Практикалық сабақ №14 Практикалық сабақ тақырыбы: Пропорционал шамаларға берілген құрама есептер
Мақсаты: Бастауыш сыныптарда пропорционал шамалармен байланысты төртінші пропорционал шаманы табуға (қарапайым үштік ережеге), пропорционал бөлуге және екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есептерді талдау және шығару әдіс-тәсілдерін меңгерту. Студенттерде шамалар арасындағы сәйкес байланыстар туралы білімді негіздеу.
Тапсырмалар: 1. Төртінші пропорционал шаманы табуға берілген есептер
2. Пропорционал бөлуге берілген есептер
3. Екі айырмасы бойынша белгісізді табуға арналған есептер
Әдістемелік нұсқау: 3-4 сынып математика оқулығындағы пропорционал тәуеділік арқылы байланысқан кез келген үш шаманы пайдалана отырып, төртінші пропорционалдық шаманы табуға берілген есептердің төрт түріне, пропорционал бөлуге берілген есептердің алты түріне, пропорционал тәуелділіктегі әр үштік шамадан тұратын топқа қатысты алғанда екі айырма бойынша белгісіздерді табуға берілген есептердің алты түріне қатысты есептерді шығарады. Жұптық, топтық жұмыстар барысында талдайды. Өткізу формасы: Сұрақ-жауап, ойлан-жұптас-бөліс.
Бағалау критерийлері: 1. Пропорционал шамаларға берілген құрама есептердің түрін ажыратады;
2. Берілген есептерді талдайды, сәйкесінше сұрақ қояды, шешуін іздестіреді, қысқаша жазба түрінде жазады және шығарады;
3. Есептің шартына байланысты оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын біледі (сурет салу, сызба сызу, кесте толтыру т.б.);
4. Заттың бағасын, санын, құнын табуға берілген құрама есептерді шығарады;
5. Уақыт бірлігі кезінде шығарылатын өнім, жұмыс уақыты, жалпы өнім шамалары бойынша құрама есептерді шығарады;
6. Сурет, кыскаша жазу, сызба, график, схема, кесте мен өрнектер бойынша есеп құрастырады.
Практикалық сабақ №15 Практикалық сабақ тақырыбы: Қозғалысқа берілген құрама есептерді сызба түрінде модельдеу және шығару
Мақсаты: Бастауыш сыныптарда бір-біріне қарама-қарсы қозғалысқа, бірінен – бірі қарама-қарсы қозғалысқа және бағыттас қозғалысқа берілген есептерді талдау және шығару әдіс-тәсілдерін меңгерту. Студенттерде шамалар арасындағы сәйкес байланыстар туралы білімді негіздеу. Сызба бойынша есеп құрастыру, талдау және шығаруға дағдыландыру.
Тапсырмалар: 1. Бір-біріне қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептер.
2. Бірінен – бірі қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептер.
3. Бағыттас қозғалысқа берілген есептер
Әдістемелік нұсқау: 4 сынып математика оқулығындағы қозғалысқа берілген құрама есептерді сызба, түрінде модельдейді және шығарады. Жұптық, топтық жұмыстар барысында талдайды. Тапсырмаларды тақтада және дәптерлеріне орындайды.
Өткізу формасы: Сұрақ-жауап, ойлан-жұптас-бөліс, кластер. Бағалау критерийлері: 1. Қозғалысқа берілген құрама есептердің түрін ажыратады;
2. Берілген есептерді талдайды, сәйкесінше сұрақ қояды, шешуін іздестіре алады;
3. Қозғалысқа берілген құрама есептерді сызба түрінде модельдейді және шығарады;
4. Есептің шартына байланысты оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын біледі (сурет салу, сызба сызу, кесте толтыру т.б.);
5. Сурет, кыскаша жазу, сызба, график, схема, кесте мен өрнектер бойынша есеп құрастырады.
6. Қозғалысқа берілген есептерді шығарады және түсіндіре алады.
Достарыңызбен бөлісу: |