Дәрістің мақсаты: Бастауыш сыныптардың математика сабақтарына қатысып сабақтағы қолданылған әртүрлі әдістерді, мұғалімнің оқушылармен іс-әрекетін, ұйымдастыру тәсілдерін, оқушылардың ауызша және жазбаша жауаптарын бағалауын бақылап, оларға талдау жасауға студенттерді баулу.
Жабдығы: Сабақты және өзін-өзі талдау, ауызша және жазбаша жұмыстарды бағалау нормалары мен үлгілері.
Студенттер сабақты бақылағанда:
Мұғалім мен оқушының іс-әрекетіне, мұғалімнің іс-әрекетінен оның оқушылармен жүргізген жұмысына, таңдаған әдісі мен тәсілдеріне, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру түріне, сабақтың мақсатына жету үшін қолданылған оқу құралдарына көңіл аударуы;
Қатысып, талдайтын сабақтың тақырыбын алдын-ала білуі;
Қатысатын сабақтың мазмұнын оқулықтардан қарап танысып, ондағы берілген жаттығуларды, есептерді шығаруы;
Дидактикалық материалдардан осы дәрісқа арналған өзіндік және бақылау жұмыстарының мазмұнымен танысуы; үй тапсырмасын тексеруіне (қалай тексереді, тексеру әдістеріне көңіл аударуы); жаңа материалды түсіндіруіне (қандай әдістер пайдаланады); оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, тексеру әдістерін бақылауы; сабақтың әдістемелік қорына көңіл аударуы; үйге тапсырма беруіне (үй тапсырмасының мақсаты, мөлшері); сабақты қорытындылауына көңіл бөлуі керек.
Сабақты талдауда профессор Т.Қ. Оспанов (110) және т.б. ғалымдардың еңбектерін басшылыққа алу ұсынылады.
Үлгі - 1. Сабақты жан-жақты талдаудың үлгісі
Сабақ жайындағы жалпы мағлұматтар (сыныбы, пәні).
Сабақтың тақырыбы. Осы дәріс бойынша өтілетін сабақтар жүйесіндегі бұл сабақтың алатын орны.
Сабақтың типі мен құрылымы.
Сабақты ұйымдастыру:
оқушылардың сабаққа келуі және олардың сабаққа дайындығы;
оқушыларды оқу ісіне тартуда мұғалімнің пайдаланатын тәсілдері, жалпы сыныппен және жеке оқушымен жұмыс.
Сабақ жабдығы. Көрнекіліктің дәрісқа, талапқа сай және тартымды болуы. Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орындарының тиімді ұйымдастырылуы.
Сабақтың мақсаты:
сабақтың мақсаты дұрыс анықталған ба?
сабақта шешілетін білімдік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттері қалай шешілді?
Сабақтың мазмұны. Сабақтың материалы негізгі мақсат пен білім беру міндетіне сай ма? Сабақта қарастырылатын оқу материалының көлемінің жеткіліктілігі; сабақта мұғалімнің жұмысының әдістері мен тәсілдері, олардың оқу материалының мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі?
Сабақта саналы түрде есептеу дағдыларын қалыптастыру үшін қандай жұмыс жүргізілді? Ауызша есептеуге арналған есептер шапшаң, тиянақты есептей білу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізді ме? Теориялық материалды жетік білуі, есептеу дағдысын қалыптастыруға жәрдемі қандай? Әр сабақ сайын өткенді қайталауға, жаңа материалға дайындық жұмысына арнайы ауызша есептеуге 5-7 минут уақыт бөліне ме? Сабақтың тақырыбын аша түсетін жаттығулар мен есептердің жүйесі, оқытудың өмірмен байланысы. Проблемалық сұрақтардың қойылуы (анықтығы, көкейге қонымдылығы); кітаппен жұмыс істеуге үйретуі?
Оқушылар өзбетінше орындайтын жұмыстардың түрлері, олардың мазмұны. Математикалық терминдерді қолдану реті, теориямен практиканың бірлігі. Жаңа сабақты түсіндіруде, пысықтауда, қайталауда оқулықтағы мысал, есептер тиімді пайдаланыла ма? Есептер шығару барысындағы жұмыс. Оқушылар есеп мазмұнын талдай ала ма? Кысқаша берілгендерін жазу үшін негізгі сөздерді таңдай ала ма? Сабақ үстінде қанша есеп шығарылды? Шығарылған есептер бойынша шығармашылық жұмыс жүргізіле ме?
Ұйымдастыру және өткізу әдістерінің тәрбиелік мәні, оқушылардың сабақтағы мінез-құлқы; әрбір дидактикалық міндеттердің шешілу әдісі оқушылардың жасына сәйкестігі;
Сабақтың әдістемелік қорлары. Оқу материалын іріктеп алудың негізі, қолданылатын әдістердің жаңалығы, сабақтың мазмұны мен типіне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне оның сәйкес келуі, сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың қызметін жандандыру әдістері мен тәсілдері, үйге тапсырма беру және тексеру әдістемесі, оның көлемі мен мазмұны. Мұғалім әр оқушының үй тапсырмасын өз бетімен орындай алатынына
сенімді ме? Көрнекіліктерді шебер, орынды пайдаланды ма? Сабақ үстінде шығарылған есептер оқушыларды қызықтырып қана қоймай, олардың жан- жақты білім дәрежесін көтеруге жәрдемі тиді ме?
Мұғалімге сипаттама. Мұғалімнің сабаққа дайындығы, әдістемелік шеберлігі, мәдениеті, ұқыптылығы, сөйлеу мәнері, педагогикалық әдебі:
материалды білуі, оны түсіндіргенде оған берілуі;
оқушының психологиялық жағдайын ұғына білуі;
оқушылардың іс-әрекетін бақылауы (бақылау тәсілдері);
өз іс-әрекетін ұйымдастыра білуі;
тілі (дауыс екпіні, мәдениеті, бейнелеу шеберлігі, т.с.с.);
оқушылардың білімін бағалай білуі (әділдігі, уақтылығы, бағалау түрлерінің әртүрлілігі, сапасы);
сабақтың әрбір кезеңін қорытып отыруы;
сабақты бағалауы.
Сабақ жоспарының орындалуы. Мақсатқа қол жеткізуі. Жоспарланған сабақ пен нақтылы өткізілген сабақтың арасындағы қатынасты анықтау.
Қорытындылар мен ұсыныстар.
Математика сабағындағы ең бастысы – оның математикалық мазмұны мен тәрбиелік мәні. Ендеше, сабақ үстіндегі барлық қызмет осы екі нәрсені ендіруге бағытталуы тиіс.
Сабақ, оның әрбір кезеңіндегі педагогикалық міндеттердің шешілу нәтижесі бойынша бағаланады.
Сабақтың өту барысын бақылап, жазып отыратын дәптерді төмендегідей жүйе бойынша дайындау ұсынылады.
Үлгі - 2. Сабақтың өту барысын бақылау және талдау.
Пәні: күні: оқушы саны: Сабаққа қатысудағы мақсатым: Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты: 1.
2.
3.
а)
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылар- дың іс-әрекеті
|
Оқыту әдістері
|
Оқыту құралы
|
Оқыту формасы
|
Уақы- ты
|
Ескерту
|
|
|
|
|
|
|
|
ә) Оқушылардың білімін тексеру, бағалау
Сабақты талдау үлгісі (параметрлік):
Сабақтың мақсаты мен міндеттерінің қойылуы.
Өткен дәрістың қайталануы.
Оқушылардың зейінін жаңа дәрісқа аударуы.
Жаңа материалды игерудің әдіс-тәсілдері.
Өткен сабақтың жаңа сабақпен байланысы.
Сабақта проблемалық мәселені қоя білуі.
Таным белсенділігінің дамуы.
Ауызша есептеу, жазу дағдысының қалыптасуы.
Оқытудың жаңа технологияларын қолдануы.
Оқушының сабаққа және пәнге деген қызығушылығы.
Оқушының өз бетімен жұмыс істеу қабілеті.
Сабақтың ғылыми негізде меңгерілуі, түсінуге оңайлығы, оңтайлығы, жүйелігі.
Пәнаралық байланыс.
Мазмұнның маңыздылығы, білімнің өмірмен байланысы.
Қойылған бағалардың нақты болуы.
Жабдықталуы, көрнекіліктің қолданылуы.
Уақытты тиімді пайдалануы.
Білімді бақылау, бағалауы.
Үй тапсырмасының берілуі, дәлдігі, мөлшері.
Сабақтың тәрбиелік мақсатының орындалуы.
Достарыңызбен бөлісу: |