7 - дәріс. Математика пәнінен оқу жылыныңІІ-тоқсанында оқытылатын оқу материалдарындәрістікжоспарлау Дәрістіңмақсаты: Математика сабақтарына дайындалудың алғашқы сатысында бастауыш математикалық білім берудің мемлекеттік стандарты, оқу жоспары мен оқу бағдарламалары сияқты нормативті құжаттарды оқып, осылардың негізінде оқу жылына немесе жарты жылдыққа арналған күнтізбелік жоспар жасалатынын студенттердің естеріне түсіру және 1-4 сынып математика пәндерінен оқу жылының ІІ- тоқсанында оқытылатын (практика кезінде өтілетін) оқу материалдарының дәрістік жоспарларын, сабаққа дайындалу және жоспарлау схемаларын жасауға баулу.
Мемлекеттікбілімстандарты дегеніміз – жалпы білім беретін мектептегі барлық пәндер бойынша оқушылардың алатын міндетті білім деңгейін, сондай-ақ олардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықтайтын мемлекеттік құжат.
Оқу жоспары дегеніміз – оқу пәндерінің құрамын, әрбір сынып және пән бойынша апталық сағат санын анықтайтын мемлекеттік құжат.
Оқубағдарламасы дегеніміз – оқу пәні бойынша оқытудың мазмұнын, оқушыларға берілетін білімнің көлемін анықтайтын мемлекеттік құжат. Оқу бағдарламасындағы пәннің негізгі мазмұны оқулықтарда нақтыланады.
Күнтізбелік жоспарлау дегеніміз – жоспарлаудың неғұрлым жалпы түрі болып табылады. Онда бағдарламадағы материалдар тоқсандарға бөлініп, оның жекеленген дәрістарын оқытуға бөлінетін сағат саны, өтілу мерзімі, оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқытуды ұйымдастырудың түрлерінің ерекшеліктері мен әдістері беріледі.
Күнтізбелік жоспарды басшылыққа ала отырып, мұғалім сабақтар жүйесіне дайындалуды жүзеге асыруы тиіс. Осының барысында Дәрістік жоспар жасалады.
Дәрістікжоспарлау дегеніміз – сәйкес сабақтар жүйесіндегі негізгі функцияларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын көрсету.
Дәрістік жоспар жасау нәтижесінде мұғалім әрбір дәрістың
өзекті мәселелерін нақты сабақтарға бөліп, оқулықтағы түрлендірілетін тапсырмаларды, қайталаудың түрлерін, бақылау жұмыстары мен үй тапсырмаларының мазмұнын алдын-ала анықтайды. Сонымен қатар Дәрістік жоспар әр сабаққа арналған дидактикалық материалдарды, көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды тиімді іріктеп алуға және алдын-ала даярлауға мүмкіндік береді, өткізілетін сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың сипатын анықтауға және оларды өзара үйлестіруге көмектеседі.
Толық жасалған Дәрістік жоспар, сабаққа дайындалу және жоспарлау схемасын жасау мұғалімнің сабаққа дайындалуға кететін уақытын үнемдеуге, күнделікті сабаққа жоғары дәрежеде әзірленуіне, сондай-ақ мұғалімнің өз еңбегін ғылыми түрде дұрыс, әрі тиімді ұйымдастыруына мүмкіндік береді.
Жабдығы:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
12 жылдық орта білім берудің мемлекеттік стандарты (бірінші саты);
1-4 сыныптардың типтік бағдарламасы.
Әдістемелік оқулықтар.
Бастауыш сыныптардың оқулықтары және мұғалімдерге арналған көмекші құралдар, дидактикалық материалдар.
1-4 сыныптарға арналған электрондық оқулықтар, электрондық дидактикалық оқу құралдары, мультимедиялық оқу бағдарламалары.
«Бастауыш мектеп», «Начальная школа», «Начальная школа Казахстана», «Ашық сабақ», т.б. мерзімдік басылымдар.
Математикадан күнтізбелік жоспар, Дәрістік жоспарлау үлгілері, сабаққа дайындалу және жоспарлау схемасы.
Практикалық жұмыстарды орындау үлгілері
Математикадан күнтізбелік жоспар жасауда профессор Ш.Х.Құрманалина және С.Қ.Құрманалина (101) т.б. ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алу ұсынылады.
Үлгі-1. Математикадан күнтізбелік жоспар
2 сынып, ІІ тоқсан. Кестелік қосу және азайту. (28 сағат)