Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»



бет34/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Дәрістің мақсаты: Студенттерді, оқушылардың математикалық материалдарды қалай меңгергендерін білу үшін бақылау жұмыстарының мазмұнын құруға, орындалған Дәрістің нәтижесін тексеріп талдауға және оларды бағалау әдістеріне үйрету.
Оқытудың нәтижесі дегеніміз – оқушылардың алған білім, білік, дағдылары және анализ, салыстыру, талдау, жалпылау т.б. ақыл-оймен істелетін тәсілдерді игеруі.
Оқытудың нәтижесін тексеру дегеніміз – мұғалімнің өзінің пайдаланған оқыту әдістерінің тиімділігін, оқушылардың игерген білім, білік, дағдыларының деңгейлерін анықтап, оқушыны шыңдай және ширата түсу.
Білімді тексерудің негізгі құралы – тексеретін тапсырмалар тобы. Оларды құрастыруда оқытушы оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес бастауыш сыныптардың оқулықтарындағы тапсырмаларды пайдаланады.
Білім, білік және дағдылардың қалыптасуына бақылау жасау:

  • әр түрлі сұраулар;

  • бақылау жұмыстары;

  • тестілік қиықтар;

  • шығармашылық жұмыстар және т.б. өткізу арқылы жүргізіледі.

Тексеру жұмысы тек қана білімді, теориялық материалды қалай игергенін анықтайтын бақылау ғана емес оған қоса үйрететін, дамытатын, тәрбиелейтін, оқытушы мен оқушының арасындағы тікелей байланыс екенін студент түсініп, төмендегілерді үйренулері керек:

  • тексеру жұмысының мақсатын нақты көрсетуді;

  • осы мақсатқа байланысты өзбетінше әр түрлі тексеру жұмыстарының тапсырмаларын тауып, түзуді;

  • тексерудің түрлерін (күнделікті тексеру, дәрісты тексеру, қорытынды тексеру), әртүрлі әдіс-тәсілдерін (ауызша, жазбаша, практикалық) және оның формаларын (барлық оқушылармен, жеке оқушымен, топтармен) пайдалануды;

  • тексеру жұмысының нәтижесін талдап, оқушылардың жіберген қателерінің себебін анықтауды;

  • оқушылардың орындаған жұмыстарына қойылған бағаларды (бес балдық жүйені меңгеріп) дәлелдеп қоюды;

  • жіберілген қателерді түзету үшін орындалатын жұмыстарды ұйымдастыруды.

Осындай талаптарға сәйкес, бастауыш сыныптардың оқушыларының білім, біліктерін тексеріп бағалауға баулу үшін төрт Практикалық сабақ жүргізіледі.
  1. - Практикалық сабақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет