Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»



бет54/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Сабақтың түрі: Бәсеке сауда, аукцион – ойната үйрету, оқыту сабағы.
Сабақтың типі: Білім, біліктерді бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: Ойландыру, баяндау, көрнекілік әдіс, сұрақ-жауап, тренинг.
Пәнаралық байланыс: Тарихи мағлұматтар, халық тағылымдары, сәндік-қолданбалы өнері.
Көрнекілік: Касса, билеттер, «Атадан қалған көне жәдігерлер, мұралар» - деген көрнекті жазу, өте құнды ыдыс-аяқтар, музыкалық аспаптар, сәндік бұйымдар; дөңгелектер (жетондар) және ағаш балға (гонг), интерактивті тақта, слайдтар мен флепчарттар.
Сабақтың барысы:

I . Ұ й ы м д а с т ы р у к е з е ң і . Сабақ өтуге балалардың зейінін аударып, қалыпты жұмыс жағдайын жасау.
І І . К і р і с п е ә ң г і м е .

  • Бүгін, балалар, біз сендерменен бірге бір ерекше сабақ өткізгелі отырмыз.

  • Аукцион деген сөзді қалай түсінесіңдер? (көпшілік алдында сатылатын затқа кім көп ақша берсе, соған сатылатын бәсеке сауда).

Көне жәдігер деген не, кім айтады?
Көне жәдігерлер, яғни атадан қалған мұралар дегеніміз - бұл өте көнекөз құнды заттар, яғни біздің ұлттық құндылықтарымыз.
Мұндай заттарды сараптаушылардың, жас өнер танушы мамандардың өнер Академиясында дайындалатыны, олардың шетел сарапшыларымен тығыз байланыстары туралы т.б. қысқаша мәліметтер беріледі.

  • Біз бүгін сендермен бірге «Көне жәдігерлер, тарихи мұра» дүкенінде сауда жүргіземіз. «Көне жәдігерлер» дүкенінде не сатылуы мүмкін? Негізінде мұнда: шет елге барғанда ескерткіш үшін алып баратын немесе шетел саяхатшылары ескерткішке сатып алып кететін, іші-сырты мұқият өңделіп, сыртына ою-өрнек ойылған ыдыс-аяқтар, қазақтың өте көне музыкалық аспаптары (домбыра, қыл-қобыз, шертер, жетіген, даңғыра мен асатаяқ, сыбызғы т.б.), зергерлік бұйымдар (түсті металдардан, әсіресе алтын, күмістен соғылатын сәндік бұйымдар - сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, тана) т.б. қажетті құнды заттар сатылады.

Бұл дүкенге кіру үшін кассадан билет алуымыз керек. Дұрыс жауап беріп алған билеті бар топтар ғана дүкенге кіре алады.
Ұжымдық жұмыс:
№1 билет (І-қатарда отырған оқушыларға беріледі, слайд-1):

  1. Егер санды 1-ге көбейтсек не шығады? (сол санның өзі шығады,

а ∙ 1 = а)

  1. Кез-келген санды өзіне-өзін бөлсе не шығады? (1 шығады, а : а =

1)

  1. Азайтқышты қалай табуға болады? (азайғыштан айырманың мәнін

аламыз: а - х = b х = а - b).

  1. 7 саны 63-тен неше есе кем? (9 есе кем, 63 : 7 = 9).

  2. Үшбұрыштың периметрін табу дегеніміз не? (Үшбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын табу: Р = а + b + с).

№2 билет (ІІ – қатарға, слайд-2):

  1. Кез-келген санды 0-ге көбейтсек не шығады? (0 шығады, а ∙ 0 = 0).

  2. Егер 0-ді кез-келген санға бөлсе не шығады? (0-шығады, 0 : а = 0).

  3. Бөлгішті қалай табуға болады? (Белгісіз бөлгішті табу үшін, бөлінгішті белгілі бөліндінің мәніне бөледі: а : х = b, х = а : b).

  4. Бір сан екінші бір саннан неше есе артық екенін білу үшін не істеу керек? (Бір санның екінші саннан неше есе артық екенін білу үшін үлкен санды кіші санға бөлу керек).

  5. Шаршы дегеніміз не? Табанының периметрі мен ауданы неге тең? (Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш. Р = 4а, S = а2).

№3 билет (ІІІ қатарға, слайд-3):

  1. Кез-келген санды 0-ге бөлсек не шығады? (0-ге бөлуге болмайды).

  2. Кез-келген санды 1-ге бөлсек не шығады? (Сол санның өзі шығады, а : 1 = а).

  3. Белгісіз көбейткішті қалай табуға болады? (Көбейтіндіні белгілі көбейткішке бөлеміз: а · х = b, х = b : а).

  4. Бір сан екінші саннан неше есе кем екенін калай білуге болады? (Үлкен санды кіші санға бөлеміз).

  5. 48 саны 8 санынан неше есе артық? (6 есе, 48 : 8 = 6).

  • Жарайсыңдар! Билеттерді түгел сатып алдыңдар. Математикалық дайындықтарың жақсы екен! Енді әрқайсыларың бос орындарға отырып, саудаға қойылған заттарға зер салыңдар.

I I I . А у к ц и о н д ы б а с т а й м ы з ! ! !
Сауданы бастамас бұрын оның шарттарымен танысайық:
1 үлкен дөңгелектің (жетонның) бағасы - "4", 2 үлкен дөңгелектің
бағасы -"5"; 5 кішкентай дөңгелектің бағасы - "5", 4 - "4", 3 - "3".
Ұқыпты тыңдаңдар! Берілген тапсырманы дұрыс орындасаңдар тиісті дөңгелектерді ұтып аласыңдар, яғни сол сатылатын заттың иесі болып шығасыңдар және соңында сәйкес бағаларыңды аласыңдар. Көп зат сатып алған ұжым (қатар) марапатталады.
Саудаға мойынға тағатын «Тұмарша» шығарылады. Оны шебер зергерлер күмістен түрлі зер жүргізіп, алтынмен булап, бұрыштап жасаған және мойынға тағатын алтынан әсемдеп жасалған шынжыр бауы бар. Оның іші қуыс, онда дұға сақталады. Тұмар адамды пәле-жаладан, тіл-көзден сақтайды деп білген. Өте әдемі және қымбат.
Т а п с ы р м а (слайд-4, дұрыс жауаптарға кішкентай дөңгелектер беріледі):
а) 4 адам 4 сағат бойы дойбы ойнады. Әр ойыншы неше сағат ойнады? (Әр адам 4 сағаттан ойнады);
ә) Бала 10 теңгеге 2 қалам сатып алды. Осындай 5 қаламға неше теңге төлеуі керек? (25 т.);
б) Екі жұп санды қосқанда қандай сан шығады? (жұп сан);

  • Екі тақ санды қосқанда қандай сан шығады? (жұп сан);

  • Үш жұп санды қосқанда не шығады? (жұп сан);

  • Үш тақ санды қосқанда қандай сан шығады? (тақ сан, 3+3+3=9);

  • Тәуіліктің алтыдан бір бөлігі неге тең? (24 сағ : 6 = 4 сағ).

  • Сонымен, тұмар сатылды! (Балғаның дауысы шығады. Дөңгелекті көп алған оқушы тұмарды алады).

Келесі аукционға шығатын зат – «Тегене», дөңгелек шұңғыл ыдыс.
Сабадағы қымыз осы ыдысқа құйылады.
Іші-сырты мұқият өңделген, алтын жалатқандай безендіріліп салынған ою-өрнек, көздің жауын алатын гүлдер, осы гүлдердің арасында ән салып тұрған құстардың бейнесі. Өте қымбат зат.
Т а п с ы р м а (Құнына үлкен дөңгелектер беріледі, слайд-5):
Есеп. Өлкетану үйірмесіне 8 қыз бала және одан 2 есе артық ұл бала қатысады. Үйірмеге неше ұл бала қатысады?
Қыз -8
Ұл - ?, 2 есе артық. Шешуі:
8 ∙ 2= 16
Жауабы: 16 ұл бала (Тегенені есепті шығарған оқушы ұтып
алады).
Келесі аукционға шығатын зат – «Шолпы». Бой жеткен қыздар бұрымына шолпы тағатын болған. Шолпы, күміс теңгелердің бірнешеуін бір-біріне кішкене шығыршықтар арқылы әшекейлеп жалғастырып, күміс шынжырдан, мататан ызылған бау тағады. (Кішкентай дөңгелектер.)
Осы заттың иесі болу үшін мына тапсырмаларды орындау қажет.
Құрастырылған мына өрнекте 81 : (54 - 54) бөліндінің мәні болмайтынын дәлелдеу керек, (өйткені, 54 - 54 = 0, 1 : 0!, санды нольге бөлуге болмайды).

  • Осы тапсырманы орындаған кішкентай дөңгелектің иесі болады және затты сатып алады.

Келесі зат, қазақ қыздарының сәндік бұйымдарының бір тамаша үлгісі –
«Алқа». Оны өңіржиек деп те атайды. Алқа төртбұрышты, әбден жұқартылған, іші қуысталған күміс қабатынан әсемделіп жасалады. Аса құнды, қол еңбегі.
Т а п с ы р м а (Кішкентай дөңгелектер, слайд-6):

  1. Серік жаттаудың жартысын жаттады – бұл сегіз жол. Жаттауда неше жол бар? (2 ∙ 8 = 16).

  2. Өнер көрсетуге жиналған 24 оқушы 4 топқа бөлінді. Әр топта неше оқушыдан болады? (24 : 4 = 6).

  3. Айгүл кітаптың 1/3 бөлігін оқыпты, яғни 9 бетін. Кітапта неше бет бар? (9 ∙ 3 = 27).

  4. Матаның бір тобында 20 м. Апам 1/4 бөлігін кесіп алды. Апам неше метр мата кесіп алды? (20м : 4 = 5м).

  5. Берік ораулы темір сымнан 6 м кесіп алды, бұл сымның 1/5 бөлігі. Бір орам сымда неше метр сым бар? (6 ∙ 5 = 30).

  • Жарайсыңдар, балалар! Біз сендермен бірге біраз заттарды сатып болатын болдық. Біздегі қалған заттар, олар: білезік, сақина мен жүзік, сырға, сәукеле т.б.

Саудаға өте сәнді жасалған «Білезікті» шығарайық. (Кішкентай дөңгелектер.) Оны қыз-келіншектер де, орта жастағы әйелдер мен үлкен әжелер де қолдарына салады. Білезік көбінесе күмістен, таза алтыннан, гауһар т.б. құнды тастармен әшекейленіп жасалады. Бұған қоса бірнеше асыл тастардан тұратын «Үзбелі білезіктер» де болады.
Т а п с ы р м а (Слайд-7):

  1. Қандай сандар жасырынып тұр, яғни қандай 3 таңбалы саннан 2 таңбалы санды азайтқанда 1 қалады?

   –   = 1 (100 – 99 = 1).

  1. 4 баланың әрқайсысы 5 шардан үрлеп әкелді. Балалар барлығы неше шар үрлеп әкелді.

  2. Осы есепке кері есеп құрастырып шығар.

Бұл үшін кішкентай дөңгелектер және көп ұтқан оқушыға білезік беріледі.
Бүгінгі сатылатын ең соңғы зат, ағаш шеберлерінің ағаштан сәндеп жасаған, қазақтың ұлттық тағамы – етті (бас, қазы-қарта, жал-жая) жасап тартатын «Жайпақ табағы». Қайыңды ағашты тұзды суға сап қайнатып, көлеңкеде дегдітіп барып асықпай шауып, ұңғып әдемілеп өңдейді. Бұл табақ, Есік қаласында тарихи қазба жұмыстарын жүргізгенде табылған құнды зат. Біздің ата-бабаларымыздың көзін көрген нағыз тарихи мұра.
Т а п с ы р м а (Кішкентай дөңгелектер, слайд-8):

деді.


  1. Қандай жағдайда екі санның қосындысы 1-ші қосылғышқа тең? (а + 0 = а), 2-ші қосылғышқа? (0 + а = а).

  2. Анасына баласы «Апа, мен бір ағаштан 64 жаңғақ жұлып алдым» -

Апасы, «Мені сендіру үшін маған 1/4 жаңғағыңның 1/4-ін бер. Сонда



мен саған сенемін» - деді. Ол қанша болады? (64 : 4 = 16, 16 : 4 = 4. 4 жаңғақ болады. Кішкентай дөңгелектерден көп алғанына табақ сатылады).

    • Жарайсыңдар, көп заттар сатылды, дайындалған тапсырмалар да орындалды. Енді бағаларыңды естіртейік:

5 кішкентай дөңгелек немесе 2 үлкен дөңгелек алған оқушы - «5» алады.
4 кішкентай немесе 1 үлкен дөңгелек алған - «4» алады. 3 кішкентай дөңгелек алған - «3» алады.
Оқушылардың білімдері бағаланып хабарланады. Көп бал жинаған қатарға «Үздік ұжым» атағы беріледі. Үздік оқушылар мадақталады және үйге тапсырма беріледі.
І V . « А у к ц и о н » с а б а ғ ы н ы ң қ о р ы т ы н д ы с ы :

    • Сабақта нені үйрендік?

    • Қандай тапсырмалар орындадық?

    • Қандай ережелерді еске түсірдік?

    • Сабақта жоспарлаған міндеттер шешілді ме?

    • Оқушыларға сабақ барысында қандай білім, білік және дағдылар қалыптастырылды?

    • Әр оқушының сабақтағы белсенділігі қандай болды?

    • Материалдар оқушылардың қиялдарын қанаттандырып, математикаға қызығушылықтарын арттыра алды ма?

    • Отанын, елін, жерін сүюге, ұлтжанды болуға тәрбиелей алды ма?

Егер, осы сұрақтарға толық жауаптар берілсе, онда сабақтың мақсатына жеткені.
Қай заманда болмасын есті де еңбек сүйгіш, елін, жерін, ата дәстүр салтын қадірлейтін қайырымды ұрпақ тәрбиелеу адамзаттың асыл парызы. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, білімді болуға үйретеді. Сол сияқты қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып-терген мол тәжірибелері бар. Сол тәжірибені халқымыз ең жақсы деген қасиеттерімен байытып, ұл-қыздардың бойына сіңіріп отырған. Алтындай жарқын, тот баспайтын ұлттық салт-дәстүр, мұраларды, білім мен тәрбиені жас жеткіншектердің бойына сіңіру ата-аналардың, ұстаздардың асыл борышы.
Бастауыш мектептегі балалар үшін ойын - оқу, еңбек және тәрбие құралы. Оқушы ойын арқылы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, қорытынды жасай білуге машықтанады.
Ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер, сабақта пайдаланылатын оқытудың жаңа технологиялық құралдары, оқытудың жаңа технологиялары, сабақты түрлендіре түседі, баланың қиялын дамытып, зейінін кеңейтіп, оқушының білімге деген талпынысын оятады, өмір тәжірибелерін толықтырады.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сондықтан, математиканың қыры мен сырын, оқытудың жаңа технологияларын болашақ ұрпаққа оқытып, үйрету арқылы жеке тұлғаны дайындау мұғалім ретінде біздің де басты міндетіміз. Өйткені қоғам мен заман талабына сай, математикалық білім зор маңызға ие болып отыр.
«
Студенттердің өздік жұмысы

1-4 сыныптардың оқу-әдістемелік құралдарын пайдаланып, төмендегі көрсетілген сабақтардың жоспарларын дайындап, Практикалық сабақтарда өту және талдау.
Практикалық сабақтар:

  • Математика, 1-сынып. 2 санын қосу және азайту тәсілдері.

  • Математика, 2-сынып. Екі таңбалы санға бір таңбалы санды разрядтан аттап қосу және азайтудың сәйкес жағдайы.

  • Математика, 3-сынып. 8-ге көбейту және бөлу.

  • Математика, 4-сынып. Үш таңбалы санға көбейту және бөлу.


9- дәріс. Бастауыш мектептің математика сабақтарына көрнекі, оқытудың техникалық құралдарын дайындау және пайдалану



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет