XIV—XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы монғол дәстүрлерінің әсері
Көшпелі қоғам өзінің әдет заңымен өмір сүрді. Орта ғасырлардағы мемлекеттердің әскери сипаты тұрақты және қажет жағдайда хан жарлығымен жасақталатын әскердің болғандығын дәлелдейді. Мемлекеттің қаржы көзі — қазынасының болғандығына оны толтырудың жолдары туралы көптеген деректер нақты мысал бола алады.
Бағындырылған елдердің көшпелі және жартылай көшпелі халқы Шыңғыс ұрпақтары ұлысының құрамына енді. Әкімшілік-әскери тұрғыдан жаңа жүйе орнықты (ондық — жүздік — мыңдық — түмен). Оларда сатылы бағыныштылық жүйесі қалыптасты. Оларды көшпелі түркі-монғол шонжарлары басқарды. Әкімшілік басқару жүйесіндеайырмашылық осы ғана болды. Ұлыстар неғұрлым ұсақ үлес-иеліктерге бөлшектенген әдеттегі көшпелі мемлекеттер еді. Алтын Орда мемлекеттік құрылымы тек аса күшті билеуші тұсында ғана өмір сүре алатын ұлыстық, ұйым болды. Сондықтан XIII ғасырда монғол хандары күшпен біріктірген ірі ұлыстар бірте-бірте жеке бөлшектерге ыдырады. Әр түрлі табыс көздері оларды экономикалық жағынан қуатты дербес хандық құруға итермеледі.