Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»


- дәріс. Курстық жұмысты орындау әдістемесі



бет58/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

10 - дәріс. Курстық жұмысты орындау әдістемесі

Дәрістің мақсаты: Студенттердің курстық жұмысты дайындап,
қорғау жөніндегі іскерліктерін қалыптастыру, олардың ғылыми- әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, сол арқылы ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізуге дайындау.
Студенттер кезінде курстық жұмыстардың дәрістерімен танысуға және өзінің зерттеу жұмысы үшін дәріс таңдауға міндетті. Курстық Дәрістің тақырыбын таңдаған кезде студент төмендегідей жайттарды ескеруі тиіс:

  1. Дәріс өзіне таныс болуы.

  2. Дәріс мазмұнының қызықтыруы.

  3. Дәріс бойынша әдебиеттердің болуы.

Басқа жағдайда студент дәріс тандауда оқытушымен әңгімелесуі, кеңесуі қажет.
Дәрісты таңдап алған соң, студент бұл жөнінде кафедраға мәлімдейді, ал кафедра оны бекітеді.
Егер студент институтқа келген күнінен бастап өз бетінше белгілі 6ір дәріспен айналысса, ал оның тақырыбы кафедра тарапынан бекітілген тізімде жоқ болып шықса, студент өзін қызықтыратын такырып бойынша жұмыс жүргізу үшін, кафедраға мәлімдеп бекіткізуі керек.
Курстық жұмысты орындау үшін ең алдымен студент өзі тандап алған тақырыбына байланысты әдебиеттерді қарап, библиографиялық тізім жасауы керек.
Библиографиялық тізімге оқулықтар және оқу құралдары, монографиялар, әрбір жеке пәнді оқыту әдістемесі бойынша жазылған ғылыми жұмыстар, мерзімдік басылымдардағы мақалалар («Бастауыш мектеп», «Начальная школа», «Ашық сабақ», «Қазақстан мектебі», т.б.) енеді.
Дәріс бойынша алынған әдебиеттерді түгелдей терең оқып- үйреніп, дәрістың теориялық негізін жақсы талдап, бұл дәрістың мектеп бағдарламасында, оқулықтарда қалай баяндалатындығын жан- жақты талдауы тиіс.
Курстық жұмысты жазу барысыңда студент ұсынылған әдебиеттерден мәтіндерді көшіріп алмай, оның мазмұнын қорытындылауда, жалпылауда өзінің ой-қорытындыларын келтіруге тиіс.
Әрбір студент ең озат мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерімен танысуы қажет: осы мұғалімнің сабақтарына қатысу, сабақ барысын бақылау, мұғалімдермен әңгімелесу, бақылау және күнделікті сынып және үй жұмыстарының нәтижелерімен танысу. Жиналған материалдарды талдап, курстық жұмысты жазуда пайдалануы тиіс.
Содан соң Дәрістің жоспарын жобалайды, яғни оның негізгі бөлімдерін белгілеп әр бөлімде қарастырылатын сұрақтарды құрастырады. Жазылған жұмысты жетекшіге керсетіп, оның ескертпелерін ескере отырып жөндеп, қорғауға ұсынады.
Курстық Дәрістің көлемі дәрістың сипатына сәйкес әртүрлі болуы мүмкін.
Жұмыс мазмұны жүйелі және нақтылы жазылуы тиіс. Жалпы белгілі нәрселерді қайталай бермей, жұмыста автордың өз ойлары, өзі ізденіп тапқан мысалдары мен көрнекіліктері, өз тұжырымы мен қорытындылары, жүргізілген эксперимент нәтижелері баяндалып жазылуға тиіс.
Жұмыс аяғында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет