1 сынып, ІІ тоқсан. «Кестелік қосу және азайту. 23 сағат» тақырыбына Дәрістік жоспар және «Өрнек. (Өрнек және оның мәні. Қосынды және оның мәні)» тақырыбына дайындалу және жоспарлау схемасын жасап талдау.
2 сынып, ІІІ-тоқсан. «Ондықтан аттап ауызша қосу және азайту. 20 сағат» тақырыбына Дәрістік жоспар және «Құрылымы күрделі санды өрнектер және әріпті өрнектер. Теңдеуді жаңа тәсілмен шешу.» тақырыбына дайындалу және жоспарлау схемасын жасап, талдау.
3 сынып, ІІ тоқсан. «Кестелік көбейту және бөлу. 36 сағат» тақырыбына Дәрістік жоспар және «Аудан және оның өлшем бірлігі. Квадрат сантиметр (см2)» тақырыбына дайындалу және жоспарлау схемасын жасап талдау.
4 сынып, ІІ тоқсан. «Көбейту және бөлу. Бір таңбалы санға көбейту және бөлу. 36 сағат» тақырыбына Дәрістік жоспар және «Бір-біріне қарама-қарсы қозғалыс (жақындау жылдамдығы)» тақырыбына дайындалу және жоспарлау схемасын жасап талдау.
8- дәріс. Математика сабағының жоспары және оған
қойылатынәдістемелікталаптар
Дәрістіңмақсаты: Сабақтың негізгі типтері туралы мағлұматтарды жалпылау, математика сабағында кең қолданылатын типтерін, оқытудың озық технологияларын қарастыру; сабақтың жоспарын жазуға, оны талдауға қойылатын талаптарды түсіндіру; студенттерді сабақтың жоспарын дайындап, Практикалық сабақтарда өтуге және оны талдауға машықтандыру.
Жабдығы: 1. Әр түрлі типтегі сабақ жоспарының үлгілері жазылған бейнетаспалар, слайдтар мен флепчарттар.
2. Оқулықтар мен әдістемелік құралдар, ғылыми әдістемелік әдебиеттер, электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту бағдарламалары, электрондық дидактикалық оқу құралдары, интерактивті тақта, т.б. көрнекіліктер мен көрнекі оқу құралдары.
Сабақ дегеніміз – құрамы тұрақты оқушылармен нақты келісілген уақыт аралығында (35-45 мин), қатаң бекітілген сабақ кестесімен және оқыту жұмысының барлық бала үшін бірдей материалмен ұйымдастырылатын оқытудың формасы.