Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»


Практикалық сабақ №10 Практикалық сабақ тақырыбы: Шаманың бірліктері және олардың қатынасы. (Масса, ұзындық, сыйымдылық, уақыт, аудан, т.б.)



бет73/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Практикалық сабақ №10 Практикалық сабақ тақырыбы: Шаманың бірліктері және олардың қатынасы. (Масса, ұзындық, сыйымдылық, уақыт, аудан, т.б.).
Мақсаты: Ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт, аудан, т.б. шамалардың өлшем бірліктері мен арақатынасы; сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде, шамалар мәніне амалдар қолдану; шаманың үлесі және оларды салыстыру; шамалардың өзара байланысы және олардың арасындағы тәуелділікті меңгерту. Студенттердің өз бетімен ізденушілік қасиетін, оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
Тапсырмалар: 1. Ұзындық бірліктері (см, дм, метр, км, мм) және олардың арасындағы қатынас;
2. Масса бірліктері (кг, г, т, ц) және олардың арасындағы қатынас, сыйымдылық бірлігі;
3. Ұзындық және масса бірліктерін қосу және азайту (санға көбейту және бөлу);
4. Уақыт өлшем бірліктері және олардың арасындағы қатынас:
5. Палетка арқылы фигураның ауданын табу;
6. Аудан өлшем бірліктері және олардың арасындағы қатынас.
Әдістемелік нұсқау: Математика пәнінің оқу бағдарламасына сүйене отырып, кесте түрінде әр сыныпта оқытылатын шамаларды бөліп көрсету, 1-4 сынып математика оқулығында қарастырылатын тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды тақтада және дәптерлеріне орындайды, жұптық, топтық жұмыстар барысында талдайды.
Өткізу формасы: екі жақты күнделік, пікірталас, түсіндіру.
Бағалау критерийлері: 1. Математика пәнінің оқу бағдарламасы бойынша әр сынып бойынша шамаларды оқыту мазмұнын бөліп көрсетеді;
2. Маңызды шамаларды және оларды өлшеуді оқыту әдістемесін тұжырымдайды;
3. Оқулықтағы тапсырмаларды орындайды және ерекшеліктеріне сәйкес өз пікірін білдіре алады.
4. Шамалармен таныстыруда практикалық мазмұнды тапсырмаларды қолдана алады;
5. Белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданады.
Практикалық сабақ №11 Практикалық сабақ тақырыбы: Есепті шешу үрдісі және есеппен жұмыс жасау кезеңдері.
Мақсаты: Бастауыш мектептің математика курсында қарастырылатын есептерді шығару әдістемесінің жалпы мәселелерін: есептің мәтінін оқу, есептің шарты мен сұрағын, берілген мәлімет пен ізделініп отырған мәлімет арасындағы байланысты айқындау, шешуін іздестіру т.б. әдістемесін меңгерту және 1-4 сынып оқулығынан мәтінді есептер шығару.
Тапсырмалар: 1. Есеп, оның құрамы және шешу процесі
2. Есепті «есеп еместен» ажыратуға және «есеп еместі» есепке айналдыру
3. Есептің берілген деректері және онын шешуін салыстыру
4. Есепті талдау негізінде шешу және шешу жоспарын құру, амалдар, өрнектер тендеулер көмегімен шешуін жазу және шешуін әр түрлі тәсілмен тексеру
5. Кері және өзара кері есептер құру мен шешу
Әдістемелік нұсқау: Студенттер 1-4 сынып математика оқулығында қарастырылатын есептерді оқиды, талдайды, сұрақтар қояды, есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде жазады және есептердің шешуін санды өрнектер түрінде модельдеп, есептерді шығарады. Тапсырмаларды тақтада және дәптерлеріне орындайды.
Өткізу формасы: Сұрақ-жауап, пікірталас, түсіндіру.
Бағалау критерийлері: 1. Есептің білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін толық тұжырымдайды және өз пікірін білдіреді;
2. Берілген есептерді талдайды, сәйкесінше сұрақ қояды, шешуін іздестіреді, қысқаша жазба түрінде жазады және шығарады;
3. Математика оқулығындағы тапсырмаларды орындай алады;
4. Есеп шығару барысында оқушыларды ынталандыру тәлдерін біледі және белсенді оқытудың әдістәсілдерін қолданады;
5. Есеп шығаруда көрнекіліктерді тиімді қолданады.
6. Есептерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күрделендіре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет