Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»


Бағалау – оқушының білімінің, іскерлігінің және дағдысының сапасын анықтайтын басты көрсеткіші, өлшемі, ал баға



бет38/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Бағалау – оқушының білімінің, іскерлігінің және дағдысының сапасын анықтайтын басты көрсеткіші, өлшемі, ал баға оқушы білімінің жемісі, алынған шартты сандық көрсеткіші.
Бірінші жұмыс түгел дұрыс орындалған және таза жазылған. Оны «5»- ке бағалауға болады.
Екінші жұмыста төмендегідей қателер жіберілген:

  1. 60 саны жазылмай қалып қалған (Себебі, сол санды дұрыс жазуға күдіктенді, немесе жазуға үлгермеді);

  2. бір мысалды шығармады. (Бірінші себебі, бір ондықтан 4 бірлікті алғанда қанша қалатынын білмеді, немесе шыққан санды жазуды білмейді. Екінші себебі, 60 санын жазбағанымен де байланысты болуы мүмкін, өйткені 10-нан 4-ті алғанда 6 цифрымен жазылатын сан шығады.)

Басқа қате жоқ, сондықтан жұмысты «4»-ке бағалауға болады. Үшінші жұмыста мынандай қателер жіберілген:

  1. ең үлкен санды дұрыс таңдап жазбаған (Себебі, сан қатарын дұрыс

білмейді);

  1. мысалды жазғанда «+», «-» таңбаларын шатастырған (Себебі,

«арттыру» және «кеміту» ұғымдарын «+», «-» таңбалармен сәйкестендіре алмайды);

  1. 20 – 10 мысалын шығармаған (Себебі, толық ондықтан 10-ды азайта алмайды).

Жұмысты «3»-ке бағалауға болады.
Төртінші жұмыста есеп дұрыс шығарылмаған. Бірақ ол қатенің себебі
«арзан», «қымбат» сөздерін түсінбеуінен болуы мүмкін, ал жазғаны, шығаруы, жауабын жазуы дұрыс.
Жұмысты «4»-ке бағалауға болады.
Қа т е м е н ж ұ м ы с

  1. 6 санын жазғызып, жаттықтыру.

  2. Әрбір толық ондық сандарға 10-ды қосып, азайтуға мысалдар жазғызу.

  3. 7 онд., 6 онд., 8 онд. сандардың ең үлкенін ататып және оларды жазғызу.

  4. Өшіргіш 20 теңге тұрады, ал 1 қорап қалам 60 теңге.

Қайсысы қымбат, қайсысы арзан?- есепті шығарту. «Арзан»,
«қымбат» сөздерінің мағынасын түсіндіру.

5.

20 + 10

20 – 10

50 см + 40 см




10 – 6

30 – 10

50 см – 40 см




30 – 10

50 + 20

50 см * 40 см




50 – 20

10 – 2

40 см * 50 см.

Мысалдардан, арттырылып (кемітіліп) отырған сандарды ата.
Үлгі - 2. Математикадан бақылау жұмысын жүргізу және талдау

3-сынып. І-тоқсан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет