Жабдығы: 1. Курстық жұмыстарды орындау үшін студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар.
2. Математиканы оқытудың теориясы мен технологиясынан бұрын орындалған курстық жұмыстар.
Тапсырма: 1. Алдын-ала жасалған курстық жұмыстардың дәрістерін бөліп беру.
2. Сол дәріс бойынша көрсетілген нұсқауларға сүйене отырып жұмысты дайындауға, педагогикалық практика кезінде оның негізгі жағдайларын сабақта тексеріп, қорғауға әзірлену.
Курстық жұмыстың үлгі дәрістері:
Мектепке дейінгі дайындық пен мектептің бастауыш сатысы арасындағы математикалық білім мазмұнындағы сабақтастық.
Математиканың білім мазмұнындағы мектептің бастауыш және орта сатысындағы сабақтастық.
Жүз көлеміндегі сандарды көбейту және бөлуді өткенде сабақтың тиімділігін арттыру жолдары.
Кестелік қосу және азайтуды оқытуда сабақтың тиімділігін арттыру жолдары.
Бастауыш сыныптарда шамаларды оқытудың тиімділігін арттыру жолдары.
Бастауыш сыныптарда алгебралық материалдарды оқытудың тиімділігін арттыру жолдары.
100 көлеміндегі сандарды қосу және азайтуды оқытуда сабақтың тиімділігін арттыру жолдары.
Геометриялық материалдарды оқытудың тиімділігін арттыру жолдары.
Қозғалысқа берілген есептерді шығартуда сабақтың тиімділігін арттыру жолдары.
Бастауыш мектеп математикасы жаңа мазмұнының ерекшеліктері.
Математиканы оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бастауыш сынып оқушыларының құрама есептерді шешу біліктерін қалыптастыру ерекшеліктері.