Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»


Практикалық сабақ №12 Практикалық сабақ тақырыбы: Жай есептердің түрлері және оларды шығару әдістемесі



бет74/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Практикалық сабақ №12 Практикалық сабақ тақырыбы: Жай есептердің түрлері және оларды шығару әдістемесі
Мақсаты: Жай есептердің түрлерін ажырата білу, жай есептерді шығару барысында студенттерге есеппен жұмыс жасаудың негізгі тәсілдерін игерту және бастауыш математика курсының аса маңызды ұғымдарының бірі — арифметикалық амалдар, олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғым қалыптастыру.
Тапсырмалар: 1. Арифметикалық амалдардың мағынасын ашып көрсететін есептер
2. Амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты көрсететін есептер
3. Қатынастың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептер
Әдістемелік нұсқау: Жай есептерді оқиды, түрін ажыратады, талдайды, топпен бірлесе отырып есепті шешу жоспарын құрастырады, қысқаша жазба түрінде жазады және есептерді шығарады. Тапсырмаларды тақтада және дәптерлеріне орындайды. Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығарады.
Өткізу формасы: Сұрақ-жауап, кластер, галлереяны аралау.
Бағалау критерийлері: 1. Жай есептердің түрлерін біледі және берілген есептердің түрін ажыратады;
2. Есептің шарты мен сұрағын бөліп көрсетеді;
3. Берілген есептерді талдайды, сәйкесінше сұрақ қояды, шешуін іздестіреді, қысқаша жазба түрінде жазады және шығарады;
4. Амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты тұжырымдайды;
5. Санды бірнеше есе арттыру /кемітуге және еселік салыстыруға берілген есептерді талдайды;
6. Кері есептерді құрастырады және шығарады;
7. Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығарады.

Практикалық сабақ №13 Практикалық сабақ тақырыбы: Түрлі мәліметтер мен мағлұматтар, сурет, кыскаша жазу, сызба, график, схема, кесте мен өрнектер бойынша есеп құрастыру


Мақсаты: Түрлі мәліметтер мен мағлұматтар, сурет, кыскаша жазу, сызба, график, схема, кесте мен өрнектер бойынша есеп құрастырудың негізгі тәсілдерін игерту және студенттердің сөздік қорын молайту, сыни ойлауын қалыптастыру.
Тапсырмалар: 1. Қоршаған ортадан алынған мағлұматтар бойынша есептер құрастыру, өмірмен байланыстырып талдау және шығару
2. Сурет бойынша есеп құрастыру, талдау және шығару
3. Сызба бойынша есеп құрастыру, талдау және шығару
4. Кесте бойынша есеп құрастыру, талдау және шығару
5. Қысқаша жазу есеп құрастыру, талдау және шығару
6. Өрнектер есеп құрастыру, талдау және шығару
Әдістемелік нұсқау: 1-4 сынып математика оқулығындағы сурет, кыскаша жазу, сызба, график, схема, кесте мен өрнектер түрінде берілген есептерді талдайды, мәтінді есеп құрастырады және шығарады. Тапсырмаларды тақтада және дәптерлеріне орындайды.
Өткізу формасы: Сұрақ-жауап, ойлан-жұптас-бөліс, ашық микрофон.
Бағалау критерийлері: 1. Қоршаған ортадан алынған мағлұматтар бойынша есептер құрастырады, талдайды, шығарады;
2. Сурет және сызба бойынша есептер құрастырады, талдайды, шығарады;
3. Кесте, қысқаша жазу және өрнек бойынша есептер құрастырады, талдайды, шығарады;
4. Пропорционал шамалармен байланысты және қозғалысқа берілген жай есептерді шығарады;
5. Заттың бағасын, санын, құнын табуға берілген жай есептерді шығарады;
6. Есептерді шығаруда оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет