Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»



бет68/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

  1. Жоғарыда көрсетілген әдіс-тәсілдерді, схемаларды арқау ете отырып сабақ жоспарларын құрып өту және талдау:

  • Математика сабағы. 1-сынып. Тақырыбы: Сандар қатары. Бір таңбалы және екі таңбалы сан.

  • Математика сабағы. 2-сынып. Тақырыбы: Тік төртбұрыш. Есепті

әртүрлі тәсілмен шығару.

  • Математика сабағы. 3-сынып. Тақырыбы: 7-ге көбейту және бөлу.

  • Математика сабағы. 4-сынып. Тақырыбы: Фигураның ауданын табу. Палетка.

  1. Өздері практикаға баратын мектептің бастауыш сынып мұғалімдерінің математикаға қатысты жұмыстарымен егжей-тегжейлі танысып, жүйелеп жазу.

  2. Өздері сабақ беретін сыныпта:

  • Көрсетілген жабдықтармен толық танысып талдап, жүйемен жазу.

  • Өздері сабақ беретін бір сынып оқушыларында негізгі математикалық ұғымдардың қалыптасу деңгейін анықтау.

  • Оқушылардың белсенділік дәрежесін анықтау.

Педагогикалық тәжірибені толық жүргізіп болғаннан кейін, оның нәтижелерін ұжым болып талқылау, талдау және жазып шығу.
6. Практикалық (семинар)/ зертханалық сабақтарға арналған нұсқаулық.
Практикалық сабақ №1 Практикалық сабақ тақырыбы: Бағдарламаны және оқулықты логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдау. (1-2 сынып)
Мақсаты: Математика пәнінің оқу бағдарламасымен танысу; құрылымын, мазмұнын қарастыру; оқулықтың мазмұны мен құрылымын анықтау.
Тапсырмалар: 1. «Математика» пәніннің мақсаты мен міндеттері
2. «Математика» пәндері бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері
3. 1 сынып математика пәні мазмұнының оқу жылының тоқсандарына бөлінуі және оқу мақсаттарының жүйесі
4. 2 сынып математика пәні мазмұнының оқу жылының тоқсандарына бөлінуі және оқу мақсаттарының жүйесі
5. Оқулықтың мазмұны мен құрылымы және оқу бағдарламасымен сәйкестілігі
6. Топпен және жұппен орындауға ұсынылған тапсырмалар жүйесі.
Әдістемелік нұсқау: Студенттер «математика» пәнінің мақсаты мен міндеттерін жазбаша және ауызша түрде қарастырады, бағдарлама мен оқулықты талдайды, олардың салыстырмалы түрде шынайылығы мен маңыздылығы туралы ойланады, өз көзқарасын айтады және қорғайды. Оқулықтағы тапсырмалардың күрделілігін, жас ерекшеліктеріне сәйкестілігін жұптық, топтық жұмыстар барысында талдайды.
Өткізу формасы: Венн диаграммасы, ойлан-жұптас-бөліс, кластер
Бағалау критерийлері: 1. Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері туралы өз ойын тұжырымдайды;
2. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен білім беру процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды;
3. БМ математика пәнінің мақсат-міндеттерін біледі;
4. Оқу бағдарламаға сәйкес әр сыныпқа арналған сағат санын біледі;
5. «Математика» пәнінің мазмұнын оқулықпен сәйкестендіреді;
6. 1-2 сынып бойынша оқу мақсаттарының жүйесін анықтайды;
7. Оқулықтағы тапсырмалардың ерекшеліктеріне сәйкес өз пікірін білдіре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет