XIV—XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы монғол дәстүрлерінің әсері
Жоғарыда айтылған мәселелер Сырдария қалалары үшін болған ұзақ күрестің уәжін түсінуге көмектесері хақ. Үлестік басқару орталық биліктің ектемдігіне шек қойғанымен, оның өлсіз жағы — ұлыстардың (үлестердің) оқшаулануына, әулеттік күрестерге, өзара алауыздықтарға тосқауыл қоя алмады.
Ұлыстардағы мемлекеттік басқару ауқатты ақсүйектердің қолында болып, билеуші топтың қолында әскери-саяси билік және әкімшілік биліктер қоса шоғырланды.Тайпалық бірлестік билеушілері ханға бағынышты тәуелділікті сақтады. Хан бағыныштылары ретінде соғыс бола қалған жағдайда ханға жасақ шығаруға және алым-салық төлеуге міндетті болды.