Тобының білім алушысы Ислямова Н. К


М.Жұмабаев педагогикасы және ұлттық тәлім-тәрбие



бет10/13
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#81103
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Надира док

2.2 М.Жұмабаев педагогикасы және ұлттық тәлім-тәрбие

Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əлуетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.


Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдар да сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді. [1, 125]
Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит — балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді».
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель,Тертуллиана еңбектерінде жарияланған.
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық практикада төңкеріс жасады.К. Д Ушинскийдің есімі шын мәнінде XIXғ екінші жартысындағы орыстың оқу-ағарту қайраткерлерінің ең алдыңғы тобында саналады. Оның «Балалар әлемі», «Ана тілі», «Педагогикалық антропология» атты тамаша еңбектері, балалар мен мұғалімдерге арналған басқа да кітаптары орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, бұл еңбектер педагогика ғылымына алтын қор ретінде қосылды және дүние жүзіне әйгілі де болды.Ұлы педагог өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне және балалар тәрбиесіне арнады.
«Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру –менің өмірімнің бірден-бір мақсаты», -деп жазды К.Д.Ушинский. Оның өмір жолының бүкіл мәнісі осы сөздерінде еді. [1, 158]
Адам баласымен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функциясының бірі – тәрбие болып табылады. Әр түрлі тарихи-экономикалық формацияда, әр елде тәрбиенің мақсаты мен міндеттері сол елдің нақты талаптарына сай кейбір өзгеріске ұшырағанымен тәрбиенің негізгі мақсаты – жас ұрпақты өмірге дайындау, оған өз халқының ғасырлар бойы жасап, қалыптастырған әлеуметтік тәжірибелерін үйрету негізінен сақталып келеді.
Олай болса тәрбие – мәңгілік категория. Соған қарамастан «Педагогикадағы» қиын, күрлелі мәселелердің бірі тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады.
Қазақ халқында да осындай оқу-ағарту ісіне мейілінше еңбек еткен ұлы тұлғалар болды. Солардың бірі де бірегейі алаш арыстарының бірі, өзі өмір сүрген дәуірдің бір туар азаматы, халқының патриоты атанған Мағжан ақын зерттеп, этнопедагогиканың негізін салды.
Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының мақсаты: 1.Ақыл тәрбиесі, 2. Құлық тәрбиесі, 3. Сұлулық тәрбиесі, 4. Дене тәрбиесі.



Сызба 6. М. Жұмабаевтың тәрбиені бөлуі


Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды (1930) онша актуальды мәселе болмаса керек.Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…”– деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi.


Автор осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адамболсындегената-ана осы төрттәрбиенiдұрысорындасын…” Баланы келешекзаманыналайыққылыпшығару” – деуарқылыМ.Жұмабаевтәрбиемақсатынайқындапбередi. Автордыңтуғанхалқыныңтәлiм-тәрбиелiк бай мұрасынигеружөнiндегiбағыт-бағдары да құптарлық. “Ұлттәрбиесi – депжаздыол, – баяғыданберiсыналыпкележатқантақтақжолболғандықтан, әрбiртәрбиешiсөзжоқ, ұлттәрбиесiментанысболуғатиiс.Сол ұлт тәрбиесiмен тәрбие қылуға мiндеттi”.
Әдіскер ғалым аталмыш еңбегінде жаттығулар мен дағдылар жүйесін ІV сыныпқа топтай отырып төмендегіше ұсынады:
І-сынып: а) жандағы әсерді қысылмай сөзбен жарыққа шығару;
ә) аздап жаттаған өлең мысалдарды дұрыс, ашық айту – оқи білу;
б) қысқа да болса, дұрыс сөйлеу;
в) оқуға жаттығу;
г) өзі салған суреттердің астына өзінің атын жаза білу;
ғ) тақтадан, кітаптан көшіру;
д) күн аттарын жазу һәм барлық балалардың аттарын тізе білу;
е) ұғынған әңгімелерін һәм басынан кешкен оқиғаларды мұғалімнің жетекші сұрауларының жәрдемімен қайта ауызекі айтып бере алу;
ж) ертегілерді, әңгімелерді сахнаға айналдыра білу.
ІІ-сынып:
а) естігені я көргені туралы толығырақ әңгіме айту;
ә) есіткен, көрген, оқығанын сахнаға айналдыру;
б) біреумен дұрыс, толық сөйлесе білу;
в) сурет бойынша әңгіме ете білу;
г) бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші ойдан шығарып айту;
ғ) әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу;
д) даяр әңгімені өз жанынан толықтыра білу;
е) баспадан, жазбадан қысқа мақалаларды көшіріп жаза білу;
ж) күнделік тізу;
з) оқуға ұстарту.
ІІІ-сынып:
а) бастан кешкен оқиғалар бойынша ойдан әңгіме шығарып тәжірибе жасау;
ә) балалар жиылысында пікірін дәлелдеп толық қылып сөйлей білу;
б) әдебиет әсеріне шамасынша түрлі жақтан баға бере білу;
в)күнделікті календарды тізе білу;
г) балалардың өз әсерлерінен альбом тізу, журнал шығару;
ғ) жиылыстар, экскурсиялар сықылды оқиғалардан жазбаша есеп бере білу.
ІV- сынып:
а) белгілі бір пікірдің жобасымен толық дұрыс сөйлеу һәм жазу;
ә) әдебиет әсерлерін кестелі, кестесіз, өлшеулі, өлшеусіз, сурет, жай әңгіме сипаттарына қарай сөйлей білу;
б) әдебиет әсірінен алынатын сұлулық сезімін декламациямен тереңдету;
в) оқығанды суретке салу, әдебиет әсерінен сахнаға айналдыру;
г) жазбаша баяндама һәм есептен шығып жиылыстарды сөз сөйлеу;
ғ) журналды тереңдету;
д) спектакльге қатысу;
е) мектепті оқу үйін басқаруға жәрдем қылу.
Мектептің міндеті – бір жақтан, хат таныту болса, екінші жақтан, баланы дұрыс сөйлеуге үйрету.


Сызба 7. Төрт сыныпты бастауыш мектептегі ана тілінің бағыттары


Мағжан сонымен бiрге ұлт тәрбиесiне сын көзiмен қарап, тозығынан озығын айыра бiлуге шақырады. “Киiз үйдiң зиянды жағы болғаны сияқты, – деп жазды ол, – пайдалы жағы да бар. Әңгiме сол киiз үйдiң iшiнде баланы ұстай бiлуде. Шын таза ауа сол киiз үйде болмағанда қайда болады? Ал балаға таза ауа аса қажет… Малмен бiрге жүрiп, бiрге өскен қазақ баласын аса нәзiк қылып, үлбiретiп тәрбие қылмағаны дұрыс болмас… Қазақ баласының тәрбиесi қазақ тұрмысына қабысуы мақұл” дегендi айтады. 


Яғни баланы жастайынан шыңдау, өмiрге үйрету қажет дегендi айтады. 
Автор “Қазақ бесiгi – аса ұқыптылықпен жасалған нәрсе. Жөргегi, тартпалары, астындағы тесiгi, шүмегi, түбегiмен баланың таза, жинақы жатуына көп себепшi” дей келе, қазақ бесiгiнiң құрылымын жетiлдiрудi (қол, аяқ бауларды жалпақ жасамау және қатты тартып байламау) ұсынады. 
Қорытындылай келгенде мына рухани азғындаған заманда Алашордашылардың, оның ішінде Мағжан Жұмабаев еңбектері ұлт тәрбиесін қалыптастыруда бірден бір көмекші құрал болары сөзсіз.
Ұлы М.Жұмабаевтың еңбектеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары біз үшін өте құнды дүниелер болып табылады.
Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-бағдары да құптарлық. “Ұлт тәрбиесi – деп жазды ол, – баяғыдан берi сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесi мен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесi мен тәрбие қылуға мiндеттi” деген.
Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы мен байланыстыра қарастырып, қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда зерделеп, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне қажетті құнды дүниелер қалдырып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет