Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»



бет55/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Дәрістің мақсаты: Бастауыш мектепте математиканы оқытуда қолданылатын көрнекіліктердің әдістемелік функцияларын еске түсіру; дидактикалық материалдарды, техникалық оқыту құралдарын дайындау мен пайдалану әдістерімен таныстыру; мультимедиялық оқыту бағдарламалары мен электрондық дидактикалық оқу құралдарын пайдалану жолдарын көрсету; алған саналы білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, жан жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Жаңа ұғымды немесе әрекет тәсілін оқытып-үйрету үшін, ең алдымен, түсіндірілетін қажетті материал іріктеліп алынады, сонан кейін түсіндіру кезінде қолданылатын көрнекіліктің түрлері және оқытудың әдістері сұрыпталады, ең соңында, оқушылардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыратын-дай жұмыс түрлері анықталады. Осы үш бағытта мұғалімнің жан жақты дайындалуы жаңа материалдың табысты игерілуінің негізін қалайды. Сондықтан, бастауыш мектептің оқу үдерісінде көрнекі құралдарды қолдану – негізгі әдістердің бірі болып табылады. Математика сияқты абстрактілі және формальді ғылымды оқытқанда бейнелерді, көрнекіліктерді пайдалануға ерекше көңіл бөлу маңызды. Көзбен көріп, қолмен ұстаған, өзі істеп тәжірибе жасаған баланың түсінігі басқаша болатыны аян.
Бастауыш сыныптарда, оның ішінде 1-сынып оқушыларының дайындық кезеңіндегі танымдық ерекшеліктеріне байланысты көрнекі құралдарды пайдаланбай сабақ өту мүмкін емес. Себебі, көрнекі құралдарды пайдаланғанда оқушылардың ойлау және қабылдау қабілеттері дамиды; жаңа материалды жете түсінеді, сабаққа деген белсенділіктерін арттырып, теориялық материалды терең игеріп, білімдерін практикада саналы пайдалануларына көмегін тигізеді. Әр түрлі көрнекі құралдарды пайдаланып өткізілген сабақ және сабақтан тыс тәрбие жұмыстары түсінікті және өте тартымды, қызық болып өтеді. Я.А.Коменский көрнекі құралдардың пайдасы туралы былай деген: «Мұның бәрі мұғалімнің іскерлігін кемітеді деп қорқуға болмайды... Балаларға сол көрнекі құралдарды мұғалімнің өзі істеді ме, әлде оны біреулер күні бұрын дайындап қойды ма дегеннің бәрі бір бәс, тек іске қажет болған жерде соның бәрі оның қолында болса болғаны. Мұғалім сол құралдардың қалай қолданылатынын ғана дәл көрсетіп үйретеді. Балалардың қолында дайын құралдардың болуы жақсырақ, ол кезде дайын құралдарға сүйенген бала қателік жібермеймін деп санайды, одан қалса, тәжірибелік жаттығуларға уақыт көбірек жұмсалмақ». Затта құбылысты, оның қасиеттері мен қатынастарын көру үшін балаға жай ғана көрнекілік емес, заттар мен олардың қасиеттері белгіленген модельдер (үлгілер) қажет. Көрнекі математикалық модельдер ретінде абстрактілі чертеждерді, сүлбілерді және сүлбілік суреттерді, белгілік модельдерді пайдалану қабылданған.
Көрнекі құралдарды қолдану: оқу материалын терең түсінуге және ұғынуға; тез және нәтижелі еске сақтауға; оқушылардың жас ерешеліктерін есепке алуға (11 жасқа дейінгі оқушыларда көрнекі-бейнелік және нысанды-амалдық ойлау басым болады. Дайындық кезеңнің материалдарын оқытып-үйретуде тиімді әдіс – көрнекі оқыту әдісі); көру арқылы материалды берік және саналы игеруге; күшіне деген сенімділіктің күшеюіне; елестету мен шығармашылық қиялдың дамуына; балаларға эстетикалық тәрбие беруге; бала сезімінің дамуына ықпал етеді.
Көрнекіліктер: кіріспе қызметін, түсіндіру қызметін, бағалау қызметін, нақтылау қызметін, анықтама қызметін атқарады және жалпылауларды тұрақтандыруға, проблемалық ахуал құруға көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет