Студенттердің сабақ жоспарын жазудағы негізгі жіберетін кемшіліктері:
сабақта берілетін материалдардың көптігі;
алынатын жаттығулар жүйелі болмай, кітаптағы көрсетілген мысалдар ретімен алына береді;
орындау үшін дайындық жұмыстары сабақта берілмеген жаттығулар үйге беріледі;
Дәрістің мазмұнын ашпайтын артық сөздер көп қолданылады;
мәтінді есептердің қысқаша жазулары, шығарылуы талапқа сай емес.
Практика жетекшісіне, студенттер бөлінген бастауыш мектеп мұғалімдеріне студенттің бірінші сабақ жоспарын жазуына жан-жақты көмектесуіне тура келеді. Көбінесе бірінші жоспары толықтырылып, қайта жазылады.
Өте жиі кездесетін кемшіліктерге мыналар жатады: дауыс ырғағы бірқалыпты баяу, негізгісін баса көрсетпейді, оқушыларды өзіне тарта алмайды; керісінше, оқытушының сөзі өте жылдам, бір айтқанын қайта қайталап өте көп сөйлейтіндіктен оқушылар оның айтқанын толық аңғара алмайды да тыңдамай қояды. Студенттер көп жағдайда, сабақ беріп тұрғанда тақтадағы оқушының қасынан шықпай, тек сонымен ғана әңгімелесіп, оқушының сөзін бөліп, қателерін өзі түзетеді; қалған оқушыларға көңіл бөлінбегендіктен олар өздерінше басқа жұмыстармен айналысады. Кейбір студенттер өте қатты дікілдеп немесе өзіне-өзі сенімсіз сөйлейді. Көпшілік студенттер сабақтың жоспарын жаттап алады да тоқтамай зуылдап өтеді, оқушылар оның айтқанын түсінбейді. Егер студенттерге кемшіліктері уақтылы айтылып, сабақты талдағанда "шеберліктің мәнісі" деген не екені айтылып отырса, студент өзіне-өзі сын көзімен қарап, тузелуге тырысады. Сабақтарына мұғалімдер немесе өзінің
достарының кіруінен жаңылысатын, қысылатын, өзін-өзі игере алмайтын студенттерге бірнеше сабақты өзбетінше беруге мүмкіншілік беріледі. III курстағы практика мұғалімді дайындай алмайды, бірақ сабақ беру дағдылары қалыптаса бастайды. IV курс студенттері сабақ берудің технологиясын жете меңгеріп, практика соңында өзін-өзі сабақта еркін ұстауға қалыптасады.
Студенттер үшін үй тапсырмаларын тексеріп, оқушылардан сабақ сұраған қиын болады. Үй жұмысын тексеруде мынандай талаптар орындалуы керек:
тексеру тек қана орындалуының дұрыстығын ғана емес, сонымен бірге
оқушылардың қаншалықты меңгергенін;
тексерудің өзі барлық балалар үшін қайталау әрі үйрету болуы керек.
Студенттер бақылау жұмысын алып оны талдайды. Бақылау жұмысының: тапсырманы іріктеп алуға түсініктеме, оқушылардың бақылау жұмысын орындауы, оқушылардың жұмыстарын талдап бағалау, қатемен жұмыс бөлімдері ретімен орындалады.
Студент-практиканттар кәсіптік практика кезінде өздерінің зерттеу дәрістары бойынша курстық және диплом жұмыстарын жазу үшін бақылау, зерттеу т.б. жұмыстарын орындап, жетекшілерінің басшылығымен эксперименттерін жүргізіп, нәтижелерін алып талдап қорғауға шығады.
Студенттердің осындай дайындықтардан өтулеріне кәсіптік практиканың маңызы өте зор. Студенттер – болашақ ұстаздар, өздерінің кәсіптік маманды-ғын дұрыс таңдағандарына көздері жетіп, сабақ беруге ынталары арта түседі.
Ұстаз сөзінің ұғымы кең. Оның ең негізгі мәні: жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып өзгелерді де бақытқа жетуге үйрету, тәрбиелеу дегенді білдіреді.
Мектепте де, жоғары оқу орнында да басты тұлға – мұғалім, ұстаз. Білімді, бәсекеге қабілетті, адам жүрегінің төріне білімнің, адамгершіліктің нұрын себетін ұлағатты ұстаздарды дайындау – Егеменді еліміздің көк байрағын еңкейтпей, дүние жүзінің барлық елдерінде желбіретіп, Ән ұранымызды асқақ шырқататын кемеңгер ұл-қыздарымызды тәрбиелеудің кепілі. Шығармашылықпен еңбек ететін мектептеріміздің жүрегі – мұғалімдерге – ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру, кәсіптік даярлау бүгінгі күннің уақыт күттірмейтін талаптарының бірі.