Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»


Оқыту әдістерін тез меңгеру үшін және өзінің әдістері мен тәсілдерін жетілдіру мақсатында студент, өзінің сабағын өзі талдауды үйренуі қажет



бет61/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Үлгі - 4. Өзін-өзі талдаудың үлгісі

Оқыту әдістерін тез меңгеру үшін және өзінің әдістері мен тәсілдерін жетілдіру мақсатында студент, өзінің сабағын өзі талдауды үйренуі қажет.


  1. Сабақтың жоспары орындалды ма? Орындалмаса оған не кедергі жасады?

  2. Сабақта оның жүргізілу шапшаңдығы қалай болды, оқушыларға тым ауыр не жеңіл болған жоқ па?

  3. Түсіндірілген материалдан оқушылар нені түсінбеді және не себепті?

  4. Бұл материалды баяндау әдістемесінде нені өзгерту керек және қалай өзгерту керек?

  5. Сабақтың, әсіресе қай жерлері көңілден шығатындай болды?

  6. Сабақтатың оқу материалы дұрыс таңдалған ба?

  7. Қолданылған техникалық оқу құралдары мен көрнекіліктер өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?

  8. Сабақ оқушылардың дүниетанымын, олардың тәрбиесі мен адамгершілік қасиеттерін, жігерін, мінез-құлқы мен жеке мәдениетін қалыптастыруға қалай әсер етті?

  9. Сабақ кезінде сыныпта, жекелеген оқушыларда қандай қиындықтар туындады? Олардың пайда болу себептері мен шешу жолдары?

Бұл өзін-өзі талдаудың нәтижелері келесі сабақтарда еске алынады.
Практикалық сабақтар

1-4 сыныптардың математика сабақтарына қатысып, оны көрсетілген жүйе бойынша талдау. Қатысқан сабақтарының жоспарларын дайындау.

12 - дәріс. Бастауыш мектепте математика пәні бойынша
жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар және оларды ұйымдастыру


Дәрістің мақсаты: Бастауыш сыныптарда математика пәнінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстарға студенттерді қатыстырып, талдау жасап, оны ұйымдастырудың жолдары мен тиімді тәсілдері жөнінде мағлұмат беру; өткізу дағдысы мен шеберлігін қалыптастыру; болашақта 12 жылдық оқыту жүйесінде жұмыс істеуге қабілетті жан-жақты дамыған тәрбиелі мұғалім дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет