Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»


Үлгі - 3. Қосу және азайтуға берілген құрама есептерді шығару



бет44/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Үлгі - 3. Қосу және азайтуға берілген құрама есептерді шығару
Дәрістің мақсаты: Оқушылардың құрама есептерді шығара алу
дағдыларын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері. Студенттер Практикалық жұмысты орындағанда, сабақта шығарылатын есептерге қолданған әр түрлі әдіс-тәсілдерін толық жазып көрсетулері керек. Мысалы:

  1. Дайындық кезең (есепті оқығанға дейін).

  2. Есептің мазмұнын түсіндіру мақсатында жүргізілетін жұмыстар.

  3. Есепті талдау.

  4. Шешуі мен жауабын жазу.

  5. Есеп шешілгеннен кейін жүргізілетін жұмыстар.

Есеп: Бірінші ыдыста 10 алма, ал екіншісінде 7 алма бар еді.
Түскі тамақ кезінде 5 алма желінді. Қанша алма қалды?

  1. . Д а й ы н д ы қ к е з е ң (е с е п т і о қ ы ғ а н ғ а д е й і н ) .

Бұл кезеңде, оқушыларға осы құрама есепті шешуге керек болатын барлық білім, білік, дағдыларын қайталату керек:

  1. 10 көлеміндегі сандардың құрамын;

  2. екі таңбалы санның разрядтық құрамын; қосуды: 10+3, 10+4 және азайтуды: 15-4, 15-5, 17-6 орындауды.

  3. қосынды мен қалдықты табуға берілген жай есептерді.

Дайындық кезеңінде студенттер осы есепке қолданатын әдіс- тәсілдерді атап көрсетеді: заттармен орындалатын практикалық жұмыстар, көрнекіліктермен істелетін жұмыстар, ауызша есептеулер, берілгендері толық емес жай есептерді шығару, берілгендері артық есептерді және т.б. Мысалы, мынандай есепті (ауызша) беруге болады:

  1. Бір ыдыста 3 алма, ал екіншісінде 2 алма бар. Екі ыдыста қанша алма бар? (5)

  2. Түскі тамаққа 8 қызанақ берілді, оның 3-уі желінді. Қанша қызанақ қалды? (8 – 3 = 5.)

Осы сияқты, әрқайсысында қызанақ салынған ыдыстары бар екі суретті көрсетуге болады. Біріншісінде 4, ал екіншісінде 8. Төмендегідей жағдайға есеп құрастырылады: «Бір ыдыста 4, ал екіншісінде 8 қызанақ; түсте 10 қызанақ желінді». Осындай жұмыстар оқушыларды, берілген құрама есепті әр түрлі тәсілмен шешуге дайындайды.

  1. . Е с е п т і ң м а з м ұ н ы н т ү с і н д і р у м а қ с а т ы н д а ж ү р г і з і - л е т і н ж ұ м ы с т а р .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет