазылған: 8, 5, 2, 7, 1, 4, 6, 9. Берілген уақыт ішінде осы цифрлардан кім көп өрнек жазса, сол оқушы жеңеді.



  1. "Кім жылдамырақ". Тақтаға екі оқушы шақырылады. Кім жылдамырақ, тура теңдік шығатындай етіп, "тор көздерді" толтырады?

6 +  +  = 12  +  + 2 = 15


7 +  +  = 14  +  +  = 17.

Ойын оқушының ойлауын, елестетуін, зейінін т.с.с. қабілеттерін дамытады. Ойын нақтылық пен дерексіздік, индукция мен дедукция, талдау мен ұқсастыру, салыстыру, бақылау мен тәжірибе әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі.



Оқушыларды жеке сұрауға арналған үлестірмелі қағаздар

Оқушы сұрақтар жазылған үлестірмелі қағазды алады:



  1. 7 санын алу үшін қандай сандарды қосуға болады?

  2. Жазылған сандарды 10-ға дейін толтыр: 7, 6, 5, 4, 8.

  3. 1 онд. 6 бірл.; 1 онд. 5 бірл.; 1 онд. 7 бірліктері бар сандарды ата? т.с.с.
Практикалық жұмыс

Бұл жұмысты 10 санының құрамын игере алмаған оқушылармен жүргізу керек, себебі олар бір таңбалы санды ондықтан аттап қосу кезінде қиналады. Сандардың разрядтық құрамын игерту үшін буылған бума және жекелеген шыбықтармен практикалық жұмыстар жүргізуге болады.
Мысалы, оқушының 1 бума етіп байланған 10 шыбығы бар. 12 санын алу үшін тағы қанша шыбық қосу керек? (13?, 15?, 16?...)
Барлық оқушылармен мынандай практикалық жұмыстар жүргізуге болады: бір қатарға 7 қызыл және 3 сары дөңгелектерді қойыңдар. Екінші қатарға 2 көк дөңгелекті. Барлығы қанша дөңгелек болды?
Осы сияқты 2-3 жаттығудан кейін басқа жаңа тәсілді қолдануға көшуге болады. (Сызғышты пайдаланып, оңға жылжып қосуға, солға жылжып азайтуға болатынын түсіндіру.)
Студенттердің өз беттерінше орындайтын жұмыстары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет