Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»



бет66/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Дәрістің мақсаты: Студенттерді кәсіптік педагогикалық пракатика барысында бастауыш мектепте математикадан сабақ беруге дайындау және педагогикалық практиканы талдап, қорыту әдістерін меңгерту.

Жабдығы: 1. Мұғалімнің күнтізбелік жоспарлары, сабаққа дайындалу мен жоспарлау схемалары және сабақ барысында пайдаланылатындай нақты жұмыс жоспары ретіндегі сабақ жоспары.

  1. Мұғалімнің жинақтаған оқу-әдістемелік, көрнекі құралдары; техникалық оқу құралдары: интерактивті тақта, слайдтар және т.б.

  2. Сабақты, сабақтан тыс жұмыстарды және өзін-өзі жан-жақты талдаудың үлгі схемасы.

  1. Кәсіптік практика кезінде студент әрбір сабағына өз бетінше дайындалуға, сабақ жоспарын жазуға және сабақ беруге, өтілген сабақты талдауға және математикадан сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуге үйренуі керек. Сабақ жоспарын жазуға дайындық жұмыстары математиканы оқыту теориясы мен технологиясынан өтілетін сабақтар барысында басталады. Бірінші рет сабақ жоспарын жасау студенттер үшін өте қиын жұмыс. Практикалық-Практикалық сабақтарда сабақ жоспарларын жазу үлгілері: «Жаңа дәрісты өтуге оқушыларды дайындау», «Жаңа дәріспен таныстыру», «Білім, дағды және іскерлікті қалыптастыру бөлімінде оқушылармен жүргізілетін жұмыс», «Оқыту нәтижесін тексеру», «Мәтінді есептерді шығару»; көрнекі және техникалық оқыту құралдарын тиімді пайдалану әдістері толық көрсетіліп, қажетті әдістемелік әдебиеттер тізімі беріледі. Студенттер әдебиеттермен танысқаннан кейін әдіскерге жолығып сұрақтарына жауап, бағыт-бағдар алады. Әдіскер өтілген бір сабақты толық талдап, талдау барысында неге ерекше көңіл бөлу керектігін көрсетіп, студенттердің сол нұсқаулар бойынша өз ойларын айтуын талап етеді.

Арнайы видео таспаларға, слайдтарға жазылған: «Көбейту алгоритмі»,
«Бөлу алгоритмі», «Есеп ұғымын беруге дайындық жұмыстар», «Мәтінді есептерді әртүрлі тәсілмен шығарту» т.б. сабақтары көрсетіліп, талданады. Осындай дайындықтардан кейін, бастауыш мектептердің алдыңғы қатарлы мұғалімдерінің сабақтарына қатысады. Әр қатысқанда студенттер бір ғана сабақты тыңдайды, оның есесіне сабақты толық талдауға көп уақыт жұмсалады. Сабақтың құрылымына, оның өтілу барысына, сабақтың алдына қойған мақсатының орындалуына ерекше көңіл бөлінеді. Студенттердің зейіні сабақта қолданылған көрнекі құралдардың, орындалған әрбір жаттығулардың, мұғалімнің қойған сұрақтарының қандай мақсатпен қойылғанына, сол сияқты алғашқыда қолданылатын көрнекі оқыту әдісі – нақты заттармен практикалық жұмыстардың орындалуына, көрнекіліктің абстракт түрі – сөздің қолданылуына, көрнекілік ретінде математикалық жазулардың қолданылуына, геометриялық және алгебралық ұғымдарға байланысты көрнекі оқыту әдіс- тәсілдеріне, есеп шығару барысында қолданылатын көрнекіліктерге: заттық иллюстрация; схемалық иллюстрация; оқушының түсінігін басшылыққа алу; есепті қысқаша жазу; ережеге сілтеме жасау; есептің мәтінін, яғни сөзін басшылыққа алу т.б. аударылады.
Әрбір студент V тоқсанда үш сабақтың жоспарын жасайды. Белгілі мерзімге бір сабақтың жоспары беріледі. Оны 4-5 студент өз беттерінше орындайды. Студенттердің жұмыстары практикалық, Практикалық сабақтарда талданғанға дейін тексеріліп, кемшіліктері көрсетіліп толықтыру үшін қайтарылады. Сабақ жоспарлары әртүрлі тәсілмен талданады. Студент дайындаған жоспары бойынша, сыныпта өткендей, басынан бастап аяғына дейін сабақтың барлық кезеңдеріне тоқталып, көрнекіліктерін қолданып, есептердің орындалуын тақтаға толық жазып, түсіндіріп өтеді. Осы дәрісқа сабақ жоспарын жазған қалған студенттер, осы жоспар бойынша өздерінің ескертулері мен толықтыратын жерлерін айтады, кейде өтілген сабақты қатты сынайтын да студенттер болады. Сабақты талдауға топтың барлық студенттері қатысады. Сабақтың соңында әдіскер өтілген сабақтың құрылымы, жетістіктері мен кемшіліктері туралы өзінің ойын айтып, алдағы уақытта қандай жағдайларға толығырақ тоқтауларына нұсқаулар мен ақыл-кеңестерін береді. Мұндай сабақтың талдаулары бір сағаттық кейде екі сағаттық сабақты алады. Соңында әдіскер сол дәрісқа жоспар жазған студенттерді жеке-жеке шақырып сабақ жоспарларын тексеріп, талдайды.
Сабақ жоспары жазылатын дәрістарды сараптағанда әр топта әртүрлі дәрістардың берілуіне және бір тоқсанда өтілетін сабақтармен шектелмеуге көңіл бөлінеді. Мектептегі практиканы өткізуге дайындық алдын-ала өтілетін сабақтардың жоспарларын дайындату емес,
сабақтардың жоспарларын жазуға үйрету деп, түсінеміз. Сабақ жоспарларын жазуға дәрістар беріледі.
Егер студент дайын жоспарды пайдаланған болса, онда оның ішіндегі жаттығулардың немесе есептердің қандай мақсатпен берілгенін түсіндіре білуі керек. Сондықтан өзбетінше орындалған сабақ жоспарлары жоғары бағаланады. Студенттер дайын сабақ жоспарларына сын көзімен қарауға, ондай кемшіліктерді болдырмау үшін немесе сабақтың жоспарын жетілдіру үшін не істеу керектігіне үйретіледі. Математиканы оқыту әдістемесінен жүргізілетін осындай практикалық-Практикалық сабақтардан кейін III курс студенттері педагогикалық практика кезіндегі алғашқы сабақтарына сабақ жоспарларын жазуда қатты қиналмайды. Сабақ жоспарын жазу қалыпты жағдайға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет