Тобының білім алушысы Ислямова Н. К


ІІ-Тарау. М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы



бет9/13
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#81103
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Надира док

ІІ-Тарау. М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы


2.1 М. Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы, оның қазақ педагогикасының негізін қалауға қосқан тың еңбегі

Мағжан Жұмабаев әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым. Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiн жазумен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады. М.Жұмабаев орыс, батыс педагог-психолог ғалымдар еңбектерiн оқи отырып, сонымен бiрге тәрбиенiң ұлттық ерекшелiктерiн ескере өзiнiң “Педагогика” атты оқулығын жазудағы ұстанымын былайша сипаттайды: “Тәрбие ғалымдарының пiкiрлерiн (орыс, батыс ғалымдарын айтып отыр – С.Қ.) таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бiзде бұрын пән тiлi болмағандықтан түрлi терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тидi. Қалайда курстарда оқыған мұғалiмдердiң жәрдемiмен таза орыс сөздерi қазақшаға айналдырылды. Ал ендi жиһан тiлi (интернацианалдық терминдер – С.Қ.) болып кеткен сөздерi қазақшаға аударам деп азаптануды тиiс таппадым”.


Шынында да ол кезде қазақша педагогикалық терминдар жоқтың қасы едi. М.Жұмабаев жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген.
М.Жұмабаев туралы айтқанда ең алдымен біз оның ақындығына тоқталамыз. Әлі күнге толық зерттелмей, өз бағасын алып, қоғамымыздан ойып орнын ала алмай отырған ақын таланытының бір қыры-педагогика саласындағы еңбектері. «Педагогика» еңбегі 1922 жылы Қызылжар қаласынан басылып шығады. Ол Педагогика және психология деген екі бөлімнен тұрады.
Мағжанның жоғарыда аталғандай «Педагогика» атты ғылыми еңбегі барын жақсы білеміз. Бұл еңбектің алғаш басылымы 1922 жылы 15 қырқүйегінде жарық көрген. Мағжанның бұл кітабы он бес бөлімнен тұрады. Мағжан өзінің осы педагогикасын 14 ірі бөлімнен құрып, әр бөлімінде педагогика ғылымын жан-жақты саралап, болашақ ұрпақ тәрбиесін беруде таптырмас көмекші құрал етіп қалдырған. [2 , 149]
Оқу құралының бiрiншi бөлiмiнде педагогиканың жалпы мәселесiне арналған. Оның пiкiрiнше тәрбие саласы төртке бөлiнедi. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi. Тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Автордың төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды (1930) онша актуальды мәселе болмаса керек.

Сызба 5. М. Жұмабаевтың «Педагогика» кітабыныңбөлімдері


Мағжанның “Педагогикасы” он төрт тараудан тұрады. Соның он тарауы ұлттық психологияны сөзетедi. Олжан көрiнiстерiн ол “бiлу, яки ақыл, сезiм яки көңiл, һәм қайрат деп үшке бөлiп қарастырады. Олардың өзара табиғи үйлесiмiн Абай тұжырымымен байланыстырып, Абайдың “Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста, сонда адам боласың елден ерек” – деуi ақыл (ми) мен ерiк, жiгердi байланыстыру деп қарайды.


Ол сыртқы сезiмдердi: көру, есту, иiскеу, тату, сипау (етсезiмi) деп беске бөлiпқарастырып, олардың атқаратын қызметiне, ерекшелiктерiне сипаттама бередi. Оларды дұрыс жетiлдiрудiң жолдарын көрсетедi. Бұларды жетiлдiруде ұлттық дәстүрге сүйене отырып жүргiзудi, мәселен құлынның кiсiнеуiн, қойдың маңырауын, түйенiң боздауын ажырата бiлу арқылы тәрбиелеудi ұсынады. М.Жұмабаев: “Адамның әдемiлiктi сүю сезiмiн тереңдететiн де осы есту сезiмi”, – дей келiп өз пiкiрiн гректiң Орфейi, қазақтың Қорқыт күйлерi туралы ойларымен тиянақтайды.М.Жұмабаев адам өмiрiндегi қиялдың (фантазияның) рөлiне тоқтала келiп “Қиялы дамымаған адам мылқау адам… Қиял адам ойын дамытады… Ол үшiн балаларға жастайынан қиял-ғажайып ертегiлер айтқызып үйрету керек” дейдi.
Педагогика пәнін М.Жұмабаев 5-ке бөледі: 1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді. 2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді. 3. Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту жолдарын көрстеді. Мысалы, мектепте қазақ тілі пәнін қалай оқыту керек екендігін үйрететін пән — қазақ тілінің методикасы деп аталады. 4. Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек. Міне осылар сықылды мектеп құрлысы жолдарын көрсетеді. 5. Педогогика тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педогогика тарихы осыларды баяндайды. [2, 187]
М.Жұмабаев – әдіскер. Мысалы, «Ішкі сезімдердің біреуі-іш пысуяки зерігу» деген бөлімде былай дейді: «Мұғалім бір сөзді ұзыннан-ұзақ соза берсе, шәкірттің іші пысады, мұғалім үсті-үстіне төпеп, түрлі білімді, түрлі сөз айта берсе, бала мезі болып, іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімінің бәрін блаға тез білдіруде емес, басқыштап білдіруде. Сабақ оқытуда мұғалім өзі жинақы, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол баланың назарын өзіне қарата алады. Сабақ үстінде баланың ойнауы, тыныш отырмауы, бір-бірімен сөйлесулері мұғалімнің жинақы, жігерлі бола алмауынан»,-деген пікірі оның үлкен әдіскерлігінің дәлелі болса керек.
«Сұлулық сезімдері» деген бөлімде педагог адам тек қана сырт сұлулығымен ғана емес, ішкі сұлулығымен ұнамды, сүйкімді болуы керек»,-дейді. Осы орайда ән-музыка, сурет, поэзияның орны ерекше екенін айтады.
«Тәрбиешінің міндеті – бала исскуствоның қай түріне ынтасы бар екенін тауып, сол сезімдерін өркендету»,-дейді де, оған жетудің жолдарын көрсетеді. Мұғалім егерде сұлулықты сүймесе, оның жүрегі сұлу болмаса, сұлулықты жан-тәнімен түсінбесе, педагогика саласындағы сұлулық туралы сыр шертпес еді.
Ол өзінің мәдениет, сұлулық, ізгілік туралы ойларын «Құлық сезімдері деген» бөлімде одан әрі дамыта түседі. Ол қазақ халқына басқа халықтардың жақсысын үйреніп, сөйтіп көтеріл» дейді. «Басқа халықты, жалпы адамзатты сүй « деп өсиет айтады. «Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін» дейді. Бұл сөзді Мағжан өзі үшін айтқан сияқты.
«Педагогика» кітабының соңғы бөлімі «Баланың жалпы жаратылысына» арналады.Бұл бөлім бүкіл кітаптың қорытынды бөлімі іспетті. Бала тәрбиесінің оңай емес екендігі, оған екінің бірі бара бермейтіні, екінің бірі нағыз ұстаз, нағыз тәрбиеші бола алмайтынын жазады. «тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстық тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару, баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай,шаршамай үйрете білу керек»,- дейді азамат, ақын, педагог.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет