Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»


Практикалық сабақтарда студенттермен мынадай жұмыстар жүргізіледі



бет63/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Практикалық сабақтарда студенттермен мынадай жұмыстар жүргізіледі:


  • бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері (математикадан үйірме жұмыстары, математикалық бұрыш, математика кештері және ертеңгіліктер, конкурс, олимпиада, эстафета, газет т.б.) мен оларды жүргізудің әдістері талданады;

  • бастауыш сынып мұғалімдерінің сыныптан тыс жұмыстарының жоспарларымен, өткізу әдіс-тәсілдерімен және басқа да әдістемелік материалдармен таныстырылады.

Студенттер бастауыш сыныптарда жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың біреуіне қатысып, оқушы мен мұғалімдердің сөйлеген сөздерін, қызықты жауаптарын, есептерді шығару жолдарын, әзіл-оспақ есептерін, математикалық жұмбақтарын, математикалық мақал- мәтелдерін, ребустарын, сөз жұмбақтарын, софизм, ребус, фокус, геометриялық басқатырғыларын және оқушылардың хабарламаларын мұқият тыңдап, бақылап, сыныптан тыс жұмыстарды талдаудың үлгі схемасын пайдаланып олар жөніндегі өз пікірлерін дайындайды және талданады.
Сыныптан тыс жұмыстардың бір түріне әдістемелік материалдар дайындап (жүргізудің түрі мен тақырыбын әдіскер көрсетеді), Практикалық сабақтарда студенттердің өздері өтеді, соңында талданады.
Үлгі 1. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үлгісі

Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар үш мақсатты көздейді:

  • математикалық ойдың дәрежесін арттыра түсу, теориялық білімді тереңдете түсу және математикаға бейімділігі бар оқушылардың практикалық дағдысын дамыта түсу;

  • көпшілік оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыруға жағдай жасау, олардың кейбіреулерін математикаға «қызығушылар» қатарына тарту;

  • оқудан бос кездерінде оқушылардың демалысын ұйымдастыру.

Сыныптан тыс жұмысқа тартылатын балалардың көпшілігі – математикаға қызығатын оқушылар. Ал қалғандары жыл бойында онша жиі өткізілмейтін математикалық кештерге, конкурстарға ғана қатыса алатындар.
Математикалық кеш – сыныптан тыс жұмыстардың көбін қамтитын жұмыс түрі. Сондықтан ол ойластырылып, жоспарлы түрде өткізіледі.
Кеш мазмұны түрліше болады. Онда тақпақ, хабар, монтаж, сөз жұмбақ, есеп, қысқаша әзіл қойылым, интермедия, фокустар болуы мүмкін. Сыныптан тыс жұмыстарды, математикалық кештерді ұйымдастыруда профессорлар С.Елубаев, С.Елубаева (57,61), Қосанов Б.М., Сағымбекова П.С., Тлеубаева Э.Ы.( ), Кенжебекова Р.И.( ) және т.б. ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды.

Үлгі - 3. Сыныптан тыс жұмыстарды талдау



  1. Мектебі , сыныбы .

  2. Сыныптан тыс Дәрістің түрі.

  3. Сыныптан тыс Дәрістің тақырыбы мен мақсаты.

  4. Сыныптан тыс Дәрістің тақырыбының жүргізіліп жатқан сыныптың жоспарының дәрістарымен байланысы.

  5. Дәрісты таңдап алудың қажеттілігі.

  6. Оқушылардың дайындық жұмысына қатынасуы.

  7. Математикалық материалдың мазмұны мен ғылымилығы. Өткізілген Дәрістің мазмұны математикадан қандай білімді тереңдете түседі?

  8. Материалдың түсініктілігі. Көрнекі және оқытудың жаңа техникалық құралдарының пайдаланылуы.

  9. Оқушылардың сыныптан тыс жүргізілетін жұмысқа қатынасуы мен белсенділігі.

  10. Сыныптан тыс Дәрістің педагогикалық маңызы.
Практикалық сабақтарға тапсырма:

  • 1-сыныптың ІІ тоқсанында өтілетін үйірме отырыстарының материалдарын дайындап талдау.

  • 2-сыныпта, үйірме отырыстарында пайдаланылатын математикалық жұмбақтар, қызықты есептер дайындап талдау.

  • 3-сыныпта үйірме отырыстарында пайдаланылатын математикалық викторина, математикалық тақпақ, жаңылтпаштар, қызықты басқатырғылар дайындап талдау.

  • 4-сыныпта үйірме отырыстарында өткізілетін математикалық кеш, логикалық есептер үлгілерін дайындап, өткізіп талдау.

  • Математикалық газеттер шығарып талдау: «Жас математик» №1,

№2; «Математика ғылымдар патшасы», «Математика әлемінде», т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет