Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»



бет41/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Дәрістің мақсаты: Оқушылармен мәтінді есептер шығарғанда әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға студенттерді үйрету.
Математиканы оқыту барысында оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастырудың негізгі құралы есеп.
Есеп деп – жауабы арифметикалық амалдың (амалдардың) көмегімен табылуы мүмкін болатын сөзбен тұжырымдалған сұрақты айтамыз.
Есепті шығару дегеніміз – есептің шартындағы берілген мәліметтер мен ізделінді арасындағы байланысты ашып, арифметикалық амалдарды таңдап, орындап, есептің сұрағына жауап беру.
Есепті иллюстрациялау дегеніміз – есепке енетін шамаларды, берілген және ізделініп отырған шамалар арасындағы байланысты тағайындау үшін көрнекі құралдар пайдалану.
Оқушылардың зейінін есеп шығаруға аударғанда, алға қоятын мақсат тек қана есепті шығарып оның жауабын табу ғана емес, кез келген есепті шығара алу дағдысын қалыптастыру болуы керек. Бұл дағдылар:

  1. Есепті оқып, оның берілгенін толық түсінуі, яғни есептегі әрбір сөздің мағынасын түсініп не туралы екенін көз алдарына елестете алуы;

  2. Есептің берілгендері мен белгісіздерін, шарты мен сұрағын ажырату;

  3. Есептің шарты мен сұрағының, берілгендері мен ізделінділерінің арасына байланыс жасап, яғни есепті талдап, нәтижесінде оны шешетін арифметикалық амалдарды анықтау;

  4. Шешуі мен жауабын жазу.

Осындай іскерліктерді қалыптастыру үшін істелетін төмендегідей жұмыс кезеңдерін басшылыққа алу керек:

  1. Есеп шығаруға дайындық кезеңі. Оқушыларға есептің шартын оқытпас бұрын, есеп шығаруға керек болатын білім, білік, дағдыларын естеріне түсіру.

  2. Есепті оқытып, берілгендерін түсіндіру. Бұл кезеңде оқушыларға

есептің не туралы екенін көз алдарына елестетіп, шарты мен сұрақтарын, берілгендері мен нені табу керек екенін, яғни тірек сөздерін анықтату.

  1. Есепті талдау, шешу жолдарын іздестіру.

  1. Есепті талдауда, шартында берілген сандардың (шамалардың) арасына бірмәнді байланыс жасай отырып, есептің сұрағына жауап беруге алып келу. Бұл талдау әдісі "синтетикалық" немесе "белгіліден белгісізге карай талдау" деп аталады. Бұл тәсілді қолданғанда оқытушы, әдетте есептің талдауын мынандай сұрақтардан бастайды: "Есептің берілгеніндегі сандар нені көрсетеді?", "Осы берілгендері бойынша нені анықтауға болады?", "Есептің сұрағына жауап беру үшін, мұны білудің қажеті бар ма?".

  2. Есептің талдауын, сұрағынан шартына қарай жүргізуге болады (талдаудың аналитикалық әдісі). Бұл жағдайда оқушылардың талдауы мынандай сұрақтар арқылы жүргізіледі: "Есептің сұрағына жауап беру үшін, нені білу керек?", "Шартында не белгілі?", "Не белгісіз?", "Есептің шартындағы берілгендерді пайдалана отырып, оны табуға бола ма?".

Есептерді талдаудың көрсетілген тәсілдерінің қайсысын таңдау (жай және құрама есептер үшін) оның мазмұнына, шарты мен сұрағына сол сияқты оқушылардың жеке басының ерекшеліктері мен есепті талдауға дайындықтарына байланысты.
Мысалы, "Қанаттың 4 асығы, ал Мараттың 5 асығы бар. Қанат пен Мараттың екеуінің қанша асығы бар?" -деген есепті талдау кезінде "Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек?" екенін бірден аңғаруға болады. Себебі, "Қанат пен Мараттың екеуінің қанша асығы бар?" -деген сұрақтың өзі оқушылардың ойын дұрыс жолға салады. (Қанаттың қанша асығы және Мараттың қанша асығы бар екенін білу керек.) Бұдан кейін есептің шартына қарап "Бізге не берілген?" деген сұраққа жауап алуға болады.
Бірақ, есептің берілгені басқаша құрылған болса, мысалы, "Қанаттың 4 асығы, ал Мараттың -5. Олардың қанша асығы бар?". Онда кез-келген оқушы "Есептің сұрағына жауап беру үшін, нені білу керек?" деген сұраққа бірден жауап бере алмайды. Себебі "олардың" деген сөз оқушылардың зейінін Қанат пен Маратқа аудармайды.
Сондықтан (кейбір оқушылар үшін), "олардың" деген сөздің мағынасын ашу керек. Ол үшін оқытушы "олардың" деген сөзді "Қанат пен Мараттың екеуінің барлығы" деген сөзбен ауыстырып, есептің сұрағын қайта құруына болады. Бұл кейбір оқушылардың, "Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек?" деген сұраққа сенімді жауап
беруіне көмектеседі.
Оқушыларды есептің сұрағын қайта құру тәсіліне үнемі жаттықтырып отыру, бұдан да күрделірек есептерді өз беттерінше шығарғандарында қолдануларына көмектеседі.
Егер, есептің сұрағын қайта құру мүмкін болмаса, яғни оқушылар есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек екенін ашып көрсете алмаса, онда есептің талдауын "шартынан сұрағына қарай" жүргізу немесе тірек сөздерін анықтау тәсілін қолдану керек. Мысалы, мына есепті шығарғанда: "Қорада 8 қой тұрған, үш қойды әкетті. Қорада қанша қой қалды?".
Көпшілік оқушылар "есептің сұрағына жауап беру үшін, нені білу керек?" деген сұраққа бірден жауап бере алмаса да, "кетті" деген сөзге қарап, есепті шешу үшін азайту амалының керек екенін дұрыс таңдай алады. Сондықтан оларға өз беттерінше есептің шартына талдау жасату керек. Ол үшін ең алдымен оқушыларға есептің берілгендерінен сұрағына карай талдау жасауды үйрету қажет.
Мұндай жұмысты жай есептерді шығарту кезінде, әр түрлі көрнекіліктерді қолдану арқылы бастаған дұрыс. Бірақ, бұны былай деп түсінбеу керек: тақтаға 8 қойдың суретін қойып (бейнелік көрнекі құрал), одан кейін 3-уін алып тастап (алып кетті деп), қалған қойларды оқушыларға көрсетеміз (қалған қойларды орындарынан жылжытып, есептің сұрағына жауап береміз) деп. Бұл жағдайда арифметикалық амалды таңдау өзінің мағынасын жоғалтады, себебі осылай қолданған көрнекілік ненің беріліп, нені табу керек екенін түсінуге мүмкіншілік бермейді. Бұл жағдайда бәрі белгілі: тақтаға қойылған 8 қой, одан кейін алып тасталған 3 қой және қалған 5 қой. Сондықтан да болуы керек кейбір оқушылардың мынандай шешім беретіні: 5+3=8.
Есептегі "белгілі" және "белгісіз" шамаларды түсінулері, сол сияқты арифметикалық амалдарды орындаудың қажеттілігін саналы түрде меңгерулері үшін көрнекілікті қолданғанда, белгісіз шаманы санау арқылы табу мүмкіншілігін болдырмау керек. Ол үшін, есепті талдауды берілгендерінен белгісізіне қарай жүргізе отырып, көрнекілікті мына түрде қолдануға болады. Оқытушы оқушыларға төмендегідей сұрақ қояды: "Қорада қанша қой бар еді?" (8). Олар 8 дөңгелекті санап жәшікке салады. Одан кейін есептің берілгендерін талдап, келесі белгілі шаманы анықтайды (3 қойды әкетті). Жәшіктен 3 дөңгелекті алып, қойдың кеткенін қолдарымен көрсетеді. Қорада қалған қойларды көрсететін дөңгелектер жәшікте жатқанын анықтайды. Қанша қой қалғанын білу үшін арифметикалық амалды орындау қажет.
Есепті қысқаша жазу үшін тірек сөздерін анықтау керек. Бұл есеп
үшін: "болғаны" (қорада тұрған 8 қой), "кеткені", "қалғаны".

Қысқаша жазу:

Болғаны - 8 қ.
Кеткені - 3 қ. Қалғаны - ?

Болғаны 8қ.

Кеткені
3 қ.

Қалғаны
?

Айтылғандарды талдай келе, есептің берілгендерін түсіндіру, оны талдаумен тығыз байланысты деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан да, көп әдіскерлер есептің берілгенін оқушыларға жеткізу бөлімін алғашқы талдау деп атайды.
Есепті талдаудың нәтижесінде, оны шешетін арифметикалық амалы анықталады (егер ол жай есеп болса) және шешетін жоспары құрылады (егер құрама есеп болса). Осыдан кейін келесі кезеңге өтуге болады:

  1. Шешуін және жауабын жазу.

  2. Есеп шешілгеннен кейін жүргізілетін жұмыстар. Бұған, есептің шешуін тексеру, басқа арифметикалық тәсілдермен шығару (егер құрама есеп болса), сол сияқты оқушылардың есептің шарты мен сұрағының, белгілілері мен белгісіздерінің арасындағы байланыстарды дұрыс түсінуі үшін әртүрлі түрлендірулер мен салыстыру тәсілдерін қолдану жатады.

Оқытушы көрсетілген кезеңдерге сүйене отырып, оқушыларды есеп шығаруға үйретуде, алдына мынандай мақсат қояды: есептің мазмұнын оқи алу дағдысын қалыптастыру, берілгені мен ізделінділерінің арасына бір мәнді байланыс жасатып талдату, шешуі мен жауабын жазғызу. Ол алдына қойған осы мақсатына байланысты, әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолданып оқушыларды жұмыс істеуге ұйымдастырады. Оқытушының бұл тәсілдерді білуі және әртүрлі есептермен жұмыс істегенде қолдана алуы – бастауыш сынып оқушыларына мәтінді есептерді шығаруға үйретуге қажетті шарт.
Осындай тәсілдердің біразын келтіреміз:

  1. Есепті шартынан сұрағына қарай барлық оқушылармен талдау...

  2. Есепті сұрағынан шартына қарай барлық оқушылармен талдау...

  3. Қысқа жазу...

  4. Кесте...

  5. Деформацияланған жазу (схема)...

  6. Берілген шартын қосымша сұрақтармен толықтыру...

  7. Сұрағын шартымен толықтыру...

  8. Есепті екі сұрақпен шешу ...

  9. Бастаған шешуін жалғастыру...

  10. Екі есептің мазмұнын салыстыру...

  11. Екі есептің шешуін салыстыру...

  12. Есептің сұрағын өзгерту...

  13. Берілгендерінің біреуін өзгерту ...

  14. Есептің берілгенін өзгерту ...

  15. Дайын шешуін талдау ...

  16. Есептің мазмұны бойынша оқытушының құрған өрнегін талдау...

  17. Дұрыс емес шешуін талдау ...

  18. Ұсынылған екі - үш шешулерінен дұрыс шешуін таңдау ...

  19. Берілгендері жеткіліксіз есепті шешу ...

  20. Берілгендері артық есепті шешу...

  21. Суреті бойынша есеп құрастыру ...

  22. Шешуі бойынша есеп құрастыру...

  23. Кестедегі берілгендері бойынша есеп құрастыру...

  24. Сұрағын өзгерту арқылы жай есепті құрама есепке түрлендіру ...

  25. Шартын өзгерту арқылы жай есепті құрама есепке түрлендіру ...

  26. Екі жай есептен құрама есеп құрастыру ...

  27. Есептің шешуін жорамалдап тексеру...

  28. Есептің шешуін, есептің жауабы мен берілгендерінің біреуінің арасына байланыс жасай отырып тексеру ...

  29. Есепті, оған кері есеп құрастырып шығару арқылы тексеру ...

  30. Есепті әртүрлі тәсілмен шығару (егер ол мүмкін болса) т.с.с.

Осы тәсілдерді студенттер меңгерулері үшін бірнеше Практикалық сабақтар өткізіледі.
Практикалық сабақтар

  1. Қосу және азайту амалдарына берілген жай есептерді шығаруға дайындық жұмыстар.

  2. Қосу және азайту амалдарына берілген жай есептерді шығару және құрама есептерді шығаруға дайындау.

  3. Қосу және азайтуға берілген құрама есептерді шығару.

  4. Көбейту және бөлуге берілген жай есептерді шығаруға дайындық жұмыстар.

  5. Көбейту және бөлуге берілген жай есептерді шығару.

  6. Көбейту және бөлуге берілген құрама есептерді шығару.

  7. Қозғалысқа берілген есептерді шығару.

  8. Қозғалысқа берілген есептерді бірнеше тәсілмен шығару.

  9. Бастауыш математика курсындағы кері және өзара кері есептерді талдап шығару.
Практикалық жұмыстарды орындау үлгілері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет