Тақырыбы: 4 сыныптағы оқыту нәтижелерін тексеру.
Оқушылар төмендегідей қажетті іскерлікті, біліктілік және дағдыларды и г е р у л е р і тиіс:
миллион көлеміндегі сандарды оқуды, жазуды, қосып және азайтуды, алынған нәтижелерді тексеруді;
көп таңбалы сандарды бір және екі таңбалы сандарға жазбаша көбейтіп және бөлуді, алынған нәтижелерді тексеруді;
әріпті өрнектің сан мәнін, оның құрамына енетін әріптердің берілген мәндері бойынша табуды;
2-3 амалмен (қосу, азайту, көбейту және бөлу) шығарылатын есептерді шығаруды;
шамалардың (ұзындық, аудан, масса, сиымдылық, жылдамдық, баға, көлем, уақыт) өлшеу бірліктерінің кестесін білуі және осы білімді өлшеу жұмыстарында, мазмұнды есептер шығарғанда қолдануды;
тік төртбұрыштың табанының периметрі мен ауданын және көлемін табуды.
Практикалық сабақты ұйымдастыру
Практикалық сабаққа дайындалу кезінде әр студент төмендегідей мәселелерді жетік білуі керек:
Практикалық сабақ өтілетін сыныптың оқу бағдарламасы мен оқулықтарының мазмұнын;
оқу жылының соңында әр сынып оқушыларынан талап етілетін білім, білік, дағдыларды;
бастауыш сыныптардағы математикадан қойылатын бағалардың мөлшерін; қажетті әдебиеттерді.
Алдын-ала (Практикалық сабаққа дейін) студенттерге әр сыныптағы оқытудың нәтижелерін тексеретін дәрістарды бөліп беріп, мына мәселелерге көңіл бөлулерін ескерту:
тексеру жұмысының мақсатына және оның мазмұнына (олардың оқушыларға ұсынатын тапсырмаларына);
тапсырмаларды қандай мақсатпен дайындағандарының түсініктемесіне;
жүргізу тәсілдеріне (электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны пайдалану, ауызша, математикалық тест, диктант, бақылау жұмысы) және ұйымдастыру түрлеріне (жекелеген, топтағы және бүкіл сыныптағы оқушылардың білімдерін тексеру);
оқушылардың, тексеру жұмыстарын орындау барысында жіберулері мүмкін қателерге;
осы қателерді түзету үшін жүргізілетін жұмыстарға.
Студенттер, Практикалық сабақты Практикалық жұмыстарды орындауға ұсынылған үлгілерді басшылыққа алып өткізеді.
Практикалық жұмыстарды орындау үлгілері Үлгі - 1. Бақылау жұмысы. 1 - сынып
Достарыңызбен бөлісу: |