Үлгі1. Он көлеміндегі сандарды (цифрларды) оқытуға дайындау
Дәрістіңмақсаты: Сан және цифр жайында түсінік қалыптастыру, осыған орай сандардың атауларын және олардың сәйкес цифрлармен белгіленетіндігін игерту, цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру.
Нумерация дегеніміз – сандардың айтылуы (оқылуы), жазылуы (таңбалануы), сандар құрамы, сандардың натурал сандар қатарындағы орыны, разрядтарға және разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
Математиканың бастауыш курсында цифр және теріс емес бүтін сан ұғымы, сандарды жазу және салыстыру негізгі мәселелердің қатарына жатады.
Цифр дегеніміз – сандарды белгілеуде қолданылатын шартты таңбалар.
Сан дегеніміз – өте ежелгі, математиканың негізгі ұғымдарының бірі.
Араб цифры деп әуелі нөлді ғана атаған. Қазір одан басқа сандардың
таңбаларын да цифр дейді.
Цифр бір таңбалы санды белгілейді. Цифрлардан әр түрлі сандар құрастырылады. Екі цифрдан тұратын сандар екі таңбалы, үш цифрдан тұратын сандар үш таңбалы сандар,
т.с.с. деп аталады.
Қазіргі цифрдың алғашқы нұсқалары Үндістанда шыққан. Үнді цифрлары дегеніміз, бар болғаны 10 цифр: 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9. Олар араб тіліндегі кітаптар арқылы Батыс Еуропаға таралған, сондықтан арабцифрлары деп аталып кеткен. Бұл цифрлар Қазақстанда 19 ғасырда қолданыла бастады.
Сандарды жазу үшін араб цифрларынан басқа Римцифрлары да қолданылады. Мұндай сандарды жазу үшін латын әліпбиінің әріптері қолданылады. Олардың бар болғаны жетеу: Бірдің орнына І әрпі (и), бестің орнына V (вэ), X (икс) - он, L (эль)- елу, C (цэ) - жүз, D (дэ) - бес жүз, M (эм) – мың.