Tmomnsh 112252 «Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі-1»



бет37/78
Дата23.12.2022
өлшемі6,52 Mb.
#164039
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78
Байланысты:
умкд БСМОТМӘ-1, ПМНО-20-1

Дәрістің мақсаты: Оқушылардың он көлеміндегі және жүз көлеміндегі толық ондық сандардың жасалу принципін қалай игергенін және жай есептерді қалай шығаратынын тексеру.
Тексеру жұмысының мазмұны:

  1. . М а т е м а т и к а л ы қ д и к т а н т :

  1. Мұғалім дауыстап оқиды, ал оқушылар ол сандарды жазады: 40, 60, 7, 20, 90, 30, 80, 10.

  2. Мұғалім (ауызша) келесі тапсырмаларды айтады:

Осы жазылған сандардың ең кішісін 1-ге арттыр. Мысалды жаз. Жазылған сандардың ең үлкенін 10-ға кеміт. Мысалды жаз.
Төртінші санды 10-ға арттыр. Мысалды жаз. Соңғы санды 4-ке кеміт. Мысалды жаз.
Бірінші санды 10-ға арттыр. Мысалды жаз.

  1. . Е с е п (нұсқаларымен):

I нұсқа
Қалам 30 теңге тұрады, ал альбом 10 теңге арзан.
Альбом қанша тұрады?

II нұсқа
Қойын дәптер 50 теңге тұрады, ал қалам 20 теңгеге
қымбат. Қалам қанша тұрады?

Т а п с ы р м а н ы і р і к т е п а л у ғ а т ү с і н і к т е м е :

  1. Математикалық диктант төмендегідей білім, білік, дағдыны тексереді:

  1. төменгі сынып оқушыларының он көлеміндегі бір таңбалы, жүз көлеміндегі екі таңбалы толық ондық сандарды жаза, оқи алуларын;

  2. оқушылардың натурал сандар қатарының жазылу ретін түсінулерін (бір санға арттыру арқылы келесі санды, 1 санға кеміту арқылы алдыңғы санды алатынын білулерін).

  1. Есепті шығару барысында тексеріледі:

  1. "арзан", "қымбат" сөздерінің мағынасын түсінулері;

  2. осы сөздерді "арттыру", "кеміту" сөздеріне сәйкестендіре алулары және есептерді шығару үшін амалдарды дұрыс тандап алулары;

  3. есептеуде сандардың разрядтық құрамын дұрыс пайдалана алулары;

  4. есептің шешеуін және жауабын дұрыс жаза алулары.

Оқушылардың жұмыстарды орындау мысалдары: I. 40, 60, 7, 20, 90, 30, 80, 10.
7 + 1 = 8
90 – 10 = 80
20 + 10 = 30
10 – 4 = 6
40 + 10 = 50

Есеп.
Қ. – 30 т


А. – ? т 10 т арзан
30 – 10 = 20 (т)
Жауабы: 20 теңге.

ІІ. 40, 7, 20, 90, 30, 80, 10.


7 + 1 = 8
90 - 10 = 80
20 + 10 = 30
10 – 4 = (бір мысал шығарылмады) 40 + 10 = 50
Есеп
30 – 10 = 20 (т)
Жауабы: 20 теңге.

III. 40, 60, 7, 20, 90, 30, 80, 10.


7 + 1 = 8
80 + 10 = 90
20 – 10 =
10 – 4 = 6
40 + 10 = 50

Есеп
Д. – 50 т


Қ. – ? т 20 т қымбат
50 + 20 = 70 (т)
Жауабы: 70 теңге.

IV. 40, 60, 7, 20, 90, 30, 80, 10.


7 + 1 = 8
90 – 10 = 80
20 + 10 = 30
10 – 4 = 6
40 + 10 = 50

Есеп
Д. – 50 т


Қ. – ? т 20 т қымбат
50 – 20 = 30 (т)
Жауабы: 30 теңге.

О қ у ш ы л а р д ы ң ж ұ м ы с т а р ы н т е к с е р і п б а ғ а л а у


Тексеру және бағалау, төменгі сынып оқушыларының сабаққа қызығуын,
білім алуға құштарлығын арттырып, оқу жұмысындағы ұйымшылдыққа, достық
қарым-қатынастарға тәрбиелейді. Сондықтан, оқыту процесінде тексеру мен бағалаудың
маңызы зор.
Тексеру – білімді берік игеруге, пысықтауға, өтілген материалдарды ұмытып қалмауға тәрбиелейді және әрбір оқушының білімін, білігін, дағдысын анықтауға толық мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет