Тобының білім алушысы Ислямова Н. К



бет12/13
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#81103
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Надира док

Қорытынды


Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен.
Жарты ғасырдан аса оның есімін де,шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан. Мағжан төрт жасында мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді. Оқуға зерек, білімге, білмекке ынталы Мағжанды әкесі Қызылжардағы медресеге оқуға түсіреді.Мұнда ол шығыс тілдерін үйренеді, сол тілдердегі әдебиеттерге ден қояды.Тап осы кездерде ақындық талантының бүрі де ашылады.
Мағжан сол кездерде Абайдың 1909 жылы Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды. Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы «Ғалия» медресесінде жалғастырады. Медреседе дәріс оқушылар ішінде татардың классик жазушысы Ғалымжан Ибрагимов бар еді.Бұл медреседе сол жылдары бірталай қазақ жастары да оқыған, солардың арасында халқымыздың біртуар жазушысы Бейімбет Майлин де болған. Мағжан өлеңдерінің тұңғыш рет Қазанда Кәрімовтар баспаханасынан басылып шығуына қол ұшын берген – ұстазы Ғалымжан Ибрагимов. Шәкіртінің алғырлығын да, зеректігін де таныған ол Мағжанның білімін әрі қарай жалғастыруына да ақыл-кеңес береді.Мағжан орыс һәм Еуропа мәдениетінен сусындамақ болып, Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі. Осы оқу орнында ол Сәкен Сейфуллинмен алғаш танысады.Мағжан семинарияны алтын медальмен бітіреді. Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген.Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған. Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып отырады. Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған.Мағжан – лирик ақын, сыршыл ақын.
Мағжанның педагогика саласындағы өрісінің биіктігі, білімінің тереідігі тәрбиені жан иесінек тиісті азық беру деп түсінгендігінде. Ол тірбиені төрт тұрге бөледі: 1. Дене тәрбиесі; 2. Ақыл тәрбиесі; 3. Сұлулық тәрбиесі; 4. Құқық тәрбиесі; Осы тәрбиелердің бәрін дұрыс алуы тәрбиешіден, дейді ақын. 
“Бала істеген жауыздықтың жазасын, тәрбиеші көтерсін” деген Иран елінің мәтелі “шын, дұрыс” дейді. 
Оның «Педагогика» кітабының осы заманғы құндылығы. «Педагогика» кітабында тәрбиешінің өзіне қолай»лы жолы тәрбиеленушіге қолайлы болмауы мүмкін. “Баламды өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма, деп үйрет” деген Әзрет Әлінің сөзінде көп шындық бар, дейді.
М. Жұмабаев “ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы көп болғаны сықылды, жамандық жағы да көп. Қысқасы, ұлт тәрбиесі қанша кадірлі болғанымен, адастырмайтын дұрыс жол деуге бола бермейді” дейді.
«Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару» керек деп армандаған.
Адам баласымен бірге жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан қоғамның қажетті және тұрақты функциясының бірі – тәрбие болып табылады. Әр түрлі тарихи-экономикалық формацияда, әр елде тәрбиенің мақсаты мен міндеттері сол елдің нақты талаптарына сай кейбір өзгеріске ұшырағанымен тәрбиенің негізгі мақсаты – жас ұрпақты өмірге дайындау, оған өз халқының ғасырлар бойы жасап, қалыптастырған әлеуметтік тәжірибелерін үйрету негізінен сақталып келеді.
Олайболсатәрбие – мәңгілік категория. Соғанқарамастантәрбиеәрдайымтолықтырып, жаңартыпотыруды, тіптібасқахалықтардыңтәрбиеліктәжірибелерін де үйренуді, меңгерудіталапетеді.
Қорытындылай келгенде мына рухани азғындаған заманда Алашордашылардың, оның ішінде Мағжан Жұмабаев еңбектері ұлт тәрбиесін қалыптастыруда бірден бір көмекші құрал болары сөзсіз.
Ұлы М.Жұмабаевтың еңбектеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары біз үшін өте құнды дүниелер болып табылады.
Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-бағдары да құптарлық. “Ұлт тәрбиесi – деп жазды ол, – баяғыдан берi сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесi мен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесi мен тәрбие қылуға мiндеттi” деген.
Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы мен байланыстыра қарастырып, қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда зерделеп, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне қажетті құнды дүниелер қалдырып кеткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет