«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».
Әл-Фараби
Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.
Педагогикалық іс- өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді.
Бүгінгі мектептің басты міндеті- өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.
ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр.
Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. «Жаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».
Мағжан ой-қиялдың өрiстеудегi тiлдiң рөлiне тоқтала келе “Бiр ұлттың тiлiнде сол ұлттың жерi, тарихы, тұрмысы, мiнезi көрiнiп тұрады… Ұлттың тiлiнiң кеми бастауы – ұлттың құри бастауы… дегендi айтады.
Қорыта келе айтарымыз, Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы мен байланыстыра қарастырады. Сөйтiп, ол қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда қарастырып, тұңғыш этнопедагогика ғылымының теориясын жасаушы болды.
М.Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер болды. Сонымен бірге оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан, Мағжан 1922 жылы «Пелагогика» атты ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазақ зиялылардың бірі – белгілі ғалым – педагог, публицист М. Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазыпты: «заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып», одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрынғы жазғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал…». Өз кітабы жөнінде автор былай дейді: «Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттық мұғалімдер курсында оқытылған дәрістерден түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады». Біз бұдан кітаптың басылуы оған оңай болмағанын, көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің сынынан өткен еңбек екенін байқаймыз.
М.Жұмабаев тағы да былай дейді: «Тәрбие ғалымдары-ның пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге таңдап тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда, курстардарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орысшадан қазақшаға айналдырылды. Ал енді жаһан тілі болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым». Автор өз еңбегін төрт аяғын тең басқан дүние демейді. Сөйтіп тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені хақ.
Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі сұлулық пен әдеп құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…» баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару», – деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. «ұлт тәрбиесі,- деп жазды ол,- баяғыда сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». М.Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттігін ескертеді. «талай нашар, зиянды әдеттер әрбәр ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр», -дейкеліп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.
Мағжанның көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім-тәрбиеге байланысты көзқарасында ұлттық бояу ерекше байқалады. «Киіз үйдің зиянды жағы болғаны сияқты, – деп жазды ол, – пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің ішінде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда қайда болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып, құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді. … қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл». Оның ойлары адамның табиғатпен кіндіктестігін ескере келіп, оқу-тәрбие жұмысының жаратылыспен астарластығын меңзейді. Табиғат – анадан алшақтап, оған немқұрайды салқындықпен сырт айналудың зардабын ұрпақ көріп отырғаны белгілі.
Мағжан өз еңбегінде психология пәніне өте кең орын беріп, оны барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында өз білімдарлығын байқатады. Оның жан қуаттары жайындағы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен бұрынғы және өз заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологиялық бояу, нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық.
Әрине, М. Жұмабаев сөз етіп отырған психология ғылымының мәселелері 20-жылдар деңгейінде, әсіресе, оның терминдерінің өзі еуропа, орыс тілдерінде де белгілі бір жүйеге түсіп, топтаса қоймаған кезінде төл тілімізде ғылыми жағынан сөз болған. Сондықтан да бұл еңбекке қазіргі күн тұрғысынан қарап баға беру әділдік болмас еді. Ал, бұл еңбек қазақтың ұлттық ғылыми терминдерінің ілкі бастауы төрінен орын алатыны даусыз.
М. Жұмабаев орыс педагогикасының білгір классигі К.Д.Ушинскийше, педагогиканы жан сырының заңдылығын зерттейтін психология ғылымымен байланыстыра қарастырған тұңғыш қазақ ойшылы.
М. Жұмабаевтың – осы кітабындағы педагогикалықой-түйіндерінің негізгі арқауы «… адам баласын, әсіресе, жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек… Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең… Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ата-анақаталболса, бала да қатал, ата-анажұмсақболса, бала да жұмсақ… Сондықтанбаланыңмаңындағыадамдұрысмінездіболуыкерек… Адамныңөзін – өзітексеруіоныңжантұрмысыныңөркендеуіне, түзужолғатүсуінеқажеттібіріншішарт…» дегенсияқтыұлағаттыойларкөптепкездеседі.
Оның қазақ мектептерінеоқуқұралдарынқандайетіпжазукеректігі, сондай-ақ, «Бастауышмектептеанатіліноқытужолы», «Сауатты бол», «Әліппе»,т.б. газет журналдардажарияланғанғылыми -әдістемелікмақалаларыөзалдынаәңгімеетудіқажетететінтақырып.
Педагог–зерттеуші Алма Қыраубаева: «Болашақ мұғалімдерді қазақ баласының жан-дүниесі мүлде ескерілмеген орысша оқулықтардың аудармасымен оқытпай, Мағжан «Педагогикасындағы» ойлармен нәрлендіретін кез келді. Мағжан педагогикасы – аса сезімтал, саясаттан тыс, бала жүрегін жараламайтын адамгершілікті педагогика «,-деп жазды.
Халық педагогикасы мәселелерімен өмір бойы айналысып клген М.Әлімбаев бір еңбегінде: «оқулық-тұтас ұлттың игілігі, бүкіл халықтың кітабы. Халық кітабы халықтың өзіндей парасатты, өнегелі, қадірлі болуы тиіс»,-деп жазған еді. Мағжан педагогикасы осы талапқа толығымен жауап береді.
Қазақстан бүгіндері демократиясы дамыған, өркениетті елдер қатарынанбағыт ұстап тұр. Еліміздің Президенті ұсынған Жолдауында «Еліміздің болашағы – жастар, бүгінгі мектеп оқушылары. Бұгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымызға шынайы патриоттарын, мәдениетті, білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті адал азаматтарын тәрбиелеп шығару – қоғамның басты парызы.
Мағжан педагогикасы қазіргі заман білім беруінің кілті, негізі.
Жаңа ғасыр мектебін қалыптастыру үлкен ойлылықпен, іскерлікпен шешілетін мәселе. Тәуелсіз ел мектебін құруда Мағжанның тәрбиелік идеяларын қолданғанымыз жөн».