Дәрістің мақсаты: Студенттерді жаңа материалды түсіндіруге дайындау барысында оқушылардың іс-әрекеттерін белгілі бір мақсатпен жүйелі түрде басқаруға үйрету.
Жаңа материалды түсіндіруге оқушыларды дайындауда жаңа ұғымды түсіндіруге керекті бұрынғы өтілген материалдарды міндетті түрде қайталап, еске түсіру керек.
Бұл үшін мұғалім төмендегідей мәліметтерді жақсы білуі керек:
бұрынғы өтілген материал мен жаңа өтілетін материалдың арасын байланыстыруды, яғни жаңа материалды түсіну үшін оқушылардың қандай білім, білік, дағдыларды жетік меңгеруі керек екендіктерін;
осы мақсатқа жету үшін әр түрлі жұмыстарды ұйымдастыра білулері керек. Атап айтсақ, ауызша жүргізілетін жаппай жұмыстарды, жазбаша орындалатын өзіндік жұмыстарды, математикалық диктант пен тестілерді, үй тапсырмасын тексеруді; практикалық жұмыстарды, дидактикалық ойындарды, оқулықтағы ережелерді өз беттерінше қайталатуды, оқушыларға қойылатын сұрақтарды т.б.
Осы білім, біліктерді қалыптастыру үшін, әрқайсысы бастауыш сынып математикасының материалдарымен тікелей байланысты Практикалық сабақтар жүргізілуі керек.