Үлгі-1.Қосужәнеазайтуамалдарынаберілгенжайесептерді шығаруғадайындықжұмыстар Дәрістің мақсаты: оқушыларды өздерінің істеген істерін математикалық таңбалар тіліне аударуға үйрету.
Әдіс-тәсілдер:
Заттармен практикалық жұмыстар ("Көрсет" деген тапсырмамен жұмыс).
Заттармен практикалық жұмыстар және оларды деформацияланған жазулар (схема) бойынша математикалық жазу (1 сынып, 25 беттен басталады):
+ = , – = , – , + ;
Көрнекіліктер бойынша әңгіме құрастырып оларды математика тілімен жазу.
Әр тәсіл 2-3 мысалдар арқылы ашыла түседі. Мысалы:
Терезеде 8 гүл өсіп тұр. Терезеде қанша гүл өсіп тұрғанын көрсет (оқушы тақтаға 8 гүлді не 8 дөңгелекті қояды). Майра 3 гүлді кесіп алды. Қалған гүлді көрсет. (Оқушы тақтадан 3 гүлді алып тастап, қалғандарын көрсетеді.) Бұдан кейін оқытушы: «Қанша гүл қалды?» -деп сұрақ қояды.
Ержан түске дейін 6 ойыншық, ал түстен кейін 2 ойыншық жасады. Ержанның жасаған ойыншықтарын көрсет. (Оқушы алдымен 6 дөңгелекті, кейін 2 дөңгелекті қасына қойып қолымен бәрін көрсетеді.)
Айдананың 8 шары бар еді, 3 шарын досына берді. Төмендегі шарларды көрсет:
Айданада болғанын:
Оның досына бергенін:
Қалғанын:
1) Сөреден 2 кітап алынды. Бұдан кейін сөреде 7 кітап қалды. Алынған және қалған кітаптарды көрсет. Енді сөредегі болған кітаптарды
көрсет. (Оқушы тақтаға 2 одан кейін 7 дөңгелекті қойып, содан кейін 2- еуін 7-ге немесе 7-уін 2-ге қарай жылжытады.) Осы көрсеткендеріңді, математикалық тілмен (символдармен) жазыңдар. Мына деформацияланған жазулардың қайсысын толтырар едің?
+ =
– = .
2) Мадиардың 6 көк және 2 қызыл ойыншық машинасы бар. Мадиардың барлық ойыншық машиналарын көрсет. (Оқушы тақтаға 6 және 2 дөңгелекті қойып, біріне-бірін жылжытып көрсетеді.)
Не істегендеріңді математика тілімен жазыңдар. (6 + 2 = 8.)
Көрнекіліктермен жұмыс.
Оқытушы кестедегі суреттер бойынша әңгіме құрастырады: «5 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүрген. Тағы 2 бала келді. Барлығы 7 бала болды.» Осы әңгімені жазу үшін қайсы жазуды пайдаланасын?
+ = немесе – = ?
Ал енді осы суреттер бойынша мынандай есеп құрастырамын: «4 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді. Тағы бір бала келді. Олар 5 болды. Математикалық жазуларға қара. Қайсысы менің әңгімеме сәйкес келеді?» (Жазулар көрсетіледі: 3+4=7, 4+2=6, 4+1=5, 3+1=4.) Оқушылар 4+1=5 жазуын көрсетіп, өздерінің жауаптарын түсіндіреді.
Алдында төбешікте 4 бала шанамен сырғанап жүр еді, сондықтан жазуда 4 саны бар. Одан кейін 1 бала келді, балалар көбейді, яғни 1 баланы қосу керек.
Осы сияқты, суреттермен жүргізілетін жұмыстар және оны математика тілінде жазу өзінің жалғасын табады.
Үлгі - 2. Қосу және азайтуға берілген жай есептерді шығару және құрама есептер шығаруға дайындау