Дәрістіңмақсаты: Оқушыларға көбейту мен бөлудің мәнісін түсіндіріп, оларды математика тілімен жазуды үйрету.
Тәсілдері: Орындалған практикалық жұмыстар мен оларға сәйкес математикалық жазулардың арасындағы байланысты көрсету.
Ж а т т ы ғ у л а р д ы ң м ы с а л д а р ы
Тақтада қанша шаршы қойылған? (4.)
Екі есе көп шаршы қой. Екі есе көп деген не? (4-ті 2 рет қайталау.) 4-тен 2 қатар шаршылар қойылады:
Орындалған жұмысты математикалық амалдармен қалай жазуға болады? (4∙2=8.)
Бір қорапта 10 қарындаш. 3 қорапта осындай қанша қарындаш? (10-ды 3 рет қайталау: 10+10+10 немесе 10 · 3 . )
Суретке қандай жазу сәйкес келеді? (3 сынып, 55 бет)
3 ∙ 5
3 ∙ 3
3 ∙ 4
3 ∙ 6
Өз жауабыңды түсіндір.
Жазуларға сәйкес келетін суреттерді сал: 3 ∙5; 3 ∙2 және т.б.
Қайрат үйдің терезелерін санап мынандай жазу жазды: 5 ∙ 4 = 20.
Ол қай үйдің терезесін санады? (Оқушыларға терезелері төрт түрлі орналасқан үйлердің суретін көрсетеді:
қатар 5 терезеден
қатар 7 терезеден
қатар 4 терезеден
қатар 5 терезеден.)
Суретті жазуға сәйкес келетіндей етіп өзгерт 5 ∙ 3
.
6 дәптерді 2 оқушыға бөліп бер. (Оқушылар дәптерлерді бөліп көрсетеді.) Осы істегендеріңді математикалық амал таңбасымен қалай жазуға болады? ( 6 : 2 = 3.)
Сауыншы шелектегі 8 литр сүтті 2 литрлік банкаға теңдей бөліп құйды. Шелектегі сүтті қанша банкаға құйды? Математикалық амал таңбасымен қалай жазуға болады? ( 8 : 2 = 4.)
15 кәмпитті үш оқушыға теңдей етіп бөліп бер. Оны қалай істеуге болады? Осы көрсеткеніңді математикалық амал таңбасымен қалай жазуға болады? (15 : 3 = 5.)
Жазуға суреттердің қайсысы сәйкес келеді? 8 : 2 = 4:
1)
2)
3)
Үлгі - 5. Қозғалысқа берілген есептерді шығаруға үйретуде оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру