Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»


Білімді бекіту және практикада қолдана білу сабағы



бет53/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Білімді бекіту және практикада қолдана білу сабағы.


Негізгі мақсаты: үйренген білімді қалыптастыру және жүйелеу.
  1. Бастауыш сыныптар мұғалімінің көбінесе қолданатыны аралас сабақ.


Негізгі мақсаты: жаңа ұғымдарды беріп, оны бекіту. Оның құрылымы мынадай бес кезеңнен тұрады: ұйымдастыру кезеңі; өткен материалмен жұмыс; жаңа материалмен жұмыс; үй тапсырмасы және сабақты қорытындылау.
  1. Алған білімді бір жүйеге келтіретін жалпылау, қайталау сабағы.


Негізгі мақсаты: өтілген, үйренген ұғымдарды, материалдарды жалпылау және жүйелеу.
  1. Білім, білік және дағдыны бақылау сабағы.


Негізгі мақсаты: оқу материалын оқушылардың ұғыну дәрежесін анықтау. Бақылау сабағының құрылымы мынадай кезеңдерден тұрады: ұйымдастыру кезеңі; мұғалімнің тапсырма ұсынуы; тапсырмаларды орындау жөнінде нұсқаулар беру; оқушылардың тапсырманы орындауы; орындалған тапсырманы өткізу (немесе оның орындалуын тексеру); үйге тапсырма беру; сабақты қорытындылау.
Соңғы кездері мерзімді педагогикалық басылымдардан тәжірибелі мұғалімдердің сабақтың жаңа түрлерін қолданып жүргендері белгілі. Атап айтар болсақ, олар мыналар: сайыс-сабақ, ойын сабағы, жарыс сабағы, жарнама сабағы, концерт-сабақ, аукцион-сабақ, т.б. Сондай-ақ жаңашыл- эксперимент-шіл мұғалімдер мектеп тәжірибесіне интеграцияланған сабақ, панорамалық сабақ, диспут-сабақ, проблемалық сабақ сияқты сабақ түрлерін енгізу бағытында қыруар жұмыстар атқаруда.
Үлгі - 1. 3-сыныпта өткізілетін сабақ жоспарын жазу нұсқасы Сабақтың тақырыбы: Білімді бекіту.

Сабақтың мақсаты: 1. Өткен материалдарды оқушылар қалай меңгер-гендерін анықтап жүйелеу, кестелік көбейту мен бөлуді шапшаң орындауға машықтандыру.

  1. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ой өрісін дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа баулу. Пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

  2. Елін, жерін құрметтеуге, ұжымдық топтың намысын қорғай білуге тәрбиелеу, атадан қалған мұраларды, көне жәдігерлерді қастерлеп, көзінің қарасындай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін ұлтжанды азамат дайындау.

  3. Игерілген есептеу тәсілдерін, қазақтың этнопедагогикалық материалдарын тұрмыстық мәселелерді шешуде пайдалана білуге баулу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет