Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»


Практикалық сабақ №2 Практикалық сабақ тақырыбы: Бағдарламаны және оқулықты логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдау. (3-4 сынып)



бет69/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Практикалық сабақ №2 Практикалық сабақ тақырыбы: Бағдарламаны және оқулықты логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдау. (3-4 сынып)
Мақсаты: Жаңартылған оқу бағдарламасымен танысу; құрылымын, 3-4 сынып математика пәні мазмұнын қарастыру; оқулықтың мазмұны мен құрылымын анықтау.
Тапсырмалар: 1. Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер
2. 3-4 сынып математика пәні мазмұнының оқу жылының тоқсандарына бөлінуі және оқу мақсаттарының жүйесі.
3. Ортақ тақырыптардың ерекшеліктері
4. Оқулықтың мазмұны мен құрылымы және оқу бағдарламасымен сәйкестілігі
5. Ортақ тақырыптар аясында есептер мен тапсырмаларды іріктеу
Әдістемелік нұсқау: Бірлесіп жұмыс істеу барысында оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер туралы жоғары дәрежелі сұрақтар қояды және олардың жауаптарына қарай әрекет етеді, сұрақ түрлеріне қарай талдау жасайды. Зерттеушілік сипаттағы әңгіме жүргізеді. Бағдарлама мен оқулықтың сәйкестілігін анықтайды, өз көзқарастарын дәлелейді. Оқулықтағы тапсырмалардың күрделілігін, өмірмен сәйкестілігін жұптық, топтық жұмыстар барысында талдайды.
Өткізу формасы: Сұрақ-жауап, ашық микрофон, зерттеушілік әңгіме
Бағалау критерийлері: 1. Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру көзделетін құндылықтар мен дағдыларды біледі;
2. Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер туралы өз пікірін дәлелді және жүйелі түрде жеткізеді;
3. Белсенді оқытудың мәні мен мазмұнын түсінеді және өз тәжірибесіне енгізе алады.
4. 3-4 сынып бойынша оқу мақсаттарының жүйесін анықтайды;
5. «Математика» пәнінің мазмұнын оқулықпен сәйкестендіреді;
6. Ортақ тақырыптар мен оқулықтағы тапсырмалардың ерекшеліктеріне сәйкес өз пікірін білдіре алады.
Практикалық сабақ №3 Практикалық сабақ тақырыбы: Жиынтық бағалауды ұйымдастыру алгоритмі
Мақсаты: «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру алгоритмін, табыс критерийлері бойынша бағалауды іс-тәжірибелерінде қолдану жолдарын, жиынтық бағалау үдерісіндегі мұғалімнің және оқушының рөлі, жиынтық бағалау тапсырмаларын қарастыру.
Тапсырмалар: 1. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және нәтижелерін талдау
2. Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау
3. Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыру
4. Жиынтық бағалауды өткізу және нәтижелерін талдау
5. Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы
Әдістемелік нұсқау: Шағын топтарда сызба арқылы берілген бағалау құрылымын толтырады, жиынтық бағалау үдерісін түсіну деңгейін көрсетеді. Жиынтық бағалауға аргалған тапсырма дайындау үдерісін талдайды. Тапсырмаға сәйкес табыс критерийлерін құрастырады, критерийлерге сәйкес жұмысты ойластыру және жетілдіруге арналған жұмыстар жүргізіледі. Жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар айтылады.
Өткізу формасы: Миға шабуыл, SWOT – талдау, пікірталас
Бағалау критерийлері: 1. Бөлім/ортақ тақырып бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру алгоритмін түсінеді;
2. Бағалау үдерісіндегі мұғалімнің және оқушының рөлі туралы өз пікірін дәлелді және жүйелі түрде жеткізеді;
3. Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар және тапсырмаға дескрипторлар құрастыра алады.
4. Өз тәжірибесінде қолдану жолдарын анық айта алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет