Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»


Практикалық сабақ №6 Практикалық сабақ тақырыбы: «Көбейту және бөлу» тақырыптарына ҚМЖ құрастыру



бет71/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Практикалық сабақ №6 Практикалық сабақ тақырыбы: «Көбейту және бөлу» тақырыптарына ҚМЖ құрастыру
Мақсаты: Көбейту және бөлу тақырыптарының оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсатын саралап жазу және сәйкесінше тапсырмалар дайындауды, белсенді оқыту мен қалыптастырушы бағалаудың әдістерін қолданып оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды жоспарлау.
Тапсырмалар: 1. Орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды зерделеу;
2. Оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсатын саралап жазу
3. Сабақ мақсатына сәйкес сараланған тапсырмалар дайындау
4. Оқу материалы бойынша Блум таксономиясы ойлау дағлыларының деңгейлеріне сәйкес сұрақтар даярлау
5. Белсенді оқыту мен қалыптастырушы бағалаудың әдістерін қолданып оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды жоспарлау Әдістемелік нұсқау: Сабақтың тақырыбына сәйкес оқу мақсаты анықталады және сәйкесінше сабақ мақсаты сараланып жазылады. Сабақтың мазмұны, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері мен формалары, оқыту құралдары анықталады. Қойылған мақсат жүзеге асырылуы үшін сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен сұрақтар дайындалады.
Өткізу формасы: Сұрақ-жауап, SWOT – талдау, пікірталас. Бағалау критерийлері: 1. Сабақ мақсаттарын оқушылардың жеке қажеттіліктерін және оқу мүмкіндіктерін ескеріп саралап көрсетеді.
2. Белсенді оқытудың мәні мен мазмұнын түсінеді. Өз тәжірибесіне енгізе алады.
3. Қалыптастырушы бағалау әдістерін, кері байланыстың түрлерін біледі және оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалау әдістерін қолданудың маңызын түсінеді.
4. Тиімді оқу ортасына тән ерекшеліктерді біледі, өз тәжірибесінде проблемалық сұрақтарды қолдана алады;
5. Сабақта тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді саралап қолдана алады;
6. Белгіленген тақырыптарға сәйкес ҚМЖ құрастырады.
Практикалық сабақ №7 Практикалық сабақ тақырыбы: Көп таңбалы сандарды екі және үш таңбалы сандарға көбейту және бөлу
Мақсаты: Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды жазбаша көбейту алгоритмін меңгерту, студенттердің өз бетімен ізденушілік қасиетін, оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру
Тапсырмалар: 1. Разрядтан бір, екі және т.с.с. аттап көбейту және бөлу;
2. Нөлмен аяқталатын сандарға және сандарды көбейту және бөлу;
3. Көп таңбалы сандарды екі және үш таңбалы сандарға көбейту және бөлу алгоритмі;
4. Бөліндіде бір таңбалы, екі таңбалы және т.с.с. сандар шығатын екі таңбалы санға бөлу және сәйкес көбейту жағдайлары;
5. Бөліндіде нөлдер болатын жағдайда екі және үш таңбалы сандарға бөлу және көбейтудің сәйкес жағдайлары;
6. Көптаңбалы сандарға көбейткіштердің бірінде, бір немесе бірнеше разрядында нөлдер болатын жағдайда көбейту;
7. Көп таңбалы сандарды екі және үш таңбалы сандарға қалдықпен бөлу.
Әдістемелік нұсқау: Жазбаша және ауызша түрде әр түрлі жағдайларда көп таңбалы сандарды екі және үш таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлуді қарастырады. 3-4 сынып математика оқулығында қарастырылатын тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды тақтада және дәптерлеріне орындайды, жұптық, топтық жұмыстар барысында талдайды.
Өткізу формасы: Сұрақ-жауап, пікірталас, түсіндіру.
Бағалау критерийлері: 1. Әр түрлі жағдайларда көп таңбалы сандарды екі және үш таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолданады;
2. 3-4 сынып математика оқулығындағы тапсырмаларды орындай алады;
3. Белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет