Үлгі - 3. Қосу және азайтуға берілген құрама есептерді шығару Дәрістіңмақсаты: Оқушылардың құрама есептерді шығара алу
дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері. Студенттер Практикалық жұмысты орындағанда, сабақта шығарылатын есептерге қолданған әр түрлі әдіс-тәсілдерін толық жазып көрсетулері керек. Мысалы:
Дайындық кезең (есепті оқығанға дейін).
Есептің мазмұнын түсіндіру мақсатында жүргізілетін жұмыстар.
Есепті талдау.
Шешуі мен жауабын жазу.
Есеп шешілгеннен кейін жүргізілетін жұмыстар.
Есеп: Бірінші ыдыста 10 алма, ал екіншісінде 7 алма бар еді.
Түскі тамақ кезінде 5 алма желінді. Қанша алма қалды?
. Д а й ы н д ы қ к е з е ң (е с е п т і о қ ы ғ а н ғ а д е й і н ) .
Бұл кезеңде, оқушыларға осы құрама есепті шешуге керек болатын барлық білім, білік, дағдыларын қайталату керек:
10 көлеміндегі сандардың құрамын;
екі таңбалы санның разрядтық құрамын; қосуды: 10+3, 10+4 және азайтуды: 15-4, 15-5, 17-6 орындауды.
қосынды мен қалдықты табуға берілген жай есептерді.
Дайындық кезеңінде студенттер осы есепке қолданатын әдіс- тәсілдерді атап көрсетеді: заттармен орындалатын практикалық жұмыстар, көрнекіліктермен істелетін жұмыстар, ауызша есептеулер, берілгендері толық емес жай есептерді шығару, берілгендері артық есептерді және т.б. Мысалы, мынандай есепті (ауызша) беруге болады:
Бір ыдыста 3 алма, ал екіншісінде 2 алма бар. Екі ыдыста қанша алма бар? (5)
Осы сияқты, әрқайсысында қызанақ салынған ыдыстары бар екі суретті көрсетуге болады. Біріншісінде 4, ал екіншісінде 8. Төмендегідей жағдайға есеп құрастырылады: «Бір ыдыста 4, ал екіншісінде 8 қызанақ; түсте 10 қызанақ желінді». Осындай жұмыстар оқушыларды, берілген құрама есепті әр түрлі тәсілмен шешуге дайындайды.
. Е с е п т і ң м а з м ұ н ы н т ү с і н д і р у м а қ с а т ы н д а ж ү р г і з і - л е т і н ж ұ м ы с т а р .