Жабдығы: «Математакалық кештерді» өткізудің үлгі-жоспарлары, альбомдар, математикалық газеттер, викториналық материалдар, математикалық үйірменің жоспарлары, «Математика апталығын» өткізудің үлгі жоспары, қазақтың байырғы есептері, қазақтың қара есептері және әзіл-оспақ қызықты есептері, қазақтың өлшемдері, ребус, сөз-жұмбақ, софизм, геометриялық басқатырғылар, оқытудың жаңа техникалық құралдары мен әр түрлі көрнекіліктер, т.б.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.
Студенттерді халық ойындарын күнтізбелік жоспарларына енгізіп, математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарында пайдаланып, оқу-тәрбие жұмысында үлкен жетістіктерге жетуге баулу қажет.
Дарынды, білімді жастар ғана Егемен елдің экономикасын жетілдіріп, еліміздің ертеңін ойлай алады. Сондықтан да уақыт талабы оқушыларға сапалы білім берумен бірге олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіруді, ақыл-ой белсенділігін дамытуды міндет етіп қойып отыр. Қазіргі оқулықтарда шығармашылық жаттығулардың көптеген түрлері қамтылған. Олар, негізінен, логикалық жаттығулар, қызықты жаттығулар, сиқырлы шаршылар, лабиринттер, жұмбақтар, сөз жұмбақтар, деформацияланған жаттығулар, құрастыру мәселелерімен байланысты жаттығулар, т.б. түрінде болып келеді. Алайда, мейлінше алуан түрлі болып келетіндігіне қарамастан, олардың бәріне дерлік тән ортақ ерекшелік бар. Мұндай жаттығулар оқушыны шығармашылық ізденіс күйіне келтіреді, шығармашылық қиялды оятып, қойылып отырған оқу үдерісін шешудің өзіндік жолын іздестіруге түрткі болады. Ал оларды орындаудың нәтижесі оқушы үшін оның ақыл-ойының дамуын жоғарырақ деңгейге көтереді, өзі ашқан «кішкене жаңалықтар» болып табылуымен сипатталады.
Бастауыш сынып оқушысы үшін танымдық дербестіктің дәрежесі әлі де төмендеу болады, яғни ол ересек адамға қарағанда шығармашылық жұмысты
әрдайым өз бетінше және саналы түрде атқара алмайды. Демек, студенттің сыныптан тыс уақытта орындайтын жаттығуды ұсынумен немесе түсіндірумен ғана қанағаттануына болмайды. Мұндағы болашақ мұғалімнің негізгі міндеті – оқушылардың жаттығуды өз бетімен орындау, яғни танымдық дербестігін оятуға, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге күш салу. Басқаша айтқанда, болашақ маман танымдық қиындықты жеңу барысындағы оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін тиімді ұйымдастыра және оны басқара білуге жаттығуы тиіс.