Практикалық сабақ кезінде әрбір студент, бастауыш мектептің негізгі дәрістары бойынша құрастырылған Практикалық жұмыстардың дәрістарының біреуін алады (бір дәріс бірнеше студентке берілуі мүмкін).
Студенттер сол дәрісты оқыту алдында оқушылармен қандай мәселелерді қайталау керектігін анықтайды. Олар материалдарды оқулықтардан қарастырып алады, өздері құрастырады және қалай жүргізу туралы әдіс-тәсілдерін ойластырады. Ол үшін студенттер лекцияда, практикалық сабақтарда берілген материалдарды, бастауыш сыныптардың оқулықтарын, әдістемелік құралдарын және біз дайындап отырған практикалық және Практикалық жұмыстарды орындаудың әдістемелік үлгілерін пайдаланады.
Практикалық жұмыстардың қандай дәрежеде орындалғандығын бағалауда төмендегідей шарттар басшылыққа алынады:
а) оқушыларды алынған дәрісты оқытуға дайындауда, қандай
білімді меңгеруі керек (білімдік мақсаты), қандай іскерліктер қалыптастырылады (практикалық және оқушыларды дамыту мақсаты), сабақтың оқушыларды тәрбиелеуге қосқан үлесі қандай (тәрбиелік мақсаты) сияқты мәселелерді қарастыра алуы;
ә) оқыту үшін дайындалған материалдардың қажетті білім, білік және дағдыны беруге лайықтылығы, яғни негізгі оқу-әдістемелік топтамалардың талапқа сай қолданылуы;
б) оқушылардың білім, іскерлік және машықтарын қалыптастыру үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді ұйымдастыру қабілеті және оқыту материалдарын дайындауда өз бетінше істеген жұмыстарының сапасы (Практикалық жұмыстарды орындауға берілген үлгілермен салыстырғанда).
Осы шарттарға сүйене отырып, төмендегідей жұмыстарды ұйымдастыруға болады:
а) орындалған тапсырманы барлық студенттермен талдау;
ә) оқытушының әрбір студенттермен жеке әңгімесі;
б) студенттердің бір-бірінің жұмыстарын талдап, пікірлерін айтуы;
в) Практикалық жұмыстарды оқытушының тексеруі.
Студенттер практикалық және Практикалық жұмыстарын жазып, түптеп арнайы папкаларда-портфолиосында сақтап қоюы керек. Кейін, педагогикалық практика кезінде өздерінің жұмыстарын пайдалануларына болады.