Дәрістіңмақсаты: Оқушыларды есептегі белгілі мен белгісіздің, шарты мен сұрағының арасына бірмәнді байланыс жасауға үйрету.
Әдіс-тәсілдері. Студенттердің мысалдар арқылы көрсететін әдістемелік тәсілдерінің тізімдері беріледі. Мысалы:
Есептің берілгендеріне қарай сұрақтың қойылуы;
Берілгендері жеткіліксіз есептерді шығару;
Екі сұрақпен берілген есептер;
Бір-бірімен мазмұндары арқылы байланысқан екі жай есепті шығару;
Берілгендері артық есептер;
Бірнеше тәсілдермен шығарылатын есептер;
Есепті түрлендіру (есептің берілгенін, шартын не сұрағын өзгерту).
Е с е п т і ң б е р і л г е н д е р і н е қ а р а й с ұ р а қ т ы ң қ о й ы л у ы :
Терезенің алдында 5 қызыл және 2 ақ раушан гүлдеп тұр. Осы берілгендері бойынша нені білуге болады? Берілген шартына байланысты сұрағын қой.
Аулада 8 бала хоккей ойнап жүр еді, тағы 2 бала келді. Есеп 8+2 өрнегімен шешілетіндей етіп, шартына қарай сұрағын қой.
Бір қорапта 6, екіншіде 5, ал үшіншіде 3 қалам бар. Егер төмендегідей амалдарды орындасақ, нені білеміз: 6-3, 5-3, 6+5, 6+3, 6-5, 5+3.
Ыдыста 10 алмұрт бар еді. Ыдырыс одан 3-уін алды. Осы есептің берілгеніне қарап сұрағын қой.
Б е р і л г е н д е р і ж е т к і л і к с і з е с е п т е р д і ш ы ғ а р у :
Жоғарыдағы сөреде 8 кітап бар, ал төменгі сөреде кітап кем. Төменгі сөредегі кітап нешеу?
Динара сөмкесінен 3 кітап алды. Сөмкесінде қанша кітап қалды?
Е к і с ұ р а қ п е н б е р і л г е н е с е п т е р :
Ыдыста 6 қияр бар, ал қызанақтың біреуі кем. Ыдыста неше қызанақ бар? Барлығы қанша қияр мен қызанақ бар?
Аулада 3 ұл бала және 5 қыз бала ойнап жүр. Барлығы қанша бала ойнап жүр? Ұл балаға қарағанда қанша қыз бала артық ойнап жүр?
4 . Б і р - б і р і м е н м а з м ұ н ы а р қ ы л ы б а й л а н ы с қ а н е к і ж а й е с е п т і ш ы ғ а р у :
Айбала қуыршағына 7 см қызыл және 3 см көк лента сатып алды. Айбала барлығы қанша лента сатып алды?
Айбаланың 10 см лентасы бар еді. 6 см лентасын досына берді. Айбаланың қанша лентасы қалды?
5. Б е р і л г е н д е р і а р т ы қ е с е п т е р :
Аулада 3 сары гүл және 5 қызыл гүл өсіп тұр еді. Тағы бір сары гүл өсіп шықты. Аулада неше сары гүл өсіп тұр?
Қапта 3 қауын және 2 қарбыз бар еді. Бір қауын жарылып қалды. Қанша қауын қалды?
6 . Б і р н е ш е т ә с і л м е н ш ы ғ а р ы л а т ы н е с е п т е р :
Медеудің 10 теңгесі бар. Оған қандай заттарды сатып ала алады, егер дәптер 2 теңге, кітапша 5 теңге, қалам 2 теңге, сызғыш 6 теңге, өшіргіш
1 теңге тұрса?
7 . Е с е п т і т ү р л е н д і р у ( б е р і л г е н д е р і н , ш а р т ы н н е м е с е с ұ р а ғ ы н ө з г е р т у ) :
Шартын өзгерту:
Оқушылар 6 алма ағашын, ал одан 3кем өрік ағашын отырғызды.
Оқушылар қанша өрік ағашын отырғызды?
Оқушылар 6 алма ағашын, ал одан 3 артық өрік ағашын отырғызды. Қанша өрік ағашын отырғызды?
Сұрағын өзгерту:
Үйде 6 қарбыз бар еді. Алдымен 2 қарбыз, одан кейін тағы да 1 қарбыз желінді. Қанша қарбыз желінді?
Үйде 6 қарбыз бар еді. Алдымен 2 қарбыз, одан кейін 1 қарбыз желінді. Қанша қарбыз қалды?
Берілгенін өзгерту:
Дастарханда 6 кесе, ал одан 2кем қасық жатыр. Дастарханда қанша қасық жатыр?
Дастарханда 6 кесе, ал одан 4кем (5 кем, 6 кем) қасық жатыр.
Дастарханда қанша қасық жатыр?