Математика сабағы – математика пәнінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып жасалған, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде дидактика анықтаған сабақтың өзіндік көрінісі, дербес түрі.
Сабақ жоспары– мұғалім мен оқушылардың сабақтағы іс-әрекетінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерінің жиынтығын және ұйымдастырылу түрлерін анықтайтын және реттеп отыратын құжат.
Күнделікті сабақ жоспары күнтізбелік және Дәрістік жоспарларға, бағдарламаның мазмұнына, өзінің сынып жөніндегі біліміне, оқушылардың дайындық, даму дәрежесіне және сабақты өткізудің шартына сүйене отырып, жасалады.
Математика сабақтарында білімдік, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық сияқты міндеттер іске асырылады.
Математика сабақтары ең алдымен, оқушыларды математикалық
білім, білік және дағдылардың жүйесімен қаруландырады, яғни ол білімдік міндет атқарады. Математика сабақтарында математикалық білімнің мазмұны және оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушының іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары мен орындалатын Дәрістің түрлері оқушының бойында қандай да бір сапалық қасиеттердің қалыптасуын жүзеге асырады, демек математика сабақтарында тәрбиелік міндет те шешіледі. Сондай-ақ сабақ барысында оқушыларға әралуан іс-әрекеттер, соның ішінде ақыл-ой іс-әрекеттерін (салыстыру, жалпылау, абстракциялау, топтастыру, жүйелеу және т.б.) орындауға тура келеді. Ендеше, математика сабақтары дамытушылық міндет те атқарады. Осының бәрі баланы өмірге бейімдейді, дайындайды, демек математика сабағы практикалық міндеттерді де атқарады.
Математика сабағының жоспарын жасауда басшылыққа алынатын негізгі әдістемелік талаптар:
Сабақтың тақырыбын анықтау.
Оқулық бойынша сабаққа арналған оқу материалдарын талдау.
Сабақтың мақсатын анықтау (білімдік, дамытушылық, тәрбиелік және практикалық міндеттерін).
Мақсатына байланысты сабақтың типін, оның әрбір кезеңдеріне қойылатын талаптарды айқындау.
Сабақтың мақсатына және оның әрбір кезеңдеріне қойылған талаптарға байланысты оқу материалдарын іріктеп алу.
Оқушылардың іс-әрекетін басқару үшін мұғалімнің қолданатын әдістерін анықтау.
Оқушылармен жүргізілетін жұмыстарда қолданылатын әдістерді анықтау.
Оқыту құралдарын таңдау (оқулықтарды, дидактикалық материалдарды, көрнекі құралдарды, оқытудың жаңа техникалық құралдарын).
Сабақта қарастырылған материалды бекіту формаларын ойластырып, оған материалдар дайындау.
Дидактикалық мақсатына байланысты сабақтың төмендегідей типтерін еске түсіру:
Жаңа материалды игеру сабағы.
Бұл сабақтың негізгі мақсаты: жаңа ұғымды енгізу, олардың қасиеттерін ашу (немесе оларды құру ережелерін енгізу т.с.с.). Үйге тапсырма беріп сабақты қорытындылау.