Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»



бет56/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Үлгі 1. Сабақта мына мәселелерге көңіл бөлінуі керек:

  1. Көрнекілік принципіне және оның математиканы оқытудағы ерекшеліктеріне;

  2. Сабақтың әр түрлі кезеңдерінде оқу жабдығының топтамасын пайдаланудың тиімділігіне;

  3. Математиканы оқыту жабдықтарының кең қолданылатын түрлеріне.

Көрнекі оқыту құралдарды табиғи және суретті құралдар деп бөлу қабылданған. Математика сабағында пайдаланылатын табиғи көрнекі құралдарға: айналадағы өмірден алынған нәрселер (дәптерлер, қарындаштар, бумалы және жеке таяқшалар, текшелер, ойыншықтар т.б.) сол сияқты өмірдегі бар объектілер (өсімдіктер, жәндіктер, хайуанаттар т.б.) жатады.
Суретті көрнекі құралдар ішінен бейнелік көрнекі құралдар жеке бөлініп көрсетіледі: нәрселер, нәрселер мен фигуралардың қағаз бен картоннан жасалған кескіндері, суреттер салынған кестелер, толық ондықтар жазылған кеспе қағаздар, толық ондықтар қатары және т.б.
Бейнелік көрнекі құралдардан бірте-бірте шартты (символдық) көрнекі құралдарға көшуге болады. Олар: математикалық символдар (цифрлар, амал таңбалары, ">", "<", "=" қатынастар таңбалары), схемалық
суреттер, сызбалар.
Суретті көрнекі құралдарға техникалық оқу құралдары – экрандық көрнекі құралдар да жатады, олар: оқу фильмдері, диафильмдер, диапозитивтер, бейне және жазба таспалы материалдар, интерактивтік тақтада жұмыс істеу үшін жасалған слайдтар мен флепчарттар т.б.
1-4 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік топтамалар, ауызша және жазбаша есептеу үлгілері жазылған кестелер жиынтығы, мұғалімнің тақтада орындаған түсіндірме жазулары, мәтінді есептерді шығартуда қолданылатын қысқаша жазулар көрнекіліктерге жатады. «Математика-1» оқулығындағы мәтінді есептердің шартының қысқаша жазулары есепті шығаруда оқушыларға көмек болатындай шартындағы және ізделінді сандар арасындағы байланысты ашып көрсетуге жаттықтыру үшін қолданылады.
Мысалы: 1) 88 бетте 1-тапсырма:


Ағасы – 10 ж.
Інісі – 3 ж. ? кіші

Ағасы – 10 ж.
Інісі – ? 7 жас кіші

  1. 97 бет, №4. Есептер құрастыр және шығар:



Болды – 10 қап Сатылды – 8 қап
Қалды – ?

Түсте әкелгені – 6 жәшік Кешке әкелгені – 4 жәшік
Барлығы – ?

  1. 99 бет, №4. Есептер құрастыр және шығар:



Қозы – 10
Лақ – ? 3-уі кем

Бұзау – 5 ? артық
Құлан – 2

Есептердің тірек сөздерін анықтап, қысқаша жазуларын жазғызып, шығартып және жауабын тапқызғаннан кейін тақтаға мынадай тізбек жазғызамыз:


шарты





сұрағы





шешуі





жауабы

Бұл тізбекті өздері түсініп жазып, келесі есептерді шығарғанда осы тізбекке сүйене отырып талдап шығаратын болса, есепті шығару әдісін естеріне тез сақтайды және кейін де пайдаланатын болады.
Схемалық суреттері мен қысқаша жазулары бойынша есеп құрастыртып шығарту – оқушылардың мәтінді есептерді шығару біліктерін қалыптастырады, есеп шығаруға қызығушылықтарын арттырады, білімді саналы игерулеріне көмектеседі. Бастауыш мектепте еске сақтау нәтижесі көрнекі материалға сүйенгенде жоғары болады (1-4 суреттер).

Кесте-1.


6 САҢЫРАУҚҰЛАҚ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет